Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
30
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
85.5 Кб
Скачать

1723-1797

Еділ мен Ар Сырым Датұлы бастаған көтеріліс ал аумағы

Себептері:

1773-75 ж. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысқан қазақтардың негізгі талаптары орындалмады.

Көптеген сұлтандар, билер, басқа да кіші жүздің ықпалды адамдары патша үкіметінің саясатымен келіспеді

Кіші, Орта жүздерінің кейбір аудандары Уфа, Симбирск губернияларына бағындырылды.

Жайық бойындағы жаңадан қоныс аударған көпестердің озбырлығы

жергілікті қазақтардың ашу– ызасын келтірді.

Мақсаты:

Жерді пайдаланужүйесін қалпына келтіру.

Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.

Нұралы хан мен оның жақтастарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс отаршылдық сипатында болды.

Басты қозғаушы күштері –

қазақ шаруалары. Олармен қатар патша үкіметінің саясатымен келіспеген үстем тап өкілдері, батырлар, билер де болды.Көтері-ліске қатысқан Кіші жүз рулары: жағалбайлы, шекті, беріш, таз, табын, шөмекей, алаш, серкеш, байбақты, қаракесек, төртқара т.б.

1784 ж. мамырда Сырым оралдық казактармен ұрыс жүргізді. Қараша айында Сырым жасағында 1000 адам болды. 1785 ж. көктемде Сырым 2700 адам жасақ жинады. 1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық атамандары Колпаков пен Пономарев бастапан әскер шоғырлары шығады. Сырым жасағы оларға партизандық соғыс жасайды.1786 ж. Хандық жойылды. 1790 ж. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп, інісі Ералыны хан етті. 1791 жылдың наурызында жазалаушылардан сақтау үшін, табын, кердері руларын шығысқа Мұғалжар тауларына ойысуды ұсынды.

1794 жылы Ералы хан өліп, 1795 ж. Есім хан болды. Ұлт-азаттық көтеріліс қайтадан өршіді. Сырымға енді Ерсалы, Қайсарлы деген батырлар қосылды. 1797 ж. 26-27 наурызда Есім хан өлтірілді. Көтерілісшілерді жазалау үшін 1797 ж. күзінде полковник Скворкин Сырымды қудалауды ұйымдастырды. Патша үкіметі 1797 ж. күзде хандық билікті қалпына келтіруге тырысты. Осыдан кейін Сырымға қарсы қуғын күшейді. Оған 800 адамммен Қаратай сұлтан қосылды. Сырым хиуа жеріне өтіп кетті. 1802 ж. Үргеніште Нұралы тұқымдары өлтірді.

Жеңілу себептері:

1. Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы.

2. Үстем тап өкілдері арасындағы алауыздық.

3. Ру арасындағы қайшылықтар.

4. Жазалаушы казак отрядының қару-жарағы мен күштерінің мықтылығы.

5. Қазақ феодалдарының Орал казактарына сатылуы.

6. Қазақ шаруаларының талаптарындағы әрқиқылылық.

Тарихи маңызы:1. Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалысы болды.2. Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.3. Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.

1836–1838

Еділ-Жайық

Бөкей ордасындағы И.Тайманұлы және

М.Өтемісұлы бастаған көтеріліс

Себептері:

Патша үкіметінің Ішкі Ордадағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі (Юсупов, Безьородко т.б.) бұл жерлерді пайдаланғаны үшін қазақтардың салық төлеуі.

Әр шаңырақтан хан сарайына 70 сомдық жылқы жиналуы.

Салық ауыртпалығы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы.

1833ж. Жәңгір Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріне билеуші етіп қоюы.

Мақсаты:

Хан озбырлығына шек қою.

Шаруалар жағдайын жақсарту.

Жер мәселесіндегі отаршылдық саясатын өзгерту.

Әскери бекіністерді салуды тоқтату.

Антифеодал-дық, патша үкіметінің отаршылдық сипатында болды.

Негізгі қозғаушы күштері –

қазақ шаруалары. Жәңгір ханның саясатын қолдамайтын билер мен старшындар қатысты.

1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды.Исатай,Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастаған әскер күші көмекке келді. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.

Жеңілу себептері:

1. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдерінің опасыздық жасап, сатылып кетуі.

2. Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым, қару-жарағының мықты болуы.

3. Стихиялылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

Тарихи маңызы:

1. 19 ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

2. Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

3. Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

1837-1847

Бүкіл Қазақстан жері

Хан Кенесары Қасымұлы бастаған

ұлт-азаттық қозғалыс

Себептері:

XIX ғ. 20ж. Қоқан бектері мен Хиуа хандарының Қазақстанның оңтүстігіндегі қазақтарды алым – салықпен қинауы.Патша үкіметінің 1822ж. жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастырып, қазақ шаруашылығын қиратуы.

