
- •1867-1868 Жылдардағы реформалар
- •II. Сот iciн басқаруқұрылымы:
- •1886-91 Жылдардағы реформалар
- •XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ халқының азаттық күресі
- •1870 Жыл - Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
- •1917 Ж. Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси оқиғалар.
- •1917 Жылы 5-13 желтоксан – Орынбордағы жалпы қазақ съезі.
СҰРАҚ №37Сырым Датұлы бастаған көтеріліс (1783-1797)Алғышарттары:
Жер мәселесінің шиеленісуі, патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы.
Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі.
Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшырауы;
Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.
Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.
Ресей үкіметінің Кіші жүз әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.
Мақсаты:
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
Орал қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.
Нұралы хан мен оның сыбайластырының озбырлығына шек қою.
Хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады
Көтеріліс барысы
1783ж. күзі - батырдың Орал қазақ әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.
1783ж. желтоқсан - Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.
1784ж. қараша- Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.
1785ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.
1785ж. 15 наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Понамарев келеді.
1790ж. 21 қазанда және 5 қарашада II Екатерина бейбіт аудандардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды.
1792ж. Сырым Ресей империясына ашық күрес жариялады.
1795ж. Есім хан сайланды.
1797ж. күз – полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады.
1797ж. Қаратайдың қуғынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.Қозғаушы күштері
Басты қозғаушы күші- қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.
Басшысы: Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802ж.). Сырым Айшуақ сұлтан хан болып сайланғаннан кейін, Қаратайдан құтылу үшін Хиуаға қашады. 1802 жылы Сырым Датұлы қайтыс боладыНәтижесі: 1801ж. патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.Тарихи маңызы:
Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.
Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігіндәлелдеді.
Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.
Жеңілу себептері:
Қазақ феодалдық топтар мен старшындық арасындағы алауыздық.
Руаралық қайшылықтар.
Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.
Қару-жарақтардың жеткіліксіз болуы.
Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.
СҰРАҚ №40 1824 Орынбор генералгубернаторы П.К.Эссен «Орынбор қырғыздарының Жарғысын» дайындады. Жарғыда 3 хан тағайындауды жоспарлағандытан уақытша icкe аспады.1824 жыл – "Орынбор қырғыздарының жарғысы" қабылданды. Авторы Орынбор генерал -губернаторы П.К. Эссен.Kiшi жүздің әкімшілік құрылымы
-
Бөліктер(батыс,орта,шығыс)
басқарушысы сұлтан.
Ауыл,басқарушысы – ауыл старшыны |
Дистанция (54), басқарушысы – ру шонжарлары |
Орталық басқару нығайтылды. Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды
1824 жыл – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегіхандық билік жойылды
1845 жыл – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.
СҰРАҚ №41
Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы (1836-1838 жж.)
Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер.
Көтерілістің себептері:
Ақшалай салықтың өсуі.
Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.
Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.
Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.Мақсаты:
Хан озбырлығына шек қою.
Шаруалар жағдайын жақсарту.
Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.
Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.Көтеріліс барысы
1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.
Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.
1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.
1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .
1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті
1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.
1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.
Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
Нәтижесі:
Салық мөлшеріне шек қойылды.
Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.
Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.
Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.
Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.
Тарихи маңызы:
XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.
Отаршылдыққа қарсы бағытталды.
Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.
Жеңілу себептері:
Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.
Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.
Қару-жарақтың теңсіздігі.
Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.
Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.
СҰРАҚ №42Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)
Алғышарттары:
XIX ғ. 20-шы жж. Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады.
XIX ғ. 20-30 жж. Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады.
1822 ж. Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.
Мақсаты:
Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
Қазақ жерлерін бекіністер мен округттік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
Көтеріліс барысыКөтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып ,ұлт-азаттық сипат алды.
1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтар ұйымдастыру.
1837ж. қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.
1838ж. 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өрттеп жіберді. 1838ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды. 1838ж. күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
1845ж. қазан, қарашада көтерілісшілердің Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін алуы және көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұруы.
1847ж. сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
1847ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
Көтеріліс басшысы Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 жж.).
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары.
Тарихи маңызы:
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
XIX ғ. I жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі.
Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.
Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті.
Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Жеңілу себептері:
Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі.
Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдықмемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету.
Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы
СҰРАҚ №43Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)Территориясы: Хиуа хандығыҚоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері:
Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі,
Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы.
Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.Көтеріліс барысы
1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.
Наразылық басқа аймақтарда да күшейді.
Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.
Қозғаушы күштері
Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды.
Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.
Жеңілу себептері:
Күрестің стихиялылыгы.
Ұйымдастырудың әлсіздігі.
Феодалдардың опасыздығы.
Тарихи маңызы:
Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы.
Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.Есет Көтебарұлы (1847-1858 жылдары)Территориясы: Батыс ҚазақстанСебептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсыМақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.
Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары.
Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.
Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:
Күрестің стихиялылыгы.
Ұйымдастырудың әлсіздігі.
Феодалдардың опасыздығы.
Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті.
СҰРАҚ №44
Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
XVIII ғасырдың аяғы – XIX ғасырдың басында Kiшi және Орта жүз аймағының Ресей құрамына өтуі аяқталғанымен, бірқатар қазақ жерлері Орта Азия хандықтарына тәуелді болды.ғ
XIX ғ. 20 жылдары Ұлы жүздің 6ip бөлігі Орта және Kiшi жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтарының иелігінде болды.
Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі1 жағалауларынан Жетісуге дейін жерлерге шабуылдап отырды. Әcipece Хиуа ханы Мухаммед-Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды.
1820 жылғы ақпан – 10 мың әскері мен 2 мыңға жуық қазақ ауылдарын талқандады.
1821 жыл – Орта Азия хандқтарына қарсы Тентектөре бастаған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды.
Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайрам өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып, кеөтеріліс қатыгездікпен жаншылды.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында қазақтар мен қырғыздардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілістер болды. Жетісу қазақтарының Ресеймен сауда және саяси байланыста болуы Жетісу өлкесінің оның құрамына кipyіне алғышарттар дайындады.
1817 жыл – сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды.
1825 жыл – Жетісудың 50 мың адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды:
1831 жыл – Хиуа ханы Аллақұл қазақ жеріне шабуыл жасады.
1847 жылдары – Оңтустік Қазақстан аймағы Ресей билігін мойындамады.
Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалынын күшеюінің кепілі:
Әскери бекіністердің салынуы (Ақтау, Алатау, Қапал (1847ж.), Сергиополь (Аягөз), Лепсі(1855ж.)).
Патша үкіметінің саяси бағыттағы әскери шаралар жүргізуі.
XIX ғасыр басында Ресейге қосылмаған қазақ жері - Жетісу.
XIX ғасырдың 20-30 жылдары - "Азия комитеті" құрылды. Жергілікті старшындар өзара қақтығыстарды басуға және өздерін қорғау үшін Батыс Ci6ip генерал-губернаторы П.М.Капцевичтен әскери күш жіберуді талап eтті.
Лeпci мен Іле аралығындағы қазақтар мен 40 мың қырғыз отбасының Ресейге өз еріктерімен мойынсунуын жеделдетудің себептері:
1825 жылы Қаратал өзені, 1846 жылы Қызылағаш өзені бойына орыс топтарының келуі
1847 жыл Қапал бекінісінің салынуы.
1848 жылғы 10 қаңтар – Ұлы жүзге ресейлік пристав тағайындалып, резиденция Қапалда болды.Қоқан хандығының басты тiperi Таушүбек бекінісіне (Қаскелен өзені) 1850 жылы капитан Гутковский тобы аттанды. Алматы өзінінде қырғыздармен қақтығысып Іле жағалауына қайта оралды. 1851 жылы 18 мамырда подполковник Карбышев бастаған екінші топ жасақталып, бұл топты би Тайнеке Досетулы жігіттері қолдады.
1851 жылғы 7 шілде - Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілді
1853 жылы - Ақмешіт қаласының Ресейдің қол астына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойыменжылжуына жол ашты. Осы кезден бастап Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды.
1853 жылы 2 сәуірдегі Батыс Сібіp генерал-губернаторы Гасфорт тапсырмасы – 1854 жылдың өктеміне қарай Кексу мен Іле аралығында бекеттер салу.
1853 жыл - Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельский тобы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекетін тұрғызды.
1854 жылғы көктем - Алматы қонысының орнына Верный бекінісін салды. 1854 жылғы күзде Верныйға Іле тобының 470 әскері, 1855 жылы Сібірден 400 отбасы қоныстанды. Бекіністің салынуы 1855 жылы қырғыздық Бұғы руының Ресей билінгін мойындауын тездетті.
1855 жылғы жаз - Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген қоныстанушылар көбейдь Том губерниясынан келген Ci6ip казагы Осип Мамнев Іле Алатауы бойында бал шаруашылығының негізін салды.
1857 жылы тұңғыш су диірмені, 1858 жылы сыра зауыты салынды. Верный кейін Іле қонысы деп аталды.
Белгілі ғалым - саяхатшылар П.П.Семенов Тян-Шанский, Н.М.Пржевальский, И.А.Северцев, XIX ғасырдың 60 - жылдары Ш.Уәлиханов Верныйда болған.
Верный бекінісінің салынуы XIX ғасырдық 50-жылдарында Қазақ елінің оңтүсік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы
1859 жыл - Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тipeгi саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.
Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қыркуйекте Пішкекті (Қоқанның Жетісудағы тipeгi) алды. Қоқан ханы Верный бекінісіне 22 мыңдық әскер жіберді (орыстардан 10 есе көп). Қазақ феодалдары екіге бөлінді:
Кенесарының баласы сұлтан Садық тобы Ресейге қарсы шықты
Феодалдардың көпшілігі Қоқан ханына қарсы шықты.
1860 жылғы 19-21 қазан - Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский әскері Ұзынагаш шайқасында қоқандықтарды жеңді. Қоқандықтар - 400 адамнан, орыстар - 2 адамнан айрылды.
Ұзынағаш шайқасының маңызы: Жетісудың Қоқан озбырлығынан құтылуына зор ықпал eтті.
Патша үкіметінің жеңістері:
1862 жылғы қазан - Пішпектің екінші рет алынуы Қоқан билігіне қарсы қазақ, қырғыздардың қарсылығын ұлғайтты.
1863 жыл - Ресей құрамына 4 мың шаңырақ Қоңырат, 5 мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.
1864 жылғы көктем - Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Туркістан бекіністерін алды.
1864 жылғы 22 қыркүйек - Турікстан жағынан Черняев тобы, Әулиеата жағынан Ларке тобы шабуылдап Шымкент алынды.
1865 жылғы шілде - Ташкентті 3 күндік шайқастан кейін алды.
1866 жыл - Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Туркістан генерал губернаторлығының құрамына кірді.
1868 жылғы қаңтар - Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Туркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды.
1873 жыл - Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Қазақ елінің Ресей құрамынақосылупроцесі XVIII ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5ғасырғасозылды.
Бұл оқиғаның прогресті жағы:
Шаруашылық, саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық - патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.
Патшалық билік қысымының кушеюі ұлттық сананың оянуына әсер eтті.
СҰРАҚ №45
1867-1868 Жылдардағы реформалар
Хандық билікті ic жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы Жарғылар жаңа капиталистік қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.
XIX ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын 2 облысқа бөлу жоспарланды:
Батыс облысы, орталығы - Торғай.
Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы.
Бұл ұсыныс қабылданбады.
1865 жыл – Iшкі Істер министрлігі кеңесінің мүшесi Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
1865 жылғы 5 маусым – II Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ici, ағарту ici, салық, діни мәселе т.б.
Әкімшілік басқару жүйесін құру icіне Ш.Уалиханов өз пікірлерін ұсынды:
Халықтың өзін-өзі басқаруы негізінде құру
Әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу.
Алайда Ш.Уалиханов ұсыныстары қабылданбай, комиссия мушелері феодалдармен (ipi бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлы, сұлтан Сейдәліұлы) ақылдасып, мәліметтерді солардан жинады.
1867 жылғы 11 шілде – "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді
1868 жылғы 21 қазан – "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже" бекітілді
Әкімшілік басқару құрылымы
5сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл
реформаның қазақтардың рулық құрылымына
кepi әсер еткен буы –әкімшіл ауылдар.
Реформа бойынша Жетісу облысы ашылды.
Полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер уезд бастығына бағынды. Уездбастықтарының қолына әкімшілік және полицейлік билік шоғырландырылды. Уезд бастықтарын әскери губернаторлардың ұсынуы бойынша генерал-губернаторлар тағайындады.
Генерал-губернатор барлық әскери- азаматтық билікті өз қолына алды.
1870 жылы Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округіне, кейін Закаспий облысына енгізілді. 1872 жылы Бөкей хандығы Астрахань губерниясына бағындырылды. Түркістан генерал -губернаторлығына Қытай, Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді.
Әскери-губернатор жанында ic жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот, жарлықты icкe асыру.
Шыңғыстың тұқымдары – сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда полициялық және басқару билігі ақсақалдарға берілді. Облыстық әскери - губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды.
Әкімшіл басқару әскери сипатта болды:
Облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді
Болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді
Реформаның басты қағидасы – Әскери және азаматтық билікті ажыратылмауы.
II. Сот iciн басқаруқұрылымы:
-
Әскери – сот комиссиялары
уездік соттар
билер мен қазылар соты
Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери-уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери-губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соты - отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны. Сот ісіндегі басты өзгеріс – ecкi шариғаттық салттардың шектелуі.
Реформа нәтижесі:
Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.
Феодалдық-патриархатдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.
Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмыса жалдануы).
Отарлық басқару күшейді.
Қазақ жері-Ресей үкіметінің меншігі болды.
Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.
1867-1868 жылдардағы реформалар екі жылға уаытша енгізілгенімен, бұл "тәжірибе" 20 жылға созылды.