
- •1. Қазақстан тарихы ғылым & оқу пәні ретінде.
- •2. Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы.
- •3.Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.
- •4) Сұрақ. Қола дәуірі.
- •5) Сұрақ. Сақтар.
- •6) Сұрақ. Үйсіндер мен Қаңлылар.
- •7) Сұрақ. Ғұндар.
- •9) Сұрақ. Түрік қағанаты
- •11)Сұрақ. Түркеш қағанаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Қарлұқ мемлекеті.
- •13) Сұрақ. Оғыз мемл-ті.
- •14) Сұрақ. Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).
- •15) Сұрақ. Қыпшақ хандығы.
- •17) Сұрақ. Қарақытай мемл-ті.
- •19) Сұрақ. Әбунасыр Әл-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •22) Сұрақ. Ақ Орда
- •23) Сұрақ. Ноғай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моғолстан мемлекеті
- •25) Сұрақ. Әбілқайыр мемлекеті
- •26) Сұрақ. Қазақ хандығының құрылуы.
- •27) Сұрақ. «Қазақ» этнонимі.
- •28) Сұрақ. 16ғ-ғы Қазақ хандығы.
- •29) Сұрақ. 17ғ-ғы қазақ хандығы
- •8. Ұлы Жібек жолы
- •18. Қазақстанның ортағасырлық қалалары (VI-XII ғасырлар).
- •20. Монғол мемлекетінің құрылуы және Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық жорықтары
- •33) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қарсы бірлескен күресі.
- •34) Қазақстанның Ресейге қосылуы: негізгі кезеңдері мен тарихи шарттары.
- •1)1731-1822 Бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз).
- •2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы.
- •1822 Ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады.
- •3) 1867-1917 Ж.Ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды.
- •35) Aбылай хан және оның Қазақ хандығының тұтастығын құрудағы ролі.
- •36) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •41. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. (1836-1838жж.)
- •40. 1824 Жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы. Кіші жүздегі хандық билікті жою.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)
- •43. Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)
- •47. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •48. ХІх ғасырдың 2 жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
- •49. Ш.Ш.Уәлиханов.
- •50. Ыбырай Алтынсарин
- •54.1905-07 Жылдары Ресейдегі революция және оның Қазақстанға ықпалы.
- •55. Столыпиннің аграрлық реформасы.
- •56. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
- •57. Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
- •63. Қазақ асср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс. (1920-30-жылдар)
- •64. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Экономикалық саясаттағы өзгерістер
- •75. Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •81 Билет) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84) Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991-2006жж.).
17) Сұрақ. Қарақытай мемл-ті.
Қарақытайдың құрылуы Орт.Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар б.з. 4ғ-ғы жазба деректерде моңғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солт.жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің терр-сын мекендеген. 924ж Алтайдан бастап, тынық мұхитқа дейінгі аса кең жер қидан мемл-ң(Ляо имп) қоластына өтеді. 1125ж Сунь Қытайы мен Чжурчжень мемл-ң біріккен күші Ляо имп-сын құлатады. 1128ж қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы аттануға шақырады. Қарақытай көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, қарахандар әулетінің билеушісін тағынан тайдырып, Жетісуға өз мемл-н орнатады. Қарақытай мемл-ң басшысы горхан д.а. Баласағұн оның иеліктерінің орталығы болып қала береді. әскерде тәртіп өте қатал болады, ел ішінде аула басынан салық жинау жүйесі енгізіледі - әр үйден 1 динардан салық алып отырды. 1143ж 1-горхан қайтыс болды. 1208ж қарақытайларға Моңғолиядан Шыңғыс хан тықсырып қуып шыққан күшлік бастаған наймандар қашып келеді 12ғ. керейттер(керейлер) мен меркіттер қосылған наймандар конфедерациясы орт. Азиядағы ірі мем-к құрылым болды. Ал наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі, қиын мәселе. Олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі ең жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді. Ғалымдар «найман» терминінің мәні монғол тілі тұрғысынан алғанда ашылады, ол конфедерацияға енген тайпалар санына қарап, «сегіз» деген сөз деп болжам жасайды. Көне түрік жазуларында айтылатын «сегіз-оғыздарды» зерттеушілер наймандармен теңестіреді. VIIIғ-да оғыздар тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғарғы Ертіске дейінгі жерді алып жатқан.. Керей конфедерациясының этникалық құрамы біртекті бомаған. Ол түрік тілді және монғол тілді жұрттан құралады. Керейіттер батысында – наймандар, солт. – меркіттер, шығ. – татарлар, оңт. – таңғұттармен шектесті.
Керейіт тайпасының екі ордасы болған:.Орхон өзеніндегі – Қатынбалық; Хуанхэ өзенінің иірімінде. ХІІғ-дың 2-жарт-нда Тоғырыл хан тұсында Керейіттер ұлысы солт-те Селенганың жоғарғы бойынан, оңт-те Хуанхэге дейінгі, бат-та Ханғай таунынан, шығ-та Халкин Голге дейінгі жерлерді еркін жайлаған. Оның сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері, мәселен, Тимучин мен Жамуха тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болды. Наймандар мен Керейіттерде іс-қазғаздарды жүргізу өте үлкен қарқынмен дамыды. Әсіресе, алым-салық жинау мен қызмет адамдарын тағайындау құжаттарына мөр басылатын болған. Қоғамның таңдаулы тобында қызмет орындары мұра болып берілген. Керейіттердің христиан дініне енуі олардың әлеуметтік және мәдени дамудың жоғары деңгейде тұрғанын көрсетеді.Керейіт тайпаларының ыдырауына себепкер болған 1203 жылғы Шыңғыс хан шабуылы бұл тайпаның шашырауына әсер етті.
19) Сұрақ. Әбунасыр Әл-Фараби
Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.
Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.
Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.
Махмұд Қашқари
ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.
Жүсіп Баласағұн
Жүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.
Қожа Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға..
Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында туған. Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба).Арыстан-Бабаның кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы - тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады. Осы кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады. Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі.