
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 12-14
.docБилет 12
1 Оғыз мемл-ті. Оғыздар көптеген рулардан құралған тайпаларға бөлінді. Махмуд Қашғари(11ғ): «Алғашында онда 24 тайпа болған және Бұзықтар мен Ұшықтарға бөлінген. Бұзықтар көптеген артықшылықтарға ие болған».9ғ-ң басы мен 11ғ-ң басының аралығында Оғыз тайпалары Сырдан Еділге дейінгі аймақты алып жатты. Оғыздардың өз мемл-ті болғандығы жайлы ең алғашқы мағлұмат әл-Якубидің(9ғ) жазбасында берілген. Оғыз тайпасы жайлы атақты мәлімет қалдырған ибн әл-Факих(10ғ). 10ғ-да астанасы – Янгикент. Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасты. Оғыз мемл-ң басшысы жабғу деп аталды. 965ж Киев Русімен бірігіп Хазар қағанатын талқдады. 985ж Еділ бұлғарларына соққы берді.10-11ғғ шекарасында мөлшерден тыс алым-салық оғыз тайпаларының көтерілісіне алып келді. Бұл кезде 10ғ-ң 2-жартысында елді Әли хан басқарды. Бұл жағдайда Жент маңындағы селжұқтар көсемі көтеріліс жасап Жентті басып алды. Бірақ көп ұзамай олар Жент аймағынан қуылды. Әли ханның мұрагері жабғу Шахмәлік тұсында оғыз мемл-ті күшейіп 1041ж Хорезмді жаулап алды. 2 жылдан соң Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Қоғамдық құрылысы. Жабғу патшалығында «сюбашы» аталатын оғыз әскерінің басшысы маңызды рөл атқарды. Жабғудың орынбасарлары күл еркін деп аталды. Мүлік теңсіздігінің негізі жеке меншік мал болып есептелді. Оғыздар пұтқа табынды, шамандарға сыйынды. Кейінірек ислам діні ене бастады.Оғыздар ірі екі өркештітүйе өсірді. 2 Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)Территориясы: Хиуа хандығы.Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері:Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы.Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.Көтеріліс барысы1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.Наразылық басқа аймақтарда да күшейді.Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.Қозғаушы күштеріКөтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды.Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылыгы. Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы.Тарихи маңызы:Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы.Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.Есет Көтебарұлы (1847-1858 жылдары)Территориясы: Батыс ҚазақстанСебептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсыМақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары. Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:Күрестің стихиялылыгы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы. Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті.3 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Бейбіт құрылысқа өтудің Қазақстандағы қиыншылықтары (1946-1950 жж.). Соғыс аяқталғаннан кейін елдің жағдайы өте ауыр болды. Түрлі қиындықтарға қарамастан тезірек халық шаруашылығын қалғына келтіру керек еді. Қазақстан тұрғындары Ленинград, Сталинград, Брянск, Донбасс, Украина және т.б. бүліншілікке ұшырапан аймақтарды қалғына келтіруге көмектесті.1946 жылы 18 наурызда қабылданған 4-ші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан асып түсу белгіленді. Онда Қазақстан экономикасын көтеруге мән берілді. Қазақстанның өзі де экономиканы бейбіт құрылысқа қайта құруға кірісті. Өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Алты жаңа көмір шахтасы, Қаратон және Мұнайлы кәсіпшіліктері қатарға қосылды, Қазақ металлургия зауытының құрылысы аяқталды, Ақтөбе қайта балқыту зауытының қуаты арттырылды.Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері онан әрі дамыды. 65 жеңіл өнеркәсіп өз өнімдерін берді.Ауыл шаруашылығында колхоздарды ірілендіру жүрді, нәтижесінде 1945 -1952 жылдары колхоздар саны 3 есе қысқарығ, 2047-ге жетті.Республикада 4-ші бесжылдықта егіс көлемі бір млн. Га-дан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымы артты. 1950 ж. Астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа түрлері өсіп жетілді. Қазақтың ақ бас қойы, алатау сиыры, қазақтың биязы жүнді қойы, арқар-меринос қойы, Қостанай жылқысы будандастырылып, жаңа тұқым алынды. Соған қарамастан мал шаруашылғы ауыр жағдайда еді. 1951 ж. Бар болғаны 4,5 млн. ірі қара (1928 ж. 6,5 млн болған), 1,5 млн. Жылқы (3,5млн), 127 мың түйе (1млн) болды. 1928 жылы 18566 мың қой болса, 1951 жылы қой мен ешкі саны 18036 мың басқа жетті.1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті.Алайда бұл жетістіктердің бәрі әміршіл-әкімшіл жүйенің басқаруымен жүзеге асты. Қазақстан бұрынғысынша Одақтың тірек базаларының бірі болып қалды. Қазақстандықтардың өздерінің тұрмыс жағдайларының, халықтың әл-ауқатының төмендігіне, нашарлығына қарамастан республика металл, шикізат қорлары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, асыл тұқымды мал және т.б. беруге мәжбүр болды.халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары Екінші дүниежүзілік соғыс туралы еңбектер жазды. Ғ.Мүсіреповтың "Қазақ солдаты", Ә.Нұрпейісовтың "Курляндиясы". Еңбек тақырыбына жазғандар С.Мұқановтың "Сырдария", Ғ.Мұстафиннің "Миллионер", Ғ.Слановтың "Кең өріс" туындылары болды.Осы жылдарда Қарғанды, Семей медицина институттары, Өскемен педагогикалық, СЕмей мал дәрігерлік-зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты ашылады. Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент мұғалімдер институттары педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум, арнаулы оқу орны жұмыс істеді. Онда 1,5 млн. Адам оқыды.
Билет 13
1. Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректеріндегі яньмо тайпасыиен тығыз байланысты. Яньмо н-е қимақтар 8ғ басында монғолияның солт.бат-да өмір сүрген. 656ж бұл тайпа көзге түсе бастады. 11ғ парсы тарихшысы Гардези еңбегінде қимақтар татарлардан тарайды делінген. 840ж Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін оның тайпаларының біразы қимақ бірлестігіне қосылды.Қимақ тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді. 9ғ. 2-жарт. Қимақ одағының құрамына 12 тайпа енді. Қимақ қағанатындағы ең ірі әрі қуаттысы қыпшақтар болды. 8ғ-11ғ-басына дейін олар Алтайдан Ертіске дейінгі, бат. Оңт. Орал таулары Еділ өзеніне дейінгі кең байтақ аумақты алып жатты, 11ғ.басында қимақ мемл.-ң шекарасы тұрақтана бастады. Оларға Булгариядан, Орта Азиядан ж-е қырғыздардан сауда керуендері келіп тұрды.ҰЖЖ-нан Ертістегі қимақ қағанының ордасы Имақияға керуен жолының бір тармағы п.б. Қимақ қағанаты құрылып күшейген кезде құдыретті қимақ билеушісі түркілерде ең жоғарғы атақ – қаған деген атақ иемдендіШаруашылығы. Араб географы ибн-Хаукальдың айтуынша Түрккістанда әсем елтірі беретін қой өсіретін. Қарлұқтар мен қимақтарда да түйе болды, бірақ оғыздардан аз өсірді.Әбу Дулафтың(10ғ) жазбасына қарағанда қарлұқтар мен қимақтар тамаққа бұршақ, тас бұршақ ж-е арпа пайдаланған. Қыпшақ хандығы. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады.1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті.Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.
