
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 77
.docСҰРАҚ №77
Қазақстандағы қайта құру.
Елдегі әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету концепциясы (1985-1991 жж).
1985 ж. наурызда КОКП ОК Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Партияның Сәуір Пленумында (1985 ж.) қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету концепциясы айтылды.
Одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді.
Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне асғады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты. Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серғін берді.
86-ның желтоқсаны бүгін біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Ол, ең алдымен, Қазақ елі үшін мемлекеттік тәуелсіздіктен биік құндылықтың болуы мүмкін емес екендігін көрсетіп берді. Желтоқсан күндері осы жалпыұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Жансая Сәбитова, Хасен Қожахмет және басқа мыңдаған ұл-қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Кеңестік империяның абақтысында өлтірілген Қайрат — 86-ның желтоқсанында алаңға теңдік талап етіп шыққан қазақ жастарының жинақы көрінісі, қазақ халқының азаттыққа ұмтылысының мәңгі мұқалмас символдық бейнесі.