
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 50
.docСҰРАҚ №50
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз алдырған.
Абай
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) – ағартушы-педагог, қоғам қайраткері, ғалым этнограф, жазушы.
-
1844 жылы – әкесі қайтыс болып, атасы Балғожа биден тәрбие алған.
-
1857 жылы – Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебін (1850 жылы түскен) алтын медальмен бітірді.
-
1857 жылы Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының өкілі В.В.Григорьевпен жақын танысп, кітапханасын пайдаланды.
-
1857 жылы – атасы Балғожа бидің хатшысы-тілмашы болды
-
1864 жылы 8 қаңтар – Ыбырайдың басшылығымен Торғайда қазақ балаларына арналған мектеп ашты. Жаңа мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде Ыбырайдың педогогикалық көзқарасытары қалыптасты. 1867-1868 жылдардағы реформалардағы отаршылдық өзгерістерді алғашқыда пайдалы іс деп қарап, кейін патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатын әшкереледі.
-
1879 жылы – Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалды.
-
1887 жылы – Ырғызда қыздарға арналған мектеп-интернат ұйымдастырды.
-
1890-1896 жылдар – орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, останайда, Ақтөбеде ашылып, барлығы 211 қыз, соның 70-і қазақ қызы оқыған.
Ол педагог-ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармковскийдің және ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың педогогикалық мұрасын пайдаланып, екі оқу құралын жазды: "Қырғыз хрестматиясы", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне басшылық".
Қазақ халқының әдет-ғұрпын жинақтай отырып, шығармаларында әдепсіздікті сынады. Отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. "Қығшақ Сейітқұл", «Талаптың пайдасы», «Байлық неде?» шығармаларында жаңа өмірді, шаруашылықтағы өзгерістерді суреттейді.