2. Ұлы Жүздiң Ресей қол астына өтуi XVIII ғасырда қазақтың Кiшi және Орта Жүз жерлерi Ресейдiң қол астына өткенiмен, негiзiнен Ұлы Жүз ру-тайпалары мекендейтiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан жерi Қоқан хандығы ықпалында қалып қойды. Ресми түрде бұл аймақтарды жаулап алмағанымен Қоқан билеушiлерi қазақтардан күштеп алым-салықтар алып отырды. Осындай жағдайда Ұлы Жүз өкiлдерi патша үкiметiне өздерiн Ресей бодандығына қабылдау туралы өтiнiш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкiметi Ұлы Жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдiң бодандары деп жариялады. Сол жылы Абылай ханның ұлы Сүйiк сұлтан қарамағындағы 55 мың адаммен бодандыққа ант бердi. 1824 жылы 13 мамырда тағы да 14 сұлтан қарамағындағы 165 мың адаммен Ресейдiң қол астына өттi. Ресей әкiмшiлiгi жаңа енген аймақтардан салыстырмалы түрде аз салық жинады. Жаңа қосылған жерлерде патша үкiметi Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиопол, Лепсi бекiнiстерiн салды. Бұл бекiнiстер Жетiсу жерiн одан әрi жаулап алуға көмекшi күш ретiнде қызмет еттi. 1825 жылы Жетiсудың 50000 адамы бар Үйсiндер тұрған аймақ өз жерлерiнде сыртқы округтi ашуға рұқсат бердi. 1847 жылы Қапал бекiнiсiнiң салынуы Лепсi мен Iле өзендерi бойын мекендеген қазақтардың Ресей империясы билiгiне енуiн жылдамдатты. Ресей үкiметi үшiн Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағын өзiне бағындырудың саяси және экономикалық маңызы болды. Қазақтар үшiн де дамуы жағынан артта тұрған Қоқан хандығынан гөрi Ресейдiң қол астына өтуiнiң прогрессивтi жақтары басым болдыҚазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 50-шi Ресей үкiметi Қазақ жерiне iшкерiлей енудi одан әрi жалғастырды. Осы жылдарда Ресей бекiнiстерi Сырдарияның орта ағысы мен Жетiсу жерiнде салына бастады. Патша үкiметi Хиуа мен Қоқан хандықтарымен келiссөздер жасауға ұмтылды. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан хандығына қарсы көтерiлiсi нәтижесiз аяқталды. Британ үкiметiне арқа сүйеген Қоқан билеушiлерi Мерке, Әулиеата және Шымкентте өздерiнiң шептерiн күшейттi. Осы жағдайда Ресей үкiметi Оңтүстiк Қазақстанды жаулап алуға ұмтылды. 1860 жылы орыс әскерлерi соғыс қимылдарын бастап, 26 тамызда Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пiшпек қалаларын алды. Ал 24 қазанда Ұзынағаш түбiнде подполковник Колпаковский Қоқан әскерiн талқандады. Қазақ билеушiлерi қалыптасқан жағдайда екiге бөлiндi. Кенесарының баласы Садық сұлтан, дулат руынан шыққан Андас, Сұраншы билер қоқандықтар жағында орыс әскерiне қарсы күрестi. Жекеленген қазақ билеушiлерi орыс әскерiне қолдау жасады. Алайда қазақтарға қарсы зорлық-зомбылық орыс әскерилерi мен Қоқан билеушiлерi тарапынан қатар жүрiп отырды. 1864 жылы орыс әскерiнiн бiр тобы Сауран, Шорнақ бекiнiстерi арқылы Түркiстан қаласына келiп жеттi. Түркiстан қаласын аларда орыс әскерлерi Қожа Ахмет Иассауи кесенесiне зеңбiректен 12 снаряд атып, қазақтарды үрейлендiруге әрекеттендi. Черняев бастаған орыс әскерлерi шiлдеде Мерке бекiнiсiн ұрыссыз алып, 6 шiлдеде Әулиеата бекiнiсiн жаулап алды. Алайда Шымкент бекiнiсi орыс әскерiне қарсы аянбай күрестi. Бұл бекiнiсте бейбiт халықты тонап, жазалау шараларын жүргiзiлдi. Черняев экспидициясына қатысқан Ш. Уәлиханов орыс әскерiнен қол үзiп, Тезек сұлтан аулына барады. Қоқан билеушiлерiнен азап шеккен Оңтүстiк Қазақстан тұрғындары қайтадан жаңа отарлаушы мемлекет - Ресейдiң құрамына кiрдi
