Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
207.87 Кб
Скачать

СҰРАҚ №61

Алаш-Орда. Қазан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси ауыр жағдайда өздерінің іс-әрекеттерін айқындап алу үшін ұлттық интеллигенция бастапан қазақ қоғамы Орынборда (1917 ж. 5-13 желтоқсанда) 2 Бүкілқазақ съезін өткізді. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдер қатысты. Съезді Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, И.Омаров, С.Дощанов ұйымдастырды. Төрағасы Б.Құлманов болды. Съезде алдымен тез өзгеріп жатқан саяси жағдайда партия тактикасын, қазақ автономиясын құру және оның үкіметін қалыптастыру айтылды. Негізінен қаралған мәселе саны 10 болды:

  • территориялық - ұлттық автономия құру.

  • Қазақ (қырғыз) облыстарынын автономиясына Алаш атауын беру

  • Автономиялы Алаш облыстарынын террториясын Алаштын мемлекеттік меншігі деп жариялау

  • Алаш автономиясының конституциясын Букілресейлік құрылтай жиналысында бекіту

  • Алашорда уакытша Халык кеңесін 25 мушеден қурып оның 10 мүшесін орыс өкілдерінен сайлау Кеңестің төрағасы - Ә Бөкейханов

  • Алашорданынң уакытша орталығы – Семей

  • Қазан революциясынын көп бұрын қазақ либералдык - демократиялык қозғалысының жетекшілері Қазақ өлкесінің Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына байланысты өздерінің бағдарламаларын насихаттады.

Съезд делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия (тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, "уақытша халық Кеңесі" түріндегі берік билік құру, оған Алаш-Орда деген ат беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы-Семей (Жаңа Семей) қаласы еді.

Мақсаты:

  1. Қазақ халқын отарлық езгiден азат ету.

  2. Автономиялық ұлттык мемлекет құру.

Бағыты: реформистік капитализм жолы.

Алаш-Орда жетекшілері Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Х. және Ж.Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Х.Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі-автономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды. Алашорда сонымен бірге атаман Дутовпен, Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелері, Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алашорданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ автономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Себептері

  • Қазан төңкерсіне дейін Қазақстаннын дамуына өз көзқарастарын білдіріп бағларламаларын насихаттады

  • Федеративтік Республикаға кірген әр мемлекет басқа мемлекеттермен өз бетінше жұмыс істей алады деп есептеді

  • Алаш партиясы ақиқат жағында болды

  • Алаш партиясы социал-демократтардын меньшевиктік тобынын багдарламасын қолдады

1917 жылы 21 қараша Алаш партиясы бағдарламасынын жобасы жарияланды.

Алаш партиясы – әділдікке жақ нашарларға жолдас жәбірлерге жау.

Дінді мемлекеттен бөлектеу.

Сот сін қазақ тілінде жургізу.

Әскери қызметті өз жерінде аткару.

Жумысшылары заңмен қорғау Алаш партиясы жумысшылар туралы социал –демократтиялык меньшевиктік тобынын бағдарламасын жақтады.

Окудын жалпыга бірдей жане акысыз болуы.

Жиналыс сөз баспасөз еркіндігі

Жерді алдымен жергілікті халыққа беру.

Бағдарлама жобасының маңызы:

  1. Сол кездің нақты мумкіндіктерін ескере отырып қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды

  2. Буржуазиялык-демократиялык ұлт-азаттық революцияны аяктауға бағытталған жолды көрсетті.

  3. 1917 жылы қараша – 1918 жылы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ енбекшілерінің көпшілігі Алаш партиясынын багдарламалык талаптарын қолдайтынын көрсетті.

  4. Жетісу губерниясы – 57%

  5. Семей уезінде-85%

  6. Торғай Орал губернияларында – 75%.

Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр турлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.

Соседние файлы в папке билет тарих