Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
72
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
1.57 Mб
Скачать

1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс

Территориясы: Бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір

Себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлық. Сылтау: Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық.

Мақсаты: Ұлттық және саяси азаттық.

Сипаты: империализмге және отаршылдыққа қарсылық

Жетісудағы көтеріліс:

1916 жыл 11 тамыз – 5 мың көтерілісші Қарқара жәрмеңкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядын талқандады.

1916ж. қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы” шешімі шықты.

1916ж. 9 қыркүйек – жазалаушылар Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

1916 жыл 10-12 қыркүйек – Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Торғайдағы көтеріліс:

1916ж. қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға, 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916ж. 22 қазан – Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.

1916 ж қараша-1917ж ақпан – Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

1917ж. – Торғай көтерілісі талқандалды

Қозғаушы күштері: Қолөнершілер, шаруалар қалың тобы, жергілікті жұмысшы табының өкілдері, демократияшыл зиялылар қатысты.

Көтеріліс басшысы: Жетісу көтерілісінің жетікшілері: Б.Әшекеев, Т.Бокин (Верный уезі), Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов (Қарқара), А.Қосақов (Мерке).

Торғайда көтеріліс басшылары: Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин.

Жеңілу себептері:

Бытыраңқылығы.

Әскери қарудың жеткіліксіздігі.Руаралық тартыстар.

Жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтар.

Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы.

Қазақ феодалдарының сатқындығы.

Нәтижесі:

1916 жылғы қазан – патша әкімшілігінің “Қырғыздарды көшіру туралы шешімі шықты”.

Жетісудағы 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың қудалауымен Қытайға өтіп кетті.

37355 қазақ отбасылары құнарсыз таулы аймаққа немесе Балқаш маңындағы шөлді далаға қуылды.

Пішпек, Пржевальск, Жаркент уездеріндегі шұрайлы жердің 2’510’360 десятинасы тартып алынды.

Жүздеген ауылдар тоналып , өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

3 мың адам жауапқа тартылды, оның 201-і өлім жазасына кесілді, 162-сі каторгаға атылды.

СҰРАҚ №58

1917 жылғы Ақпан төңкерісі. Қазақстан патша үкіметі құлағаннан кейін.

1917 жылы ақпанда патша үкіметін құлатқан буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Ақған оқиғалары тез арада Қазақстанға да жетіп, наурыз айының басында ірі қалаларда төңкерісті қолдаған митингілер, демонстрациялар болып өтті.

Төңкерістің басты ерекшелігі қос үкімет (буржуазиялық Уақытша үкімет пен Жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестері) болды. Қазақстанда да бұл жүйе пайда болды. Наурыз айында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары - облыстық, уездік, кейіннен болыстық, ауылдық, селолық, станицалық атқару комитеттері құрылды. Ұлттық интеллигенция өкілдері Ә.Бөкейханов Торғай облысының, М.Тынышбаев Жетісу облысының комиссарлары болып тағайындалды. Сондай-ақ облыстық, уездік қазақ, казак, мұсылман, татар комитеттері пайда болды.

Қазақстандағы екінші үкімет халық үкіметінің органдары ретінде пайда болған кеңестер болды. Онда негізінен, социал-демократтар, меньшевиктер мен эсерлер еді.

Осындай жағдайда өлкедегі аграрлық, ұлттық, мемлекеттік құрылыс және т.б. өзекті мәселелерді шешу үшін либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілері облыстық съездер (Орынборда, Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде) өткізе бастады.

Уақытша үкімет Қазақстандағы жағдайды реттеуге арналған бірқатар шаралар (1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға амнистия, Қытайдағы Жетісу босқындарын кері қайтару, ұлттық, діни шектеушілікке тиым салу, тыл жұмысына кеткендерді мобилизациялау) енгізді. Алайда ең маңызды жер мәселесі шешілмей, болашақта шақырылатын Құрылтай Жиналысына қалдырылды. Өлкеде бұрынғы ұлыдержавалық саясат жалғаса берді.

1917 жылдың көктем, жаз айларында жұмысшы, революциялық-демократиялық жастар ұйымдары, саяси партиялар құрылды. С.Сейфуллин басқарған "Жас қазақ" Ақмолада, Т.Рысқұлов басқарған "Қазақ жастарының революциялық одағы" Меркеде, "Жас жүрек" Спасск заводында, "Талағ" Петропавлда, "Жанар" Семейде және т.б.

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда 1 Бүкілқазақ съезі өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земстуо; халыққа білім беру; сот; рухани-діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссиясының жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер.Делегаттар ұлттық автономия мәселесіне, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға баса назар аударды.Съезд шын мәнінде, қазақтың ұлттық саяси партиясы "Алаштың" съезі болып айқындалды. "Алаш" партиясына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, М.Жұмабаев т.б. кірді. Бұлардың көпшілігі қазақ қоғамы сол кезеңде дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдаған жоқ. Олар "Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету" ұраны төңірегіне топтасты.1917 ж. күзінде тағы бір ұлттық-саяси ұйым - "Қырғыздың (қазақтың) социалистік партиясы" деп атаған "үш жүз" партиясы пайда болды. Жетекшісі Көлбай Тоғысов болған бұл партия большевиктік бағыт ұстағ, "Алаш" партиясына", "Алашорда" үкіметінің құрылуына қарсы болып, большевиктерге қосылып отырды.

СҰРАҚ №59

Соседние файлы в папке тарих билет