Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
200.7 Кб
Скачать

Алғашқы териториясы : Батыс Жетісу, Шу , Талас өңірі. Батыс Жетісу , Қаратау аймағы,

Сырдария , Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары , Орталық Қазақстанның көп бөлігі XVғ.аяғындағы Қазақ хандығының территориясы: Батыс Жетісу,

Оңтүстік Қазақстан қалалары,

Қаратау аймағы,Сырдария,

Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары,

Орталық Қазақстанның көп бөлігі.

XVI ғ.басы-Қазақ хандығы Ақ Орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді.Жошы ұрпағы,Астрахань,Сібір,Қазан хандықтарына кетті.Есім хан тұсындағы астанасы-Түркістан қаласы.Қазақ хандығы

1.Керей (1456-1731) 2.Жәнибек(1473-1480)

3.Бұрындық (1480-1511ж.ж)

4.Қасым хан (1511-1521ж.ж) Әз Жәнібектің ұлы , анасы Жағанбегім –Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмұд сұлтанның анасының сіңілісі.

5.Мамаш (Қамаш)

6.Тақыр (Тахир ) (1523-1533) .- Қасымның немере інісі

7.Бұйдашхан (1533-1534 Тақырдың інісі . )

8.Хақназар(Ақназар ), 1535-1538 ж.ж

9.Шығай (1580-1582)10.Тәуекел (1582-1598)

11.Есім хан (Шығайдың баласы , 1598-1628ж.ж)

12.Жәңгір хан (Есімнің ұлы1629-1652ж.ж «Салқам Жәңгір »

13.Тәуке хан «Жеті жарғы »

(Жәңгірдің ұлы , 1680-1718\1713)

14. Қайып (1715-1718)

15.Болат(1718-1729).

7 сатыдан қаланды .

1.Ауыл -туыстас ,қандас адамдардан құралған. Басқарушысы - ауылбасы

2.Ата -аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл

Басқаршысы - ақсақал

3.Ру 10 немесе 15 аймақ Басқарушысы –рубасы .

4.Арыс – бірнеше ру .

Басқарушысы – би .

5.Ұлыс – бірнеше арыс . билеушісі – сұлтан .

6.Жүз – бірнеше арыс . Билеушісі –хан.

7.Хандық -үш жүз . билеушісі –қаған. (ұлы хан) .

Хан-азаматтық, әкімшілік соттық, және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы.

Әскери құрылым .

Біріккен әскер , басқарушысы - жоғарғы қолбасшы (хан)

Ұлыс әскері , басқарушысы- ұлыс басшы

Рулық тайпалық жасақ , басқарушы -жасақ басшысы (рубасы ).

Әскер саны 300-400 мыңға жеткен . Бір

ханда 9 ту болған .

Мал шаруашылығы 3 түрге бөлінді .

Көшпелі Жартылай көшпелі .Отырықшы.

Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінеді :

Көктеу –көктемгі көш , малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді .

Жайлау –жазғы көш Күзеу – күзгі көш . Қыстау – қысқы көш

Шаруашылықтың қосалқы түрі аң аулау болған .

Қалалары : Қаратаудың солтүстігіндегі басты қала -Созақ . Түркістан –Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы .

Қазақстанда 16 -17ғ.ғ 70 мыңдай қала халқы болған. Түркістанда -9180,

Сауранда-1100,

Сайрамда -7560мекендеген .

Сығанақ -Қазақ хандығының астанасы діни орталық .

Отырар –Оңт. Қазақстан жеріндегі ірі сауда орталығы .

Сауран -16ғ.ғ мұнарлы қамал қабырғалары , терең ор қазылған қорғаныс жүйесі .

Сайрам – мықты бекініс .

Созақ -ірі бекініс , сауда және өнеркәсіп орталығы Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі , әскери бақылау орталығы .

Талхиз (Талғар ), Екіоғыз, Қойлық,

Ілебалық , Лабан(Албан ).

Жәнібек пен Керей 1470 жылдарға дейін жергілікті халықпен қарым қатынастарын жақсартуға тырысқан . Ал 1470 жылдың күз айларынан бастап өздерінің ата қонысы Түркістан аймағын қол астына қаратып алуға кіріседі . Осы кезде Созақ , Сығанақ , Сауран, басқа да қалалар Жәнібек пен Керейдің қарамағында болды .

Қаратаудың , Сырдарияның орта , төменгі ағыстарындағы қалаларды өздерінің қарамағына біржола алу үшін жүргізген күрестер Бұрындық пен Қасым хан кезінде күшейді . Ал бұларға қарсы күресті М . Шайбанй және оның інілері жүргізді . Соғыстың нәтижесінде Отырар, Сайрам , Ташкент , Түкістан , Сауран , Созақ , т.б Көрнекті қалалар Қазақ хандығының қарамағына өтті . Қазақ хандығының

саяси жағдайы Қасым ханның баласы Хақназар кезінде біраз өрлей бастады . Күшейген кезі 16-17 ғасырдың бірінші ширегі болып табылады.Бұл кезде Шығай ханның баласы Тәуекел мен Есім хандар билік жүргізген 16 ғасырдың соңғы жылдары Қазақ Өзбек хандықтарының арасында саяси жағдай өте ынтымақты болды . Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономиклық байланыстардыңболмауы,қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол аштыСолтүстік-батыстан-башқұрттар;Солтүстіктен-Сібір казактары;

Оңтүстіктен-Қоқан,Хиуа хандықтары;Шығыстан-Жоңғария;Қазақ жеріне әсіресе қауіп төндіргені-Жоңғар мемлекеті

Орданың жері шығысында Алтай тауларынан

Сырдарияның төменгі ағысы ,

Арал теңізіне дейін . ал терістігі Орал тауынан Жетісу жеріне дейінгі жерлер.

Астанасы-Сығанақ

XIII-XVғ.басы

Ақ орда

Мемлекеті

Ақ Орданың негізін қалаушы-Орда Ежен(1226-1280ж.ж)

Алғашқы ханы- Сасы Бұға(1309-1315ж.ж).

Мұрагері-Ерзен хан

(1315-1320ж.ж).

Мүбәракқожа хан

(1320-1344ж.ж.)

Орыс хан

(1364-1375ж.ж)

Халқы-өзбек-қазақ.

Ақ Орданың этникалық құрамы шапқыншылық кезінде шығыстан ауып келген түркі тілдес тайпалармен қатар жергілікті қыпшақ,найман,үйсін, қарлық,керей,қоңырат,маңғыт,арғын, жалайыр,алшын,қаңлы,т.б. тайпалардан тұрды.

Ақ Орда мемлекетінде де көшпелі,жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы дамыды.Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай

жаю тәжірибесін туғызды.

Маусымды жайылым төрт кезеңге бөлінді:

1.Көктеу;2.Жайлау;3.Күзеу;4.Қыстау.Қалалары :

Созақ ,

Сарайшық, Янкигент , Жент (Жаңақала ), Сығанақ ,Түркістан,

Отырар, Үзкент .

Орда Еженнің ұрпақтары Алтын Ордаға бағынудан бас тартты . Әсіресе өз аттарынан ақша шығарған Мүбарақ пен Орыс хандардың кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан мүлде бөлектенген . Алайда Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың екі жүзді саясатының әсерінен , Әмір Темірдің және оның әулетінің шапқыншылығынан Ақ Орда мүлдем әлсіреді .

XIVғ.80-жылдары-Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерлерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады.

Осы кезден Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы соғыс бсталды.

Ақ Орданың әлсіреу себептері:

-Әмір Темір жорықтары;

Территориясы:

Жайық-Балқаш-Арал теңізі,Сырдарияның төменгі ағысы-Тобыл,Ертіс.

Астанасы-алғашқыда Тура,

1431ж.Орда-Базар(Батыс Сібір),

1446жылдан-Сығанақ.

XV ғасырдың

20-жылдары

Әбілхайыр хандығы

1428 жыл-Шайбан ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468ж.ж)осы аймақтардағы билікті қолына алды.

Халқы -өзбектер.Құрамында қыпшақтар,наймандар,маңғыттар,қарлұқтар,қоңыраттар,қаңлылар,үйсіндер,т.б. болды.

Әбілхайыр хандығында мемлекет басшысы хан болды,оның билігі мұрагерлікпен беріліп отырды.Дәстүр бойынша бектердің, әмірлердің ханды жариялауы, сайлауы сақталды. Хандардың қолындағы мәселені шешу үшін Хан кеңесі шақырылды. Хан кеңесіне феодал үстем таптар – хан туыстары,дінбасылар кірді.

Тәртіпті қамтамасыз ететіндер жасауылдар.

Малдың іс жүзіндегі қожасы-шонжарлар болды

Хандықтың негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Орталық бөлігі жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты . Қалаларда қолөнер де жақсы дамыды .

Зергерлік бұйымдар ,

қыш құмара жасау.

Сәулет өнері де жақсы дамыды .

Қалалары: Созақ ,

Сарайшық, Янкигент , Жент (Жаңақала ), Сығанақ ,Түркістан,

Отырар, Үзкент .

15ғ екінші ширегінде Ақ орданың орнына Әбілқайыр хандығы құрылды . Елді 40 жыл билесе де,Әбілхайыр хан мемлекттің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады,

толассыз соғыстар тотамады.

Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:

1430ж.-Тобыл өзені бойында Махмуд Қожаны жеңді,Хорезмді басып алып,Үргенішті талқандады.

Махмуд және Ахмет хандарды жеңіп,Орда-Базарды тартып алды.