3. Тың және тыңайған жерлерді игеру: себептері, барысы, салдары1954 ж. партияның ОК ақпан-наурыз Пленумы "Елде астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру" туралы қаулы қабылдады. Халық санының, қалалар мен өндіріс орталықтарының өсуі астық қажеттігін арттырды. Колхоз, совхоздар қоғамды азық-түлікпен қамтамасыз етуі қиынға айналды. Үкімет бұл қиындықтан шығудың жолы - елдің шығысындағы аса зор жер көлемін жырту керек деп тапты. 1954 ж. 13,4 млн. га жаңа жерлер, Қазақстанда 6,5 млн. га жер жыртылды. Тыңайған жерлерді игеру қозғалысы басталды. 1954 ж. наурызынан 1955 ж. наурызына дейін Қазақстанда 337 совхоз құрылды. Олар Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстарында құрылды.Тыңның арқасында Қазақсан халықтың жан басына шаққанда 2 мың килограмнан астам астық өндіру мүмкіндігі туды. Ал әлемдік ғрактика бойынша, азық-түлік проблемасын шешу үшін 1 мың кг төңірегіндегі көрсеткіш те жеткілікті.1954-19555 жж. бүкіл елде 29,7 млн. га жер жыртылығ, оның 18 млн. га Қазақстанның үлесіне тиді.Тың игерудің теріс факторлары да болды. 1960 жылы-ақ республиканың тың аймағының 9 млн. га жері топырақ эрозиясына ұшырады. Халықтың 61 проц. РСФСР, Украина, Белоруссия, Молдавиядан келгендермен көбейді. 1954-1962 жж. Қазақстанға тың игеруге 2 млн. адам келді. Қазақтардың саны 30 проц. төмендеп, этнос ретінде дамуына қауіп төнді. 1948 ж. үш облыстың (Семей, Павлодар, Қарағанды) түйіскен жеріне орналасқан ядролық полигон салынды. 1949 ж. 29 тамызда Семей полигонында тұңғыш рет ядролық сынақ жүргізілді. Қорғаныс Министрлігінің өз мәліметі бойынша 1949 жылдан 1963 жылға дейін полигонда қуаты бірнеше тоннадан 100 килотоннаға дейін 113 жарылыс ауада жасалған, тек 1964 жылдан бастап қана сынақ жер астында жасалды. 1989 ж. қыркүйектің 19-ына дейін қуаты бірнеше тоннадан 150 килотоннаға дейінгі 343 сынақ жасалған. Полигонның халықтың денсаулығына тигізген зор зияны болды.
Билет 14
1 Қарахан әулетінің мемл-ті. Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Саманилердің қолдауына сүйеніп, ол өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942ж Сатұқ Баласағұн билеушісін құлатып өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемл-ң өз тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуымен оның ерте тарихында басты рөлді қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бұл конфедерацияға шігіл мен яғма да кірген еді. 10ғ-да яғманың бір бөлігі қарлұқтармен бірге Жетісуді, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек 11ғ-да яғмалар Қиян теріскейде, Іле алқабында тұрды. Ыстықкөлдің солт.жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемл-ң құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашғарға дейінгі ұлан байтақ аумақта болған саяси оқиғалармен, сондай-ақ қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді.Жетісуды және көршілес өңірлерді мекендеген қарлұқтардың, шігілдердің, яғмалардың саманилерге қарсы, сондай-ақ шығыстан дүркін-дүркін шабуыл жасаған тоғыз-оғыздарға қарсы ұзаққа созылған әрі табанды күресі Қаз-н аумағының оңт-мен оңт-шығ-ғы түрік тайпалары тобының этникалық саяси тұрғыдан топтасуымен қоса жүрді, олардың ішінде қарлұқтар басты рөл атқарды. Сатұқ өлгеннен соң билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960ж қағанаттың мемл-к діні ислам деп жариялайды. Оның астанасы – Қашғар болды. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп, жаулап алған жерлерде қарахан шонжарлары билігінің орнығуына қарай қалыптасты. Қарахандар өздері бағындырған жергілікті халықтардың көптеген мемл-к дәстүрлерін мұра етіп алды, оған ежелгі түрік мемл-ті, Бат.