Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
238.59 Кб
Скачать

41)Махамбет Өтемісұлы мен Иса-

тай Тайманұлы (1836-1838 жж.)

Территориясы: Жайық пен Тобыл-

дан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі жер.

Көтерілістің себептері:

--Ақшалай салықтың өсуі.

--Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.

--Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.

--Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты: 1..Хан озбырлығына шек қою.

2.Шаруалар жағдайын жақсарту.

3.Жер мәселесіндегі патша үкіметі-

нің отаршылдық саясатын өзгерту.

4.Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы 1.1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыла-

рын тұтқындауды тапсырды.

2.Қарауылқожаның Исатайга бері-ліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.

3.1837 жылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.

4.1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы .

5.1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті

6.1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шай-

қасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.

7.1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.

8.Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .

Көтеріліс басшысы Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі: 1.Салық мөлшеріне шек қойылды.

2.Патша үкіметі қазақ старшында-

рымен санасатын боды.

3.Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

4.Қазақ феодалдарының отаршыл-

дык басқарумен байланыста екенін көрсетті.

5.Әртүрлі халықтардың қанаушы-

ларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы: 1.XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.

2.Отаршылдыққа қарсы бағытталды.

3.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері:1.Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.

2.Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.

3.Қару-жарақтың теңсіздігі.

4.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

5Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

42) Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс (1837-1847ж.)Алғышарттары:

1.XIX ғ. 20-шы жж. Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады.

2.XIX ғ. 20-30 жж. Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады.

3.1822 ж. Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шаруашылығын құлдыратты.

Мақсаты: 1.Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.

2.Қазақ жерлерін бекіністер мен округттік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

3.Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Көтеріліс барысы Көтеріліс бүкіл үш жүзді қамтып ,ұлт-азаттық сипат алды.

1.1837 жылдың күзі – көтерілісшілер отрядтар ұйымдастыру.

2.1837ж. қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.

3.1838ж. 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өрттеп жіберді.

4.1838ж. жазы мен күзінде Орта жүз қазақтары Кенесары тобына жинақталды.

5.1838ж. күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.

6.1841ж. Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. 7.1845ж. қазан, қарашада көтерілісшілердің Созақ, Жаңа Жүлек, Қорған бекіністерін алуы және көтеріліс бағытын Түркістан, Ташкентке қарай бұруы.

8.1847ж. сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.

9.1847ж. Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты

Көтеріліс басшысы Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 жж.).

Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруала- ры.

Тарихи маңызы:1.Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс. 2.XIX ғ. I жартысындағы Ресей азаттық көтерілістерінің құрамдас бөлігі. 3.Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті. 4.Қазақ елінің ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байланыстылығын көрсетті. 5.Халықтың ұлттық сана-сезімінің өскендігін дәлелдеді.

Жеңілу себептері: 1.Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі. 2.Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы. 3.Руаралық қайшылықтар. 4.Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсету. 5.Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы

43) Жанқожа Нұрмұхамедұлы (XIX ғ. 50 жж.)Территориясы: Хиуа хандығыҚоқан хандығына қарсы қазақ, қырғыз, шаруалары күресінің басталуының негізгі себептері: 1.Ташкент билеушісі Мырза Ахметтің қазақ , қырғыз жерлерін күштеп тартып алып, өз жақындарына беруі, 2.Салықтың көбеюі ,тұрмыс кұрмаған әйелдерге арнап 3сом 50 тиын қосымша салық салуы. 3.Жергілікті тұрғын балаларын Орта Азия базарларына сатуы.

Көтеріліс барысы 1.1857жылы 9 қаңтарда Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді. 2.Наразылық басқа аймақтарда да күшейді. 3.Көтерілісшілер Әулиеата,Токмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.

Қозғаушы күштері 1.Көтеріліс 1858 жылы наурызда Аулиеата манында болды. 2.Негізгі қозғаушы күші – қазақ ,қырғыз шаруалары.

Көтеріліс басшысы: Жанқожа Нұрмұхамедұлы. 1860ж. патшаның жазалаушы отрядімен Жанқожа өлтірілді.

Жеңілу себептері: 1.Күрестің стихиялылыгы. 2Ұйымдастырудың әлсіздігі. 3.Феодалдардың опасыздығы.

Тарихи маңызы:1.Қазақ , қырғыз біріккен қозғалысы. 2.Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей кұрамына кіруге алғышарт жасалды.

Есет Көтебарұлы (1847-1858 ж.)

Территориясы: Батыс Қазақстан

Себептері Отаршылдыққа қарсы. Хиуаға, Ресейге қарсы

Мақсаты:Қазақ жерін отаршылдықтан азат ету, елін, жерін Ресей, Хиуа зорлық пен зомбылығынан қорғау

Көтеріліс барысы: Көтеріліс отаршылдыққа қарсы, феодалдық басқыншылыққа қарсы.

Қозғаушы күштері: Қарапайым халық, отар болған қарапайым малшылар, шаруалар, ауыл тұрғындары.

Көтеріліс басшысы: Есет Көтебарұлы. Сексенге дерлік келген Есет Көтібарұлы қайтыс болып, Ақтөбе облысындағы Шалқар станциясына жақын Шолақжиде өз руының зиратына жерленді.

Жеңілу себептері, Есет көтерілісіндей:1.Күрестің стихиялылыгы. 2.Ұйымдастырудың әлсіздігі. 3.Феодалдардың опасыздығы.

Тарихи маңызы: Қазақ халқының саяси сезімі өсті.