
На сортировку / 2 / Тарих / билет тарих / 42
.docСҰРАҚ №42
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)
Алғышарттары:
-
XIX ғ. 20-шы жж. Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады.
-
XIX ғ. 20-30 жж. Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады.
-
1822 ж. Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.
Мақсаты:
-
Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
-
Қазақ жерлерін бекіністер мен округттік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
-
Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
Көтеріліс барысы
Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып ,ұлт-азаттық сипат алды.
-
1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтар ұйымдастыру.
-
1837ж. қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.
-
1838ж. 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өрттеп жіберді.
-
1838ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды.
-
1838ж. күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
-
1841ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
-
1845ж. қазан, қарашада көтерілісшілердің Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін алуы және көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұруы.
-
1847ж. сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
-
1847ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
-
Көтеріліс басшысы Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 жж.).
-
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары.
Тарихи маңызы:
-
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
-
XIX ғ. I жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.
-
Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.
-
Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
-
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Жеңілу себептері:
-
Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі.
-
Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
-
Руаралық қайшылықтар.
-
Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету.
-
Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы