
- •1. Қазақстан тарихы ғылым & оқу пәні ретінде.
- •2. Қазақстан тарихының деректері мен тарихнамасы.
- •3.Тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан.
- •4) Сұрақ. Қола дәуірі.
- •5) Сұрақ. Сақтар.
- •6) Сұрақ. Үйсіндер мен Қаңлылар.
- •7) Сұрақ. Ғұндар.
- •9) Сұрақ. Түрік қағанаты
- •11)Сұрақ. Түркеш қағанаты (704-756).
- •12) Сұрақ. Қарлұқ мемлекеті.
- •13) Сұрақ. Оғыз мемл-ті.
- •14) Сұрақ. Қимақ қағанаты (9-11ғғ басы).
- •15) Сұрақ. Қыпшақ хандығы.
- •17) Сұрақ. Қарақытай мемл-ті.
- •19) Сұрақ. Әбунасыр Әл-Фараби
- •21) Сұрақ. Алтын Орда
- •22) Сұрақ. Ақ Орда
- •23) Сұрақ. Ноғай Ордасы
- •24) Сұрақ. Моғолстан мемлекеті
- •25) Сұрақ. Әбілқайыр мемлекеті
- •26) Сұрақ. Қазақ хандығының құрылуы.
- •27) Сұрақ. «Қазақ» этнонимі.
- •28) Сұрақ. 16ғ-ғы Қазақ хандығы.
- •29) Сұрақ. 17ғ-ғы қазақ хандығы
- •8. Ұлы Жібек жолы
- •18. Қазақстанның ортағасырлық қалалары (VI-XII ғасырлар).
- •20. Монғол мемлекетінің құрылуы және Қазақстан территориясындағы Шыңғысханның жаулаушылық жорықтары
- •33) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қарсы бірлескен күресі.
- •34) Қазақстанның Ресейге қосылуы: негізгі кезеңдері мен тарихи шарттары.
- •1)1731-1822 Бұл кезеңде Қазақстан протекторатында болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз).
- •2)1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының жүзеге асырылуы.
- •1822 Ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде Ресей империясының заңдары орныға бастады.
- •3) 1867-1917 Ж.Ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті Ресей отарына айналды.
- •35) Aбылай хан және оның Қазақ хандығының тұтастығын құрудағы ролі.
- •36) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
- •41. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. (1836-1838жж.)
- •40. 1824 Жылғы Орынбор қазақтары туралы жарғы. Кіші жүздегі хандық билікті жою.
- •42. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)
- •43. Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)
- •47. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
- •48. ХІх ғасырдың 2 жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
- •49. Ш.Ш.Уәлиханов.
- •50. Ыбырай Алтынсарин
- •54.1905-07 Жылдары Ресейдегі революция және оның Қазақстанға ықпалы.
- •55. Столыпиннің аграрлық реформасы.
- •56. Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және тағдыры.
- •57. Бірінші дүниежүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •1916 Ж. Ұлт-азаттық көтеріліс
- •63. Қазақ асср-дың құрылуы. Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік құрылыс. (1920-30-жылдар)
- •64. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Экономикалық саясаттағы өзгерістер
- •75. Халықтың өмір сүру дәрежесі: тенденциялары мен қарама-қайшылықтары (70-80 жж.).
- •81 Билет) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.
- •84) Егеменді Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991-2006жж.).
43. Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)
Территориясы: Хиуа хандығы
Қоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері:
1.Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, 2.Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы. 3.Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.
Көтеріліс барысы1.1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.2.Наразылық басқа аймақтарда да күшейді.3.Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.
Қозғаушы күштері1.Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.
Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.
Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылыгы .Ұйымдастырудың әлсіздігі. Феодалдардың опасыздығы.
Тарихи маңызы:1.Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы.2.Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.
Есет Көтебарұлы (1847-1858 жылдары)
Территориясы: Батыс Қазақстан
Себептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсы
Мақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау
Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.
Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары.
Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.
Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:
Күрестің стихиялылыгы. йымдастырудың әлсіздігі. еодалдардың опасыздығы.
Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті.
47. Хіх ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.
Қазақстанды қосып алғаннан кейін Ресей өлкенің табиғатын, тарихын экономикасын зерттеуге көңіл бөлді. Осы мақсатпен қазақ жеріне орыс ғалымдары, саяхатшылары келе бастады. XVIII ғасырда, 1769 жылы шығарылған ең алғашқы экспедицияны П.С.Паллас басқарығ, "Ресей империясының провинцияларына саяхат" (1773 ж.) деген еңбегін жариялады. 1772 жылы Н.Рычков "Кағитан Н.Рычковтың 1771 жылы Қырғыз-қайсақ өлкесіне жасаған саяхатынан күнделік жазбаларын" басып шығарды. 1832 жылы А.И.Левшиннің "Қырғыз-қайсақ, немесе кырғыз-қазақ ордалары мен даласын баяндау" деп аталатын кітабының жарық көруі орыстардың Қазақстанды зерттеуіндегі маңызды белес болды. ХІХ ғасырдағы қазақ өлкесін зерттеушілердің бірі атақты ғалым, Орыс Географиялық Қоғамының басшысы П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) болды. Оның басшылығымен көп томдық "Ресей. Отанды геграфиялық тұрғыдан толық баяндау" деп аталатын зерттеу құрастырылып, басып шығарылды. Оның "Қырғыз өлкесі", "Түркістан өлкесі" деп аталынатын екі томы Қазақстан мен Орта Азиянының географиялық жағдайын, табиғи байлығын, тарихын, халық тұрмысын баяндауға арналды. "Түркі тайғаларының ауыз әдебиетінің үлгілері" атты еңбек жазған Петербург Академиясының академигі В.В.Радлов (1837-1918) қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуге зор үлес қосты. Сондай-ақ "Қасым патшалары мен ханзадалары туралы зерттеу", "Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер" деп аталынатын кітаптардың авторы шығыстанушы-ғалым В.В.Вельяминов-Зернов (1830-1904) қазақ халқының тарихының маңызды кезеңдерін зерттеді. Өлке тарихын зерттеумен А.И.Добросмыслов, Н.Н.Аристов, М.Красовский және т.б. айналысты.
ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының дамуына ғылыми қоғамдар мен мәдени-ағарту мекемелері маңызды роль атқарды. Орыс Географиялық Қоғамының бөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1877 ж.), 1897 жылы Түркістанда ашылды. Олар тарих, этнография, география туралы материалдар жарияланған жинақтар шығарды. ХІХ ғ. ІІ ж. Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттер құрылып, олардың жариялаған еңбектерінде де өлкенің тарихы, мәдениеті, статистикасы, этнографиясы туралы мол мәліметтер жазылды. Сондай-ақ Қазақстанды зерттеумен Ауыл шаруашылығы қоғамы, Шығыстың тарихы мен археологиясының әуесқойлары, антропология, жаратылыстану әуесқойлары қоғамдары да айналысты. Мұндай ғылыми орындардың жұмыстарына қазақ зиялылары да, мысалы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев араласығ тұрды. Бул кезеңде білім беру, оқу ісінде де өзгерістер болды. Ауқаттылардың балалары Бұхара, Самарқанд, хиуа, Ташкент медреселерінде, кедей қазақтардың балалары ауылдағы мұсылман мектептерінде арабша сауаттарын ашты. Ал азаматтық сипаттағы орыс оқу орындары отарлық аппараттың шенеуніктерін даярлау үшін қажет болды. 1786 жылы Омбыда Азиат мектебі, 1789 жылы Орынборда Үкіметтік мектеп осы мақсатта ашылды. 1825 жылы Орынборда, 1846 жылы Омбыда кадет корпустары, 1841 жылы Бөкей хандығында, 1850 жылы Орынборда Шекаралық комиссия жанынан қазақ азаматтық мектебі ашылды. 1877 жылы Ы.Алтынсариннің күш салуымен Ырғызда қыздар училищесі құрылды. 1890-1896 жылдары Торпайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде орыс-қазақ қыздар училищелері ашылды. 1879 жылы Түркістанда мұғалімдер семинариясы, 1883 жылы Орынборда қазақ мұғалімдік мектеп ашылды.
ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ халқының ірі өкілдері Ш.Уәлиханов, М.-С. Бабажанов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев өмір сүріп, шығармашылықпен айналысса, ХХ ғасырдың басында олардың қатарын Ш.Құдайбердиев ("Түріктердің: қырғыздардың және хандық династияның шығу шежіресі"), М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов ("Қырық мысал", "Маса"), М.Дулатов ("Оян, қазақ!") және т.б. толықтырды. ХІХ -ХХ ғ. басында қазақ музыка мәдениеті өрлев кезеңінде болды. Сазгерлер Құрманғазы, Дина Нұрғейісова, Тәттімбет, Ықылас, әнші-сазгерлер Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса, Мәди шығармашылықтары кең танымал болды. Қазақ басғасөзінің өмірге келуі осы кезеңде басталды. 1870 жылы 28 наурызда "Түркістан уәлаяты" газеті, 1911 жылы бірінші қазақ журналы "Айқап" алғашқы сандарын жариялады. 1913-1918 жылдар аралыпында шыққан "Қазақ" газеті қазақ қоғамының барлық жақтарын жазып тұрды. Сайығ келгенде, қоғамның мәдени өміріндегі бұл өзгерістердің игілігін барлық қазақ халқы отаршылдық саясат зардабынан көре алмады.