Түрік, Түргеш, қарлұқ мемл-ң терең ықпалы болды. 12ғ-ң 2-ширегінің бас кезінде құмырсқадай қаптаған қарақытай халқы Жетісу мен Баласағұнды, сосын Шығ.Қараханның қалған иеліктерін басып алады да, оның батыс тармағына қауіп төндіреді. 1141ж Қарахан Салжұқтың әскерін талқандағаннан кейін Қарахандар мемл-ті екі хандығының билігі де қарақытай қолына көшті. 1210ж Шығ.Қарахандар әулеті наймандармен қиғаш келіп соқтығысып қалады. Ал 1212ж Хорезмшах Мұхаммед Бат.Қағанаттың соңғы қағаны Самарқанттық Османды өлтіреді. Ұзамай қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады.2 1867-1868 жылдардағы реформаларХандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:Батыс облысы, орталығы - Торғай.Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.Бұл ұсыныс қабылданбады.1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құруӘлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілдіӘкімшілік басқару құрылымы 5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргіздіБолыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иелендіРеформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.II. Сот iciн басқару рылымы: Әскери сот-сот комиссиялары – уездік соттар – билер мен қазылар сотыСот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі. Реформа нәтижесі :Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).Отарлық басқару күшейді.Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.1886-91 жылдардағы реформалар1886ж2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару және жер,салық өзгерістерін енгізу» :1. Ресей үлгілеріндегі жаңа соттар құрылды;2. Соттардың төтенше съезі әскери-губернатор рұқсатымен шақырылды және өкілеттік құқығы берілген орыс шенеунігінің қатысуымен өткізіліді; 2.төменгі сот бөлігіі-халықтық сот(империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын); 3.соттардың төтенше съезі облыстық әскери-губернатордың рұқсатымен шақырылды; 4.төтенше съезд өкілідк құқығы берілген чиновнигінің қатысуымен өткізілді. 1867-68жж әкімшілік сот істері 1886-91жылғы 17 баптан тұратын жаңа заң: 1.Ресейдің үстем тап өкілдерінің мүдделерін; 2.отарлаушы әкішілік пен жергілікті ақсүйектердің мүдделерін қорғау1891ж 25наурыз “Ақмола, Семей, Жетісу Торғай облыстарын басқару туралы ереже”бекітілді:1.Түркістан өлкесінде 3 облыс:Сырдария. Ферғана, Самарқанд құрылып, орталығы-Ташкент. 2.Дала өлкесінде 3 облыс:Ақмола, Семей, Жетісу, орт-Омбы.Отаршылдық басқарманың күштеу аппарты:Ірі облыстық орталықтарды қалалық полийия басқармасы уездік қалаларда полициялық пристав құрылды. Болыстық басқарушылыр мен ауыл старшындарын бекіту облыс әскери-губернатордың құзырында болды. Қазақ өлкесінің жер байлығы мемлекеттік меншігі болып жарияланды. Жайылымдық жерді пайдалану дәстүрін ережелермен шектеді.3 Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.). 60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50 -жж. салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды.Соған сәйкес бағаның халықтан ресми және жасырын түрде жоғарылатылу процесі де жүріп отырды. Мұның өзі тапшылықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлар жетіспеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, сағаттап кезекте тұру) арттырды.70-80 жж. адамдар Кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты.Әлеуметтік саладағы өткір проблема - тұрғын үй мәселесі болды.Қордаланған әлеуметтік-экономикалық проблемалар - еңбекке немқұрайды қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, "қылмысты экономика" сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер