
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 86
.docСҰРАҚ №86
Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің тарихы
Қазақстан Республикасы да әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Атырау облысының Қарашұңғыл елді мекеніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы бұрғыланған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай, 110,969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыстары оның алынбаған қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде 5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып, мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қатарына қосыламыз деген болжам да бар. Ал Қазақстан мұнайына шетелдік инвесторлардың келуі 1993 жылы “Шеврон” корпорациясымен Теңіз кен орны бойынша келісім жасаудан бастау алғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “Эксон Мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петролеум”, “Лукойл”, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы секілді әлемге танымал аса ірі компаниялар жұмыс істеуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бастап Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау және сыртқы рыноктарға шығару мәселесі де республиканың өзіндік мүддесіне сәйкес жаңаша шешімін табуда және барынша жедел дамып келеді. Мәселен, мұнай және газ құбырларының жалпы ұзындығы 1990 жылы 3,5 мың шақырымды құраса, 1997 жылы ол 10,8 мың шақырымға жеткізілді. Мұнан кейінгі жылдардың өзінде мұнайды құбыр арқылы тасымалдаудың жаңа бағыттары ашылды. КТҚ желісі іске қосылып, Батыс елдері нарығына шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, Қазақстан мұнайын өте шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан жаңа рынок Қытай Халық Республикасына жеткізетін мың шақырымдық Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының салынуы әлем назарын аударған үлкен оқиға болды.
Жалпы Еуропаның мұнай өнеркәсібі 19 ғасырдың соңында Каспийдің батыс жағалауы Бакуде бастау алды. Одан бір ғасыр өте Әзірбайжаннан Қиыр Шығысқа көсіліп жатқан бұрынғы КСРО елдері қайта көшбастаушы мұнай елдері атанып отыр. КСРО 60-шы жылдарда Батыс Сібірді игеру арқылы күллі әлемдегі ең ірі мұнай және газ өндірушілер сапына енді. 70-ші жылдарға қарай КСРО ең ірі шикізат экспортері атанды. Ресейдегі ресурстарды игеру басты басымдыққа ие болды. Есесіне, Кавказ бен Орта Азиядан алынатын мұнай мен газ қорлары екінші кезекте қаралатын. Мұндай гегемониялық ұстаным 90-шы жылдары дербестігін алған егемен елдерге ұшан-теңіз табыс көзін тудырды. Кешегі кеңес елдері зайырлы елдер атанып әлі игеріле қоймаған алып көмірсутек қорларыны қожайыны болып шықты, бірақ олардың тұтас жеткізу жүйесі дами қойған жоқ еді. Шет елдік инвестицияларға салынған эмбарго 1980-ші жылдары перестройка ұранымен алынғанымен, тек 1991 жылы ғана КСРО-ның ыдырауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бизнеске есігін айқара ашуға мүмкіндік алды.1911 жылы осында атақты "Нобель" компаниясы Доссор мұнай кенішін, 1914 жылдары Мақат кенішін ашты. 1914 жылы осы 2 кеніште 200 мың тонна мұнай өндірілді. Көлік қатынасы болмағандықтан, алғашқы мұнайшылар өнімдерін арнайы қаптарға салып, түйелерге тиеп, Хиуа арқылы Каспий жағалауымен Ракөш портына дейін жеткізген. Кейінірек өнім екі мұнай құбырлары арқылы Ракөшке жеткізіліп, сонда шағын екі заводта өңделіп, теңіз арқылы тасылатын болды. Жергілікті халық өнімі жарық беруде қолданылатын болғандықтан, оларды "керосин" заводтары деп атап кеткен. Теңіз баржасына завод өнімдері теңіз түбінен жүргізілген 16 километрлік мұнай құбырлары арқылы жіберілген. Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет. Мұнай мен газды терең өңдеуді қолға алмайынша, мұнай-химия шикізат қорын қалыптастыру мүмкін емес. Қазіргі кезде еліміздегі мұнай-химия өнімдерін тұтынудың басым бөлігі сырттан келетін импорт арқасында қамтамасыз етіліп жатыр. Қазақстан Републикасы статистика агенттігінің мәліметтері бойынша химия өнімдерінің импорт айналымы 500 млн доллардан асады, оның жартысынан көбі мұнай өнімдері.