
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 48
.docСҰРАҚ №48
хІх ғасырдың 2 жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
Ресейде аграрлық мәселенің шешілмеві, қазақ даласына қоныс аудару саясатының жоспарлы түрде жүргізілуі өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайына өзгерістер енгізді. Бұрынғы жағдай көшпелі шаруашылықтардың орнына енді отырықшылықты - мал шаруашылыпы және отырықшылықты - егіншілік сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды.
Қауымдық жерлерді тартып алу, күнкөріс жерден айырылу қазақ қоғамының әлеуметтік бөлшектелуін де туғызды. Кедейленген қазақтардың қала және село пролетариаты - жатақтарға айналуы өсе түсті.
Аталған кезеңде Қазақстанда өнеркәсіп өндірістері, түрлі кәсіпшіліктер ашылып, олардың дамуы жеделдеді. Мысалы: ауылшаруашылық шикізаттарын өңдейтін - май шайқайтын, былғары шығаратын, ұн тартатын және т.б.
Шымкент сантонин зауыты (1822ж.) химия өнеркәсібінің бастамасы болды.
Сондай-ақ оңтүстік аудандарда, Шымкент пен Түркістанда мақта тазалайтын бірнеше зауыттар, ал Верный қаласында темекі шығаратын екі кәсіпорын жұмыс істеді.
Арал теңізінде, Павлодар уезіндегі Қарабас көлінде тұз-кен орындары ашылды. Әсіресе ғасыр басында оның маңызы күшейді. Тұз жергілікті мұқтаж үшін де, сол сияқты шетке шығару үшін де өндірілді. Олардың неғұрлым ірісі ішкі Ордадағы 5 мың қазақ жұмыс істеген Басқұншақ, Павлодар уезіндегі Коряковск кәсіпшіліктері болды.
Жайық, Ембі, Ертіс өзендері, Арал мен Каспий теңіздері аймақтарында балық кәсіпшілігі дамыды.
Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Спасск мыс қорыту зауыты, Успенск руднигі, Қарағанды көмір кені, Екібастұз және Риддер кәсіпорындары шетел өнеркәсіпшілерінің де (АҚШ, Германия, Бельгия, Шуеция) назарын аударып, өлке байлығы талан-таражға түсті.
ХХ ғасырдың басында алтын шығару, көмір өндіру (екібастұзда, Қарағандыда), мұнай (Батыс Қазақстанда, Орал-Ембі аймағында) шығару арта түсті.
Ресей капитализмінің кеңейе дамығ, оның ұлттық шет аймақтарға жылжуы Қазақстанда банк филиалдары мен кредит (несие) мекемелерінің құрылуына әкелді. Мемлекеттік банктің өлкедегі бөлімдері сауда-өнеркәсіптік орталықтар - Оралда (1876 ж.), Петропавлда (1881 ж.), Семейде (1887 ж.), Омскіде (1895 ж.), Верныйда (1912 ж.) ашылды. Өлке территориясындағы филиалдарының саны жөнінен екінші орынды сауда айналымын несиелендіруге көп қаржы салған Орыс сауда-өнеркәсіптік банкі алды.
Сауда-саттық, алыс-беріс күшейді. Саудаға түсетін товар негізінен мал болды. Әр жазда Сарысу уезі арқылы Ресей орталыпына Ақмола, Қарқаралы және Сарысу уездерінен 60 мыңға дейін мүйізді ірі қара мал, 200 мыңға дейін қой айдап әкелінді. Сыртқа шығарылатын астық көлемі де артты. Орал, Орынбор, Семей қалалары астықпен сауда жасаудың ірі орталықтарына айналды.
ХІХ ғ. ІІ ж. мен ХХ ғ. басында сауда-саттықтың жаңа -жәрмеңкелік түрі шықты. Қарқаралы уезіндегі Қоянды, Петропавл уезіндегі Тайыншакөл, Ақмола уезіндегі Константиновск, Атбасар уезіндегі Перовск, Верный уезіндегі Қарқара жәрмеңкелері неғұрлым ірі жәрмеңкелер саналды.
ХХ ғ. басында қала халқының саны өсе түсті. Орал (47,5 мың адам), Петропавл мен Верный (43,2 мыңнан), Семей (34,4 мың) ірі қалалар саналды.
Қазақстанның капиталистік өнеркәсіптің шикізат көздері мен оны сыртқа шығару аймағына айналуында темір жолдың маңызы зор болды. Өлкеде Орынбор-Ташкент, Троицк, Алтай және Жетісу темір жолдарын салу өрістетілді. 1917 жылға дейін Қазақстанда барлығы 2793 шақырым жол төселді.
Су жолдары да (Семей облысында) ғайдаланылды. Ертіс арқылы жүктерді "Пароход шаруашылығы мен сауданың Батыс-Сібір серіктестігінің" пароход компаниялары және басқалар тасыды.
Өнеркәсіптің дамуы, темір жолдардың салынуы, су жолының кеңінен пайдаланылуы Қазақстанда жұмысшы кадрлары қалыптасуына да алғышарт болды.
1913 жылы өлкедегі жұмысшылар саны 75 мың адамға дейін жетті. Ал Қазан төңкерісі мен төңкеріс жүріп жатқан кезеңде Қазақстан жұмысшыларының саны 90 мыңдай болды. Фабрика-зауыт жұмысшылары болған қазақ жұмысшыларының жағдайы төмен (жұмыстың ең ауырына жіберілуі, мардымсыз жалақы, көптеген штрафтар, басқа ұлт жұмысшыларынан алалаушылық) болды. ХІХ ғ.соңы мен ХХ ғ. басында қазақ өлкесі Ресейге толығымен кіріптар болды.
Қазақстандағы темір жол салынуының басталуы. Сібір темір жолы.Сібір темір жолы Ресейдің европалық аудандарын Қиыр Шығыспен тікелей байланыстыратын торағ. 1891-1915 жылдары салынды. Батыс Сібір, Орта Сібір, Байкал, Амур, Уссурий және Шығыс Қытай болып 7 бөлікте жұмыс бірдей жүргізілді. Сібір темір жолы Челябинскіден Владиуостокқа дейін созылды (10 мың км). Батыс Сібір учаскесі (1891-1896 жж., ұзындығы 1324 км) сол кездегі Ақмола облысының Омбы және Петропавл уездерін басып өтті. 1900 жылы аяқталған Орта Сібір учаскесі Обь өзенінен Иркутскіге дейін) мен Батыс Сібір учаскесі бірігіп, Сібір темір жолы болып аталды. Солтүстік Қазақстанда магистраль арқылы Ресейдің ішкі аудандарынан ауыл шаруашылығы машиналары мен құрал-саймандар, өнеркәсіп заттары әкелінді.