1836ж. Қоқан ханының оңтүстікке қоныс аударған Саржан Қасымұлын өлтіруі.Мақсаты:

Ресейдің отарлау саясатына шек қою.

Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігн сақтау.Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шебтердің салуын тоқтату.Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандарының езгісінен азат ету.

Көтеріліс отаршылдық сипатында болды.

Негізгі қозғаушы күштері – қазақ шаруалары. Жалпы, көтеріліске үш жүздің қазақтары, сонымен қатар ақсүйектер, сұлтандар, үстем тап өкілдері де қатысты.

1838 ж. Ақмола қаласын қиратты. Қоңырқұлжа аулын шапты. 1840 ж. күзде Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, бай-шожарларға күрес бастады. 1841 ж. халық Кенесарыны хан етіп сайлады.1841-42 Созақ, Сауранды алды. Кенеге қарсы орыс соғысы 27 маусымда басталды. 1844-45 Кенесары өз әскерінің санын 20 мың адамға жеткізді. Негізгі күшпен Константиновск (Ақмола) бекінісін шауып, Жантөрин әскерін қоршайды. Ондағы 44 сұлтанды өлтірген. 1845 ж. Кенесары Ұлы жүзге қоныс аударды. 1845 ж. қазан-қараша айларында Кенесары әскері Қоқан хандығына жорыққа аттанды. Қорған, Жаңа Жүлек, Созақ бекіністерін алады. Ақмешітті қоршайды. Бірақ жұқпалы ауру шығуға байланысты кері қайтады.1847 ж. сәуірде Кенесары жасақтарымен қырғыз жеріне басып кірді. 1847ж. Майтөбеде Кенесары қырғыздардан жеңіледі және қаза табады.

Жеңілу себептері:

1. Көптеген қазақ феодалдары Кеңсарыны қолдамады.

2. Қазақ халқы арасында рулық алаусыздықтар, руға жіктелу басым болды.

3. Оңтүстікте Қоқан бектеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста әлсіреген Кенесары қолы Ресей патша үкіметіне қарсы тұра алмады.Тарихи маңызы:

1. Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.

2. 19 ғ. бірінші жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі.

3. Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті.

4. Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

XIXғ. 50ж.

Оңтүстік Қазақстан, Арал теңізі, Сырдария, Қуандария, Амудария аралығы

Сырдария қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығу себептері:

  • Әскери күшпен салық жинауы.

  • Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында көптеп қамал тұрғызуы.

Мақсаты:

  • Өз жерлерін Хиуа, Қоқан хандығының тепкісінен босату.

Ресейдің отарлауына қарсы, Хиуа хандығының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодал-дық ірі көтеріліс.

Көтеріліске

қазақ және қырғыз шаруалары қатысты.

1843 ж. Қуандария бойындағы хиуалықтар тұрғызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж. осы қамалды қайта тұрғызуға келген 2000 хиуа әскерін жеңді. Бұл жылдары хиуалықтардың екінші қамалы Бесқала талқандалды. Орыстарға қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж. желтоқсан айында басталды. 1857 ж. Қаңтарында әскері 5000 адамға жетті. 1856 ж. соңында Жанқожа Қазалы фортын қоршады. Ақмешіттен генерал-майор Фитингоф бастаған әскери топ келді. Оның құрамында 300 казак-орыс, 320 жаяу әскер, үш зеңбірек және екі ракеталық қондырғы кірді. Көтеріліс жеңілді.

Жеңілу себептері:

1. Күрестің стихиялылығы.

2. Ұйымдастырудың әлсіздігі.

3. Феодалдардың опасыздығы.

Тарихи маңызы:

1. Қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы.

2. Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.

Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс

Себептері:

  • Арал теңізінің батыс жағындағы Үлкен және Кіші Борсықты, Сам құмын, Сағыз, Жем өзендерінің бойын мекендеген шекті руына түтін салығының салынуы

  • әскери мақсат үшін күш-көлік алу

  • бекініс салынуы салдарынан жер талылуы

Ресейдің отарлауына қарсы бағытталған антифеодал-дық көтеріліс.

Қозғаушы күштері – қазақ шаруалары.

1855 ж. көтерілісті басу үшін Орынбор әкімшілігі сұлтан Арыстан Жантөрин басқарған қазақ жасақтарын жіберді. Оған сұлтан Тәукин, ал Орал бекінісінен майор Михайлов казак-орыс әскерімен аттанды. Екі жақ арасында қырғын соғыс болды. Сол жылдың 8 шілдесінде Есет жасақтары Жантөриннің лагеріне шабуыл жасайды. Оны өлтіреді. Бірақ қару жоқтығынан көтерілісшілер шегінеді. Қолға түскен Есеттің 18 адамын патша үкіметі Сібірге айдап, 3 адамын атады. 1858 ж. қыркүйекте Бородин басқарған патша әскері Есет бастапан көтерілісшілерді Сам құмында талқандады. Есет көтерілістен бас тартып, үкіметке адал болуға уәде берді.

