
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 65
.docСҰРАҚ №65
Индустрияландыруға бағыт алудағы қиыншылықтар.
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған болатын. Өнеркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 61%-на жетті.
• 1925 жылғы желтоқсан - БК(б)П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру бағыты жарияланды.
Индустрияландыру – халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, инфраструктураның дамуы, индустрияланған халықтың пайда болуы.
Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-бес-жылдығымен (1928-1932жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты:
-
Қазба байлықтарының толық зерттелмеуі.
-
Байланыс және тасымал құралдарының нашар дамуы.
-
Жұмысшы табының сан жағынан өте аз болуы. Халықтың 90%-ы шаруалар.
-
Жергілікті мамандардың жетіспеуі.
-
ЖЭС тоқтатылып, әскери коммунизм кезеңіндегі әдістердің жаңғыртылуы.
-
Халық билігінің жеке диктатурамен ауыстырылуы.
-
Әміршілдік-төрешілдік басшылық әдісінің енгізілуі.
Осы жағдайлардан өлке экономикасында ауыл шаруашылығының басымдылығы (84,4 %) сақталды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері:
-
Өлкенің техникалық - экономикалық жағынан артта қалуын жою.
-
Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру.
Социализмнің бұрмалануы Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Ф.И.Голощекиннің (1925-1933ж.ж.) келуімен күшейе түсті. Ол "қазақ аулы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан «кіші Қазан» төңкерісін жасау қажет" деген идеясын ұсынды. Оның бағыты қарсылыққа ұшырап, Сталинге хат жолдап, "Мен осы жазбаңызда белгіленген саясат негізінен алғанда дұрыс саясат деп ойлаймын" деген жауап алды. Осыдан бастап Голощекин идеясына жол ашылды.
"Кіші Қазан" төңкерісінің бағыты:
-
Өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейде дамыту.
-
Өлкені шикізат базасы ету.
Голощекин бұл қағидасын 1927 жылы ұсынып, 1930 жылы VII Өлкелік партия конференциясында нақтылады. Саяси Бюро мүшелігіне кандидат А.А.Андреев VI Бүкілқазақтық партия конференциясында бұл бағытты қолдайтындығын мәлімдеді.
Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуакасов "Кіші Қазан" бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды. Оның көздеген бағыты:
-
Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату.
-
Қазақстанды ірі өнеркәсіптер еліне айналдыру.
Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты:
-
"Түйеден социализмге" өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды.
-
Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді.
-
Қазақтармен енеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес.
Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру барысындағы ұсыныс-пікірлері ескерілмеді. С.Сәдуакасов пен Ж. Мыңбаевтың өнеркәсіпте сақталып отырған отаршылдық құрылымды қайта қарау қажеттігі туралы айтқандары "ұлтшылдық көрініс" деп бағаланды. Өндіргіш күштердің даму деңгейіне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы ескертпелер "ұлыдержавалық шовинизм көрінісі" деп есептелді.
Индустрияландыруды жүзеге асыру.
Индустрияландыру – өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды.
-
Акамедик Н.С.Курнаков Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлыктарын зерттеп, "ҚАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы" деген тұжырым жасады.
-
Академик И.М.Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны - мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады.
-
Инженер-геолог Қ.И.Сәтбаев Жезказған ауданындағы мыс кен орындарын зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеді.
-
1927 жыл - Түркістан - Сібір темір жол магистралының құрылысы басталды. В.С.Шатов - құрылыс бастығы.Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов – Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы. РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов (1894-1938жж) – РКФСР үкіметі жанындағы Түрксіб құрылысына жәрдемдесетін арнаулы комитет басшысы. Т.Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына темір жол маманы, инженер М.Тынышбаев (1879-І937жж) енгізілді.
Түрксібтің ұзындығы 266,5 шақырым болатын учаскелерінің бірі – Жетісу жолына тәулігіне 1500 м жол теселіп, 7 айда салынды. Құрылыс жоспарда белгіленген 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті:
• 1930 жылғы 28 сәуір - солтүстік және оңтүстік учаскелер Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша іске қосылды. Алғашқы поезды тұңғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді.
• 1931 жылғы қаңтар - Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
Түрксіб магистралы салынуының мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық маңызы:
-
Орта Азия Сібір аудандарымен жалғастырылды.
-
Елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетін дамытуға ықпал етті.
-
Өлкедегі жұмысшы табын тәрбиелеу мен шыңдау мектебі болды.
Өлкеде болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, басқа республикадағы экономикалық аудандармен байланыс нығайтылды:
-
Орталық Қазақстанның шикізат аймағы Оңтүстік Оралдың өнеркәсіп орындарын кенмен, металмен, көмірмен жабдықтады.
-
Кенді Алтай Сібірдің индустриялы кешенімен ұласты.
-
Мұнайлы Ембі Еділ мен Жайық арасында жаңадан құрылып жатқан «Екінші Баку» мұнай базасының бір бөлігіне айналды
Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер:
-
Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады.
-
Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды.
-
Тау-кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді.
-
Республикадан сирек кездесетін металдар, мұнай, көмір, фосфорит тегін әкетілді.
-
Теміржол арқылы жүк тасымалдау 1913 жылғы деңгейінен 213 есе асып түсті.
Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары:
-
Шаруаларға үстеме салықтар салу.
-
Республикалардың барлық жинақталған қорларын мемлекеттік бюджетке қосу (тонау).
-
Одақтық бюджеттен берілген есебінде, республика қорынан субсидиялар мен дотациялар бөлу.
-
Өндірісті, өнім өткізуді және жабдықтауды мемлекет қолына шоғырландыру.
-
Жазалау саясатын қолдану.
-
Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалап қашқан қазақ шаруаларының еңбегін пайдалану.
Индустрияландырудың Қазақстанға тигізген теріс әсері:
-
Халық дәстүрі бұзылды.
-
Қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады.
-
Лагерьлер жүйесі орнықты.
-
Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды.
-
Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.
Индустрияландыру ерекшеліктері:
-
Өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Мұнай Ембіде өндіріліп, өндейтін орталық Орскіде салынды.
-
Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан әкелінді.
-
Жергілікті мамандар жетіспеді.
Урбандалу процесі күшті жүріп, қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар, қала халқы көбейді:
-
1930 жылдың аяғы - қала халқы- 29,8%;
-
1939 жыл - қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты. (1926 жылғыдан 5 есе көп)
-
1926 жыл – қазақтар 2,1%, соғыс қарсаңында – қала мен қала үлгісіндегі қоныстарда 16%-ға жетті.
-
Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты. 1928 жылы 19,8%; 1935жылы-43,%-га өсті.
Индустрияландыру саясатының тарихи маңызы:
-
Аграрлық республиканың индустриялды-аграрлық аймаққа айналуы.
-
Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі.
-
Ұлттық жұмысшы табының құрылуы.
-
Инженер-техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы.
-
Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды.
-
Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды.
-
Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.