
- •3) Қазақстан тас дәуірінде.
- •9) Түрік қағанаты
- •19) Әбунасыр Әл-Фараби
- •21)Алтын Орда
- •22) Ақ Орда
- •23) Ноғай Ордасы
- •24) Моғолстан мемлекеті
- •25)Әбілқайыр мемлекеті
- •26) Қазақ хандығының құрылуы.
- •27). «Қазақ» этнонимі.
- •29) 17Ғ-ғы қазақ хандығы
- •30) Қаз-н 17-18ғғ.
- •33) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қарсы бірлескен күресі.
- •34) Қазақстанның Ресейге қосылуы: негізгі кезеңдері мен тарихи шарттары.
- •35)Абылай хан және оның Қазақ хандығының тұтастығын құрудағы ролі.
- •36)Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуы.
- •37) Сырым Датұлы басқарған 1784-1797жж Кіші жүздегі көтеріліс
19) Әбунасыр Әл-Фараби
Қазақ жерінде түып өскен ұлы ойшыл, әмбебап-ғалым. Мұсылмандық Шығыста «Екінші ұстаз» (Аристотельден кейінгі) ретінде белгілі болған оның қызметі X ғ. Қатысты. Ол 870 жылы түрік отбасында Фараб (Отырар) қаласында туған. Ол өзінің ана тілі-түрік тілінде оқиды, кейін Халифаттың мәдени орталығы болған-Бағдатқа барады. Сонда араб тілін біліп үйреніп, ежелгі грек философиясы мен математиканы, логика мен медицинаны, музыка мен тілдерді оқып үйренеді. Ол грек ойшылы Аристотельдің еңбектерін ынта қойып оқиды, одан кейін әлемдік озық дәстүрлермен жан-дүниесін байытады да орта ғасырдағы араб шығысының негізгі идеялық ғалымдарының біріне айналады.
Әл-Фараби өзінің көзқарасымен ибн Синаға, ибн Буттутаға, ибн Туфайльға, ибн Рушдқа, еуропалық философия мен ғылымға айтарлықтай ықпал жасады. Ол түрлі елдерде тұрса да отанын ұмытқан емес, өзінің түріктерге жататынын әрқашан айрықша атап көрсеткен. Әл-Фараби 950 жылы Дамаскіде қайтыс болды.
Біздерге жеткен деректерге қарағанда, Әл-Фараби 100-ден астам трактат жазған. Әзірге олардың 32-ғана табылған. Логиканы ол эмпириялық мәліметтер мен оның шындығын дәлелдеуге нағыз әмбебап құрал ретінде барлық ғылымдардың негізі деп білді.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-этникалық ілімі «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап» утопиялық идеяға негізделген. Рухани және дүниелік билікті қоса алып жүретін зиялы әкім игілік пен әділеттіліктің барша шындығын танып, оған азаматтарын сендіре алса, онда олардың күштерін бірлестіре отырып бақытты өмір құратынына үміт артты.
Махмұд Қашқари
ХІ ғасырдағы әйгілі автролардың бірі Махмұд Қашқаридың есіміне байланысты түрік тіліндегі әдебиет тез дамыды М.Қашқари өміріндегі жинақтаған байқауларын өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» («Түрік тілінің сөздігі (1072-1083)») деген кітабында қорытындылады. Оны ежелгі ортағасырдағы түріктердің халақтық өмірінің нағыз энциклопедиясы деп атауға болады.
Сөздік қазіргі кезде ХІ ғасырдағы түріктер өмірі, олардың материалдық мәдениетіндегі өзгерістер, нақты тұрмыс-тіршілік салты,фольклоры, этникасы мен топонимикасы, этнографиясы, рулар мен тайпаларға бөлінуі, терминдер мен олардың қасиеттері, титулдар мен лауазым адамдары, тағамдар мен ішімдік аттары, өсімдіктер мен дақылдар, халықтық күнтізбе және т.б. жайында мағлұматтар беретін бірден-бір ақпарат көзі.
