Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
105.47 Кб
Скачать

СҰРАҚ №51

Абай Құнанбаев (1845-1904) – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде алды, сол кезде өзінің ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тарқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. 13 жасынан бастап Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Бірақ ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқып танысты. 1882 жылы – ең алғаш Лермонтовтың «Бородино» шығармасын аударады. «Қансонарда шығады бүркітші аңға» атты өлеңін жазады. 1870 жылы орыс желтоқсаншысы Е.П.Михалиспен, 1880 жылдары Н.И.Долгополов, А.Льеонтьев танысады. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкиннің «Евгений Онегинін», Лермонтовтың жалпы саны 27 шығармасын аударды

Жалпы, оның шығармашылығын топтастырғанда, үлкен үш салаға бөліп қарастыруға болады:

  1. өзі шығарған төл өлеңдері

  2. әлем әдебиетінің озық үлгілерінен аударған өлеңдері

  3. тәлім-тәрбиелік маңызы зор ғақлиялар (қара сөздер)

Соседние файлы в папке билет тарих