
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 41
.docСҰРАҚ №41
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы (1836-1838 жж.)
Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер.
Көтерілістің себептері:
-
Ақшалай салықтың өсуі.
-
Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.
-
Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.
-
Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.
Мақсаты:
-
Хан озбырлығына шек қою.
-
Шаруалар жағдайын жақсарту.
-
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
-
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.
Көтеріліс барысы
-
1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.
-
Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.
-
1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.
-
1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .
-
1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті
-
1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.
-
1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.
-
Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .
Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:
-
Салық мөлшеріне шек қойылды.
-
Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.
-
Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.
-
Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.
-
Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Тарихи маңызы:
-
XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.
-
Отаршылдыққа қарсы бағытталды.
-
Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
Жеңілу себептері:
-
Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.
-
Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
-
Қару-жарақтың теңсіздігі.
-
Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
-
Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.