Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
238.59 Кб
Скачать

33) Қазақтардың жоңғария жаулаушыларына қар

сы бірлескен күресі.1726ж. Ордабасы деген жерде(Қа-

зіргі Шымкенттің оңт.батысында) қазақ жүз-

дері басшыларының тарихи жиналысы болды. Тор-

ғай даласының оңт.шығыс жағында, Бұланты мен Беле-

уіт жағасында, кейін «Қалмақ қырылған» атанған

Қара сиыр дейтін жерде қазақ жасақтары қалмақтарды жеңді. 1729 ж. Қордай жотасы сілемдерінің солтүсті-гінде (Жамбыл облысы), Балқаштың оңтүстігінен

120 шақырым қашықтықтағы Итішпес кө-

лінің жағалауында қарама-қарсы тұрған 2 әскери

күш–қазақтар мен қалмақтардың тағы бір бірнеше күнге созылған қиян-кескі соғысы болды. Қазақтар бұл жер-

ді «Аңырақай» деп атады. Аңырақайдағы шай-

қаста жеңілгеніне қарамай жоңғар мемлекеті Қа-

зақ хандығына қатерлі қауіпті одан әрі жалғастыра бер-

ді. Олар 1734 ж. қазақ жеріне өзінің 2-ші жоры-

ғын жасады. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандық-

тан Орта жүз 1735 ж. Ресейдің қол астына өтуге

тілек білдірді. Ойраттар 1740 ж. күзде Орта жүз жер-

іне басып кірді. Бұл жолы олар қуатты қарсылыққа

тап болды. 1741 ж. ақпанда қазақ ауылдарына қайта-

дан шабуыл жасады. Ұрысты үдете отырып, батыс-

қа қарай ілгері жылжиды. Шайқастардың бірінде сұл-

тан Абылай өзінің жақын серіктемтерімен бір-

ге қапылыста тұтқынға түседі. Тұтқыннан қайтқан-

нан кейін Жоңғарияның билеушісі Ғалден Серен

мен Абылай арасында формалды түрде дос-

тық қатынастар орнайды, бірақ бұл ұзаққа бармай-

ды. Ғалден Серен өлгеннен кейін 1752 ж. қыркүйек-

те 20000 қолмен ойраттар қазақтардың қонысына ба-

сып кіреді. Сонымен, қазақ халқының 135 ж. (1623-

1758 ж.ж) созылған Ұлы азаттық соғысы аяқта-

лып, жоңғария жаулаушылары қазақ жерінен біржо-

лата қуылды.

34) Қазақстанның Ресейге қосылуы: негізгі кезеңдері мен тарихи шарттары.Қазақ қоғамы басшыларының

Ресейге үміт артуы сол кезде алған күрделі жағдайдан

шығудың жолы еді. Қазақ жеріне шапқыншылығын

қоймаған жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген

шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 ж.

басында Кіші жүздің ханы Әбілқайыр Петерборға

Қойбағар Көбекұлын елшілікке жібереді. Ондағы мақ-

саты Ресейден жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса,

қолдау табу. 1730 ж. маусымда Әбілқайыр өзіне

бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын

сұранып патша Анна Ивановнаға тағыда өтініш хат

жолдайды. 1731 ж. 19 ақпанда патша әйел Әбілқайыр

ханға және «Бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің

қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы Грамота-

ға қол қойылды.1730 ж. 10 қазанда Әбілқайыр және

оның серіктері тиісті құжатқа қол қояды да оны Ресей-

дің елшісі А.И.Тевкелевке табыс етеді». Ресейдің

Қазақстанды отарлауы Әбілқайыр қол қойған актіден

басталады. 1731 ж. аяғында Орта жүз 1738 ж. Ұлы жүз

ханы Жолбарыс ханға Анна Иоановна Грамота жібере-

ді. 1746 ж. Албан, Суан, Үйсіндер Ресей қол астына

кіреді. Қазақстанды отарлауды 3 кезеңге бөлуге болады.

1) 1731-1822 бұл кезеңде Қазақстан протекторатын-

да болды, яғни формальді бодандық (заң жүзінде

тәуелді, іс жүзінде тәуелсіз)

2) 1822-1867 Ресейдің әскери-әкімшілік саясатының

жүзеге асырылуы.1822 ж. Орта жүзде, 1824 ж. Кіші

жүзде хандық билік жойылды. Қазақстан жерінде

Ресей империясының заңдары орныға бастады.

3) 1867-1917 ж.ж осы кезеңде Қазақстан түпкілікті

Ресей отарына айналды.Отарлау заманында 200-дей

ұлт-азаттық көтерілістер, толқулар

1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын

басқару туралы уақытша ереже қабылданды».

1868 ж. 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал

-губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже қабылданды».

Осы 2 ережеге сәйкес Қазақстан жерін 3 генерал-губернаторлыққа бөлінеді.

1) Түркістан г.-г., орталығы Ташкент (Сырдария мен Жетісу).

2) Батыс Сібір г.-г., орталығы Омбы(Ақмола, Семей).

3) Орынбор г.-г., орталығы Орынбор (Торғай, Орал).