1446ж.-Сырдария бойындағы Сығанақ,Созақ, Аққорған,Өзгент,

Аркөкті жаулап,Сығанақты астана етті.

1468ж-Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып,жолда кенеттен қайтыс болды.

Оңтүстік-ШығысҚазақстан, Қырғызстан,Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарих-и-Рашиди”еңбегіндежазған:“Шекарасының ұзындығы мен ені7-8 айлық жол.Баркөл,Ертіс-Көкше теңіз-ТүркістанТашкент,Ферғана,Қашғар,Ақсу аралығы”.Орталық аймағы-Жетісу.Астанасы-Алмалық(Іле алқабында). XIVғ.ортасы- XVI басыМоғолстан мемлекеті

Моғолстан мемлекетінің негізін салушы-дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.

Билеушісі-Тоғылық Темір хан(1348-1362ж.ж).Ілияс Қожа(1362-1365ж.ж)Қыдыр-Қожа(1385-1399ж.ж)

Мұхаммед хан(1408-1418ж.ж)Уайс хан

(1418-1429ж.ж)Есен-Бұға(Уайстың баласы)

(1429-1462ж.ж) .

Моғолстан мен Әбілхайыр хандықтарының мемлекеттік құрылымы бірдей болды.

Мемлекет басшысы хан болды,оның билігі мұрагерлікпен беріліп отырды.Дәстүр бойынша бектердің, әмірлердің ханды жариялауы, сайлауы сақталды. Хандардың қолындағы мәселені шешу үшін Хан кеңесі шақырылды. Хан кеңесіне феодал үстем таптар – хан туыстары,дінбасылар кірді.

Тәртіпті қамтамасыз ететіндер жасауылдар.

Малдың іс жүзіндегі қожасы-шонжарлар болды

Моғолстан

мемлекетінде де көшпелі,жартылай көшпелі және отырықшы мал шаруашылығы дамыды.Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай

жаю тәжірибесін туғызды.

Қосалқы шаруашылықтардан аң аулау , өзен жағалауларында балық аулау жақсы дамыды .

Қалалары :Қойлық,

Талғар , Суяб , Мерке, Испиджаб(Сайрам)

1361ж.-Мауеренахрды түгел басып алып,баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды.

1365ж.-Ілияс Қожа Мауеренахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді.Бірақ самарқанды ала алмай,кейін шегінеді.

Қыдыр-Қожа хан Темірді жеңе алмай,өзін оның вассалы деп мойындады

Мұхаммед хан Темір ықпалынан құтылып,Шу-Талас бойын қайтарып алады.

Уайс хан астананы Ілебалыққа көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті.

XVIғ.басында Моғолстан жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.

Территориясы:

Жайық-Еділ арасы.

XIV-XVғ.ғ

Ноғай Ордасы

Ноғай Ордасының негізін салушы-Едіге(1395-1419ж.ж)Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп(1396-1411ж.ж,” ұлы әмір”атанған.

Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едіге әулетініңкелісімінсіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғ.2 жартысынан бөлектене бастады. Бұл процксс XIV ғәмір Едіге тұсында жалғасып,баласы Нұррадиннің кезінде аяқталды.Ноғай Ордасы Едігенің ұлы Нұррадин

(1426-1440ж.ж) тұсында Алтын Ордадан бөлініп, дербес мемлекет атанды.

Халқы-маңғыт, қыпшақ,қоңырат, найман,арғын,үйсін, қарлұқ,алшын,тама тайпалары.

Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды,оған енген тайпалар XVғасырдың аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады.

Ноғай Ордасында ұлттық басқару жүйесі қалыптасып,бір орталыққа бағынған өкімет болды. О рда билеушісі-хан.Ұлыс билеушісі-мырза. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды.Малдарынан айырылып,отырықшылыққа көшкен кедейлер-тұмақтар.Ұлыстан қол үзіп,әскери табыс тауып күн көрушілер көшпелі казактар болды.

Ноғайлардың басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы еді.

Ордада феодалдық қатынас біршама баяу дамыды.

XVI ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда,экономикалық және саяси байланысы нығая түсті. Ең ірі тафпасының атымен “Маңғыт жұрты” атанған.

Астанасы-Сарайшық(Жайық өзені бойында).

Бұл-Қара теңіз жағалауынан Орта Азияға дейінгі аралықтағы сауда жолындағы ірі транзиттік қала

Ноғай Ордасында бүкіл саяси билік пен экономикалық өмір Еділ ұрпағы қолында болды.Ноғай-Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі(1260-1306ж.ж).

Ол Кавказ,Персия, Польша,Венгрия, Болгария,Сербия, орыс жерлерін шабуылдады. Египетпен дипломатиялық қатынас орнатты.

Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауыда болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып,Ноғай елі атанды.

Соседние файлы в папке тарих билет