Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
53
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
500.22 Кб
Скачать

36) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.

Крепостниктік қанаудың күшеюі, помещиктердің қатал озбырлығы Ресейдің өзінде де күреске көтеріп отырған. 1773-1775 жылдардағы Шаруалар соғысына Кіші жүз қазақтары да қатысты. Пугачев жасақтары 1773 жылы қазан айының баскезінде патша қамалдарының біразын алды. Қазақтардың дербес жасақтары Атырау мен Елек қалашықтарының Жайықтың жоғарғы және төменгі ағысының шептеріне қарай ойысты, күзге қарай осы өңірді олар өздерінің бақылауына алды.

18 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың ортасындағы көтерілістердің оған ауыл бұқарасымен бірге ру шонжарлары – старшындар да, билер де, батылар да қатысты, өйткені патша өкіметі олардың құқықтары мен жеңілдіктерін қысқартып тастаған болатын.

37) Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс

Себебі: Жер мәселесінің шиеленісуі: патша үкіметінің қазақтарға мал жайылымы ретінде Жайық пен Еділ өзендерінің арасына өтуге шектеу жасағандығы. Феодалдық және колониалдық қанаудың күшеюі. Ханның, сұлтандардың, орал әскерінің казактары мен патша әкімшілігінің халықты ашықтан-ашық талан-таражға ұшыратуы Салдары: Орал казактарының 1782-1783 жылдардың қысында Кіші жүздің «ішкі жаққа» (Жайық өзенінің сыртына) өткен малшыларынан 4 мыңнан астам жылқыны қуып кеткендігі Әдейі ұйымдастырылмаған толқулардың басталуы; олардың кең таралуы; көтеріліс отрядтарының құрылуы. Басқарушы – батыр Сырым Датов (ірі феодал). Оның негізгі мақсаты – хан билігін жою. Нұралы ханның көтерілісті басу жөніндегі патша әкімшілігіне жасаған өтініші. Көтерілісшілердің казак бекіністерін шабуылдауы. 1785 жыл – Жазалаушы отрядтардың бейбіт ауылдарды талқандауы. Халық наразылығының ұлғаюы. Көтерілісішілер қатынасқан старейшиналар съезі: қойылған талаптарды талқылау. 1786 жыл – көтерілісшілердің хан ауылдарына шабуылы. Нұралы ханның қашуы. Патша үкіметінің Нұралыны биліктен тайдыру жөніндегі шешімі. Кіші жүзді үш бөлікке бөлу. 1790 жыл – Есім ханды сайлау.

1791 жыл – патша үкіметінің Ералыны хан етіп тағайындауы. Халық наразылығы. Феодалдарға қарсы қозғалыстың кең өріс алуы

1797 жыл – Хан кеңесінің құрылуы. Сырым отрядының Илецк бекінісіне шабуылының сәтсіздікке ұшырауы. Феодалдардың халық көтерілісіне қарсы күресу үшін күш біріктіруі. Сырым Датов Хан басқармасының құрамына ендірілді. Көтерілістің тоқтатылуы.

41. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс. (1836-1838жж.)

Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер.

Көтерілістің себептері:

Ақшалай салықтың өсуі, Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі, Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу, Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты: Хан озбырлығына шек қою, Шаруалар жағдайын жақсарту, Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту, Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы 1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті. 1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы . 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.

1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .

Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі:Салық мөлшеріне шек қойылды.

Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды. Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.

Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы:XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс. Отаршылдыққа қарсы бағытталды. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері: Үстем тап өкілдерінің опасыздығы. Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы. Қару-жарақтың теңсіздігі.

Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.