
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 74
.doc
СҰРАҚ №74
Тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары.
1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.
Тыңның арқасында Қазақстан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды. Ал әлемдік ғрактика бойынша, азық-түлік проблемасын шешу үшін 1 мың кг төңірегіндегі көрсеткіш те жеткілікті.1954-19555 жж. бүкіл елде 29,7 млн. га жер жыртылығ, оның 18 млн. га Қазақстанның үлесіне тиді.
Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді.
1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.