
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 76
.docСҰРАҚ №76
Ғылыми-техникалық прогресс және экономикалық реформалар (50-60 жж.).
Ғылыми-техникалық прогресс - қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды факторы. 60-жылдары бұл прогрестің табыстары кең көлемде енгізілді: электрлендіру және химияландыру, кәсіпорындарды бір жолғы қуаты күшті жоғары өнімді жабдықтармен жарақтандыру, учаскелерді, кәсіпорындарды механикаландыру және автоматтандыру есебінен өндіріс интенсивтендірілді.
Кен шығару өнеркәсібінде көмір өндірудің негізгі процестері: қазу, құлату және тазалау забойларына жеткізу, жер астында тасымалдау және темір жол вагондарына тиеп механикаландырылды.
Іздеу-барлау жұмыстарының, мұнай өндірудің, мұнай өңдеудің технологиясы мен техникасы өзгерді. 1965 ж. 308 мұнай скуажинасында мұнай шығару процестері комплексті автоматтандырылды және телемеханикаландырылды.
Жалпы, кәсіпорындарды қайта құру, техникамен жарақтандыру, озық технологияны енгізуде бірқатар табыстарға қол жеткізілді.
Бірақ ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріске үлкен қиындықпен және өмір сүріп отырған шарушылық механизмінің арқасында емес, қайта оның еркінен тыс енгізілді. Кәсіпорындар мен тұтас салалар өнімдердің техникалық дәрежесін арттыруға мүдделі емес, өйткені олардың көздегені жоспар, көлем, жалпы өнім болды.
60-жылдары-ақ халық шаруашылығына бюрократтық жолмен басшылық жасаудың өміршең еместігі сезілді. Сол кездегі ел басшылығы экономиканы терең құруға әрекет жасауға тырысты.
1959 ж. ақ түсті металлургияның барлық кәсіпорындары (29) Қазақстанның қарамағына берілді, олардың негізінде тиісті министрлік құрылды. Одан кейінгі жылдары жеңіл және тамақ, химия, металлургия өнеркәсібінің 144 кәсіпорны республика қарамағына берілді.
КОКП ОК 1965 ж. Наурыз, Қыркүйек, Қазан Пленумдары өнеркәсіпке басшылықты жақсарту, жоспарлауды ынталандыруды жетілдіру шараларын белгіледі. Осыған байланысты кәсіпорындар мен салаларда шаруашылық есепті жүргізудің аясын кеңейту көзделді, кәсіпорындардың қызметін шектен тыс шектеу жойылды, олардың шаруашылықты жүргізу дербестігі кеңейтілді, пайда, баға, сыйлық, несие сияқты экономикалық тіректер тиімді пайдаланылды. 1960 ж. ақырында жоспарлау мен материалдық ынталандырудың жаңа жүйесіне республикада 1467 өнеркәсіп кәсіпорны өтті. Шаруашылық реформасы экономикалық дамуға қозғау салды. Бірақ нәтижесінде, реформаны тереңдетуге жасалған талғыныстар экономикалық экспериментке айналды.