
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 45
.docСҰРАҚ №45
1867-1868 жылдардағы реформалар
Хандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
• XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:
-
Батыс облысы, орталығы - Торғай.
-
Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.
Бұл ұсыныс қабылданбады.
-
1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
-
1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:
-
Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру
-
Әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
-
1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді
-
1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді
Әкімшілік басқару құрылымы
5 сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кepi әсер еткен буыны –әкімшіл ауылдар. Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.
Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.
Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.
1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.
Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.
Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.
Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:
-
-
-
-
-
Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді
-
Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді
-
Реформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.
II. Сот iciн басқару құрылымы:
-
Әскери – сот комиссиялары
у
ездік соттар
билер мен қазылар соты
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі.
Реформа нәтижесі:
-
Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
-
Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
-
Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).
-
Отарлық басқару күшейді.
-
Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.
-
Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.
1886-91 жылдардағы реформалар