Жеңілу себептері:

1. Күрестің стихиялылығы.

2. Ұйымдастырудың әлсіздігі.

3. Феодалдардың опасыздығы.

.

Батыр Есет Көтібарұлы бастаған

көтеріліс

Себептері:

  • Реформа бойынша жер патша үкіметінің меншігі деп жарияланып, жердің территориялық негізінде қолданылуы.

  • Салықтың көтерілуі.

  • Патша үкіметінің жазалаушы отрядтарының қазақ ауылдарына жақын келуі.

Мақсаты:

  • Еркін көшіп-қонуды сақтау.

  • Жер сатуды тоқтату.

  • Уезд бастықтарын бекіту шарттарын жою.

  • Салықты жою.

Отаршылдық-қа қарсы және антифеодал-дық сипатта болды.

Қозғаушы күштері –қазақ шаруалары және артықшылық-тарынан айырылған ру билеушілері.

Маңғыстау-дағы көтеріліске негізінен адай руының халқы қатысты.

1869ж. 6 мамырда 20000-ға жуық көтерілісші Жамансай көлінің маңында Орынбордан жіберілген жазалаушы отрядты қоршап алып жеңді.1869ж. наурыз, маусым айларында 30000-ға жуық көтерілісшілер 41 рет жергілікті бай феодалдарға шабуыл жасаған. Патша үкіметі бұл көтерілісшілерді басу үшін Рукин, Коморовский басқарған жазалаушы отрядтарды жіберді. Азаттық көтеріліс аса қаталдықпен жазалаушы отрядтар күшімен басылды.

1870ж. 16 наурызда патша үкіметі «Ережелеріне» қарсылық ретінде көшуге ыңғайланған адай руын қайтару мақсатында Рукин бастаған жазалау отрядтары аттанды. Бұл отрядттарды Бозощы түбегінде И. Тіленбайұлы, Д. Тәжіұлы бастаған шаруалар талқандап, Рукинді өлтірді. 1870ж. 5 сәуірде көтерісшілер Александровск фортына шабуыл жасайды. Көтерілісшілерді басу үшін Кавказ билеушісі Апшерон полкінен және казак отрядынан жазалаушыларды жібереді. Бұл жазалаушылар көтерілісті аяусыз жаныштайды.

Жеңілу себептері:

1. Ақсүйектер мен феодалдар өз мүдделерін ойлап, опасыздық жасады.

2. Шаруалардың қару-жарағы нашар болды.

3. Көтерілісшілер арасында ауызбірлік болмады.

4. Көтерілісшілер өз мақсаттарын толық түсінбеді.

Тарихи маңызы:

1. Тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы.

2. 19 ғасырдың 70-80 жылдарындағы Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

1916 ж.

Бүкіл Қазақстан

1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс

Себептері:

  • 1916ж. 25 маусымдағы патшаның «соғысып жатқан аудандарға қорғаныстар мен әскери қатынастар орнату жөніндегі жұмыстар үшін», яғни қара жұмысқа Қзақстан мен Орта Азиядан бұратана халықты алу туралы жарлығы.

  • Қазақстан мен Орта Азиядан қара жұмысқа 19 – 43 жас аралығындағы 500 мың адамның алынудың көзделуі.

Мақсаты:

  • Қарусыз халықты патша жазалауының құрбаны етпеу.

  • Ұлттық автономия құру.

Ұлт-азаттық көтеріліс. Қозғаушы күштері – ұлттық қолөнершілер, қазақ жұмысшыла-ры, шаруалар.

Торғай көтерілісі (басшылары А.Иманов, Ә.Жангелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А.Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов бас сардарбасы болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.

  • 1916ж 3 тамызда 2000-ға жуық көтерілісші Асы мағында патша отрядына шабуыл жасады.1916ж 6 тамызда 5000 көтерілісші Самсы станциясын басып алды. Патша үкіметі 14 батальон, 42 зеңбірек, 97 пулемет қолданды.

  • Жетісуда халықтан 2510360 десятина жер тартып алынса, 237 мың адамды жазалаушы отрядтар Қытайға қуып жіберді.

1916ж қыркүйекте Торғайдағы көтерілісшілер саны 2000-ға жетті, қарашада 5000-ға жетті.1916ж 15000 көтерілісшілер Торғай қаласын қоршады. Патша әскерімен көтерілісшілер партизандық жолмен де көтеріліс жүргізді. Көтеріліс аяусыз басылды.

Жеңілу себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқылығы.

2. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.

3.Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы.

4. Қазақ феодалдарының сатқындығы.

Тарихи маңызы:

1. Қазақ халқының революциялық таптық санасы өсті.

2. Қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.

3. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын түсінді.

4

Соседние файлы в папке тарих