Жүсіп Баласағұн
Жүсіп Баласағұн өзі «Құзорда» деп атаған Баласағұн қаласында 1015 немесе 1016 жылы түрік шонжарының отбасында дүниеге келді.Сол замандағы оқыған, ірі ғұламалардың бірі және бірегейі. Ол «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік») дастанын жазды, ол 6520 бәйіттен (85 тараудан) тұрады және оның 124 бәйіттен құралған қосымшасы бар. Бұл дастан - жай этикалық-моралдық трактат емес, автордың пікірінше, ол идеалды қоғамның нормаларын, ондағы түрлі сословиелік адамдардың мінез-құлқының ережелерін, билеушілер мен бағыныштылар арасындағы өзара қарым-қатынас ережелерін сипаттайтын терең мағыналы философиялық-дидактикалық шығарма. Дастан кіріспесінде атап көрсетілгендей, ол «түрік сөздерімен бограхандық тілде» жазылған. «Егер осы тілде жазылған (осындай) кітаптар көп болса, бұл біздің тілде даналықтың басын қосқан тұңғыш жинақ», -дейді автор.
Аталмыш дастан мазмұнының байлығы, тілінің көркемдігі жағынан дүниежүзілік әдебиеттегі тамаша ескерткіштердің бірі, ол қарахандар заманындағы гүлденген мәдениеттің куәгері.
Қожа Ахмет Яссауи
Қожа Ахмет ибн Ибрагим әл Иассауи (басқа нұсқаларда Қожа Ахмет Иассауи Хазірет Сұлтан, Иассауи, Иассеви) дәуіріш, әулие сопы ілімін насихаттаушы, ақын - мұсылман әлеміне танымал тұлға..
Ахмет Иассауи XI ғасырдың аяғында Испиджаб (қазіргі Сайрам) қаласында Ифтихад ұлы Иахмед, Махмедтің ұлы Ибраһим пірдің семьясында туған. Бала өте қабілетті боп өскен, сондықтан ата - анасы оны жергілікті түрік хазіреті сопылардың ұстазы Арыслан - Бабаға шәкірттікке берген (басқа нұсқалар бойынша, Арыслан-Баба, Арыстан-Баба).
Арыстан-Бабаның кеңесімен Иассауи Халифаттың діни-рухани Орталығы - Бұхараға барған. Мұнда ол шейх Қожа Жүсіп әл Хамадинидің басшылығымен діни-адамгершіліктің, жетілудің, сопылықтың толық діни ұстазынан ақиқатты танудың сопылық жолы - тариқатты оқыту үшін рұқсат алады. Жүсіп Хамадинамен бірге жас Иассауи Меккеге алғаш рет қажылыққа барады, мұнда өз уақытының танымал сопыларымен кездесіп, өзінің рухани өмірін байытады. Қысқа мерзім ішінде ол сопылық діни ағымның дінбасына айналады. Түріктік тайпалар мәдениетін дамытуда да Ахмет Иассауи ролі айрықша, оның "Диуани Хикмет" өлеңдер кітабы сол кездегі араб және парсы тіліндегі жазу дәстүріне қарамастан түрік тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ диалектісі). "Диуани Хикмет" араб тілінен "өсиеттер жинағы" деп аударылады. Бізге XII ғасырдан жеткен ортағасырлық осы әдебиет ескерткіші бүкіл түркітілдес халықтардың ортақ мұрасы болып табылады.
Осы кезге дейін иассауи еңбектері өлең түрінде болды, 1990 жылы ҰК қолжазбалар қорынан прозамен жазылған философиялық еңбегі табылды. Бұл – "Рисала" (трактат) "Миратул кулуб". "Ақыл айнасы" – "Диуани Хикмет" – поэтикалық шығарма, ескі түркі тілінде жазылған (оғыз-қыпшақ). "Рисала" ислам қағидаларын түсіндіретін прозалық шығарма. Қағаздың көнелілігі мен жазылу мәнеріне қарағанда "Рисала" "Диуаниден" ерте жазылған деп ойлауға болады. Онда Мағрипат, Шариғат, Тарихат, Хакиқат ретіндегі ислам ілімінің негіздері жеке қаралады және Құран аяттарына түсініктеме беріледі.