Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
114.18 Кб
Скачать

СҰРАҚ №60

Қазақстандағы Кеңес үкіметінің алғашқы қадамдары.

Кеңес үкіметі орнауымен бір мезгілде экономика мен мәдениетті қайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіпорындарында (Спасск зауытында, Қарағанды шахталарында, Успенск руднигінде, Ембі мұнай кәсіпшіліктерінде) бақылау енгізілді, кейбір өнеркәсіп орындары мен банктер мемлекет меншігіне айналдырылды. Жер туралы Декретті іске асыру шаралары байқалды. Шығыс Қазақстанда үш коммуна: "Дихан", коммунистердің бірінші Ресейлік қоғамы, "Дихан" коммунистердің екінші Ресейлік қоғамы, "Солнечная" коммунасы ұйымдастырылды.

Ұлттық проблемалар, ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері талқылана бастады. Кеңес өкіметі ұлт саясатының негізгі ғринциғтері екі құжатта - Ресей халықтары құқықтарының Декларациясы (1917 ж. 2 қараша) және "Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне" үндевінде (1917 ж. 20 қараша) жарияланған болатын.

Кеңестердің Үшінші Бүкілресейлік съезі қабылдаған (1918 ж. қаңтар) Ленин жазған "Еңбекшілер мен қанаушы халықтар құқықтарының Декларациясында" Коммунистік партияның кеңес республикаларын мемлекеттік құру формасы ретінде кеңестік федерацияны ұстанған ғозициясы өзінің нақты көрінісін тағты.

РКФСР құрылғаннан кейін ізінше елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға әзірлік жөніндегі жұмыстар басталды.

Большевиктік ұйымдар, Қазақстан мен Түркістан Кеңестері өздерінің бүкілқазақтық және бүкілтүркістандық съездерін шақыруға әзірлене бастады. Бұл жұмыстарды өлкеде Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күрес болумен бірге, кеңестік мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі де болды девге болатын. Мұнымен қазан төңкерісін және Қазақ мемлекеттілігін кеңестік негізде құру идеясын қабылдамаған "Алаш" партиясы мен оның көсемдері келісе алмады.

Соседние файлы в папке билет тарих