Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / тарих / Силлабус+ИК+2006.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
118.27 Кб
Скачать

Бағалау ақпараттарына түсінік.

Дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу және ондағы белсендік міндетті және Сіздің соңғы бағанызды құрайтын бөлік болып табылады. Дәрістер оқулықтың негізгі тарауларын қамтығанмен теориялық мысалдар мен материалдарда тек дәрістерде ғана ұсынылады. Демек, сабақты жіберіп алсаңыз Сіздің үлгерімінізге және соңғы бағанызға әсер етуі мүмкін. Сабақты жіберіп алған және оқытушыны алдын-ала ескертпеген студенттер сол күнгі тапсырманы басқа уақытта орындау құқығынан айырылады. Екі рет кешігу немесе сабақ біткенге дейін кез-келген себеп бойынша кетіп қалу бір жіберіп алған күн деп есептеледі. Себепсіз сабақты жіберу үшін бір балл кемітіледі. Алайда, сабаққа қатысу сіздің бағанызды көбейтуді білдірмейді. Ол үшін Сіз сабақтарға белсенді түрде тұрақты қатысып отыруыныз қажет. Курстын міндетті талабының бірі әрбір сабаққа дайындық болып табылады. Оқулықтың тиісті бөлімдері мен тарауларын және қосымша материалдарды тәжірибелік және семинарлық сабақтарға дайындалу кезінде ғана емес, сондай-ақ тиісті дәріске қатысар алдында қарап дайындалу керек. Осындай тәсілмен Сіз жаңа материалдарды жеңіл қабылдайсыз және белсенді қатысасыз.

Қысқаша тестер

Қысқаша тестер өткен дәрістін немесе үй жұмысының бір сұрағынан тұрады және ол дәрістің алғашқы бес минутында өткізіледі.

Үй жұмысы

Үй жұмысы әр түрлі істерді, жағдайлық тапсырмаларды шешу, эссе жазу түрінде болады және оларды Сіз дербес орындауыныз керек. Тапсырмалар Интранет беттерінде ұсынылады. Ол тапсырмаларды барлық студенттер орындауға міндетті. 1,5 беттен аспайтын жазба мәтін көлем түрінде орындалып және 3-ші, 6-шы, 9-шы, 12-ші және 15-ші апталардың соңғы сабақтарында тапсырылуы керек. Үй жұмысын дайындау кезінде Сіз оқулықтардан және сабақтардан алған білімдерінізді қолданыуыныз қажет. Сіздің жазбаша бес үй жұмыстарыныз негізінде орташа бал шығарылады. Үй жұмысын уақытында орындау мен тапсыру қатаң ескеріледі.

Аралық емтихан

Аралық емтихан – емтихан болатын кезге дейін қаралған дәрістердің барлық тақырыптарын, істерді, үй жұмыстарын және оқу материалдарын қамтиды және ол семестр ортасында аттестациялық аптада өтеді. Аралық емтихан тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша ашық сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады.

Соңғы емтихан

Соңғы емтихан курс бойынша барлық материалдарды қамтиды. Емтихан жазбаша нысанда жүргізіледі және әртүрлі түрдегі тапсырмаларды қамтиды: көптеген таңдау берілген тест сұрақтары, ашық сұрақтар, жағдайлық тапсырманы шешу, дұрыс және дұрыс емес сұрақтары. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат. Егер студент төмен баға алған жағдайда, онда оны көтеру үшін ешқандай қосымша тапсырма берілмейді. Сондай-ақ емтиханды қайта тапсыруға рұқсат жоқ.

Баға қою саясаты

Сіз семестрдің соңында семестр бойы жұмыстарыныздын кумулятьивті көрсеткіші болып табылатын қорытынды бағаны аласыз. Соңғы баға ҚБТУ қабылданған бағалар шкаласына сәйкес қойылады.

Жазбаша үй жұмыстарын бағалау кретериялары: мазмұнының толықтығы, нысаны, жазу логикасы, тапсырудың өз уақыттылығы.

Жобаны бағалау кретериялары: жобамен жұмыстың жүйелігі және жасалған кестеге сәйкес жоспарланған этаптарды орындау, мазмұны, нысаны, жазу стилі мен презентация бойынша талаптарына сәйкестігі.

Емтихандық баға қою кретериялары: жауаптардың толықтығы мен дұрыстығы, жазу логикасы мен стилі.

Курс саясаты келесі талаптарды қамтиды:

Сабақтарға кешікпеу және оларды жібіріп алмау керек, сабақ уақытында ұялы телефондарды өшіру қажет, студенттер пунктуалды және міндетті болуы шарт. Барлық тапсырмаларды оқытушыға әрбір тапсырма үшін белгіленген уақытында тапсырылуы тиіс. Егер үй жұмыстарын 1 күн кешіктіріп тапсырсаныз 50% бағаны жоғалтасыз. 2 күн кешіктірсеніз үй жұмысы қабылданбайды. Егер Сіз дәлелді себептермен аралық емтиханға қатыса алмасаңыз, онда Сіз міндетті түрде оқытушыны алдын-ала емтиханға дейін ескертуіңіз қажет.Аралық емтиханды барлық студенттер жазып және оны сабақта талдағаннан кейін емтихан қабылданбайды. Емтиханды дәлелсіз себептермен жіберіп алсаңыз, Сіз оны тапсыру құқығынан айырыласыз.