
4. Кақлы тайпаларының бірлестігі
(б. з. д. Ш— 6. з. VII ғғ.)
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар. «Канпой, кангха, Кангю-Тарбанд» сөздерінін көрнекті ірі елдерінің жазба деректерінде сақталуының өзі каңлы тайпалар бірлестігінің жай ғана ру-тайпалық деңгейде өмір сүріп қоймай, олардың мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, ол елдермен теч, дәрежеде қарым-қатынас жасағандарын да көрсететін сияқты. Ал кавпой немесе қаңлы эпгнонимінің мағынасы немесе онын пайда болған мерзімі осы күнге дейін белгісіз. Ғылыми пікірлер бойынша, қаңлы тайпаларын, қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары, делінген.
Қанлы тайпаларын қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халкының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В.В. Бартольд. Ол жазба деректерді қорытындылай келіп, қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Бұл пікір тарих ғылымында соңғы кезге дейін өз күшінде. Қайта түркі руникалық жазуының маманы С. Г. Кляшторный да оның пікірін қолдап отыр. Сонымен бірге түркі жазуындағы канпо-тарбанд сөзін көне Отырар қаласының аты деп те болжау айтқан С. Г. Кляшторный. Ал соңғы кезде каңлылар туралы жазба деректерді толық қарастырып, бір жүйеге келтірген Б. А. Литвинский.
Қытай деректеріндегі Чжан-Цянніц хабары бойынша б. з. б. III ғ. Қаңлы тайпалар бірлестігінін орталығы Битән қаласы болған. Ол Үйсін тайпаларының орталығы Шығыс қаласының солтүстік батысында 2 мың миль жерде орналасқан. Соңғы кездегі ғылыми зерттеулер де осы хабарды басшылыққа алуда. Алайда, Битән қаласы Сырдарияның бойында деп айтылып жүргенімен, оның дәл қандай жерде орналасқандығы осы уақытқа дейін анықталмай отыр. Кейбір пікірлерге қарағанда, Кангю-Тарбандтың алғашқы кезі осы Битән болмады ма деген ойды туғызатын сияқты. Бүл мәселе әлі де болса өзінің зерттелуін күтіп тұрған проблемалардың бірі.
Біздің з. б. I ғ. басындағы деректердің хабарлауына қарасақ, Ғүн тайпаларының көсемі Чижичжидің Қытай патшасынын қол астында болудан бас тартып, каңлылардың Талас бойындағы иелігіне келіп орналасқан. Бқлардың арасында алғашқы кезде келіспеушіліктер болса, ол кейіннен келісімге келіп, бейбіт жағдайда іргелес отырып өмір сүрген. Кейде қаңлылар ғүндармен келісе отырып, Үйсін тайпалары мен ауық-ауық шайқасып та отырған.
Қаңлылар туралы орта ғасыр кезіндегі хабарды (1246) Плано Карпиниден білеміз. Ол монғол жеріне барып қайтқан сапарында Қаңлылардың жерін басып өткендігін, олардың қуманша (қыпшақша С. Ж.) сөйлейтіндерін хабарлайды. Бұл хабар қаңлы тайпаларынын түркі тілде сөйлегендігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының алдында Қаңлы тайпаларының бірлестігі үлкен проблеманың бірі болып отыр. Оған басты себеп: жазба деректемелер бойынша, бұл тайпалар тек Қазақстан көлеміңде ғана емес, Орта Азия, Кавказ жерлеріне дейін араласып, ол жерлерде өздерінің биліктерін жүргізген.
Бұл мәселе өз деңгейінде зерттелсе, жалпы бір тиянақты ғылыми тұжырымға келуге болар еді.
Қытай деректеріне қарағанда, қаңлы тайпаларының иелігінде Сусе, Фуму, Юени, Ги, Юегень деп аталатын бес аймақ болған. Бұл жерлердегі бүгінгі аудандармен салыстырып, пікір айтуға келгенде тарихшы-археолог ғалымдар арасында әртүрлі талас пікірлер туып отыр. Бұл пікірлердің ішінде тек бір жерден шыққан екі аймақ. Оның Юени-Ташкент аймағы болса, екіншісі Юегень-Хорезм аймағы. Ал А. Н. Вернштамның пікірі бойынша, Сусе — Сырдарияның орталық ағысымен, Қаратаудың солтүстігі. Ал Фуму — Сырдарияның орталық ағысындағы Жаңақорған қаласынан солтүстік батысқа қарай Қазалыға дейін болса, ал Ги — Сырдарияның төменгі ағысы. С. П. Толстовтың пікірі бойынша, қаңлы тайпаларының саяси орталығы Хорезм қаласы. Алайда бұл пікірді Б. В. Андриянов қолдаса А. Н. Бернштам оган қарсы болған.
Археологиялық және жазба деректердің бір-біріне сәйкес келуі қаңлылар өздерінің солтүстік-батыс жағындағы алан, сармат тайпаларымен қарым-қатынастары бейбіт әрі достық, жылы жағдайда болғандығы анықталып отыр. Әсіресе, археологиялық материалдар бұл тайпалардың әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан бір-біріне ұқсас болғандығын да көрсетеді.
1930 жылдан бастап Арал бойында және Сырдарияның теменгі ағысындағы қаңлы тайпаларының археологиялық ескерткіштеріне ғылыми зерттеу жүргізген С. П. Толстов. Ал 1940 жылдары Орта Азия жерінде қаңлы ескерткіштерін зерттеген Г. В. Григорьев.
Қазақстан ғалымдары да қаңлы тайпаларының проблемасымен арнайы айналыспагандарымен, өздерінің ғылыми жұмыстарында бұл мәселеге аз да болса назар аударған. Олардың ішінде А. Н. Бериштам, Ә. X. Марғұлан, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевичтер болды. 1960 жылдарда бұл дәуірдің тұрақты қоныс қорымдарына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгендер А. Г. Максимова, М. С. Мершиев, Б. И. Вайнберг, Л. М. Левина. Соңғы ғалым қаңлы проблемасының шешілуіне басты қатысы бар керамика мәселесінің зерттелуіне үлкен еңбек еткен.
1970 жылдан бастап қаңлы мәселесіне аса назар аударып, олардың тарихына көңіл бөліп жүрген ғалым К. М. Байпаков.
Жоғарыда келтірілген деректермен археологиялық зерттеулерден шығатын басты қорытынды, қаңлы тайпаларының негізгі өсіп өнген тұрақты ата мекен жері Оңтүстік Қазақстан жерінде Сырдария, Талас өзендерінің аңғарлары, Қаратаудың солтүстік-оңтүстік баурайлары болса, ал Батыста Арал теңізінің жағалауында өмір сүргендігі толығымен анықталып отыр.
Жалпы, Орта Азия, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген. 1.Қауыншы. 2. Жетісасар. 3. Отырар - |Қаратау мәдениеттері. Бұлай бөлудің өзі біріншіден материалдық мәдениеттегі заттардың жасалу мерзімдеріне байланысты болса, екінші олардың жасалуы жағынан болған өзгерістер ескерілген. Сонымен қатар әрбір аймақтың, ауданның жергілікті өзгерістеріне көңіл бөлінген немесе әрбір мәдениеттің бір-біріне тән ортақ қасиеттерінің болгандығы анықталған. Ал ондай жергілікті өзгерістер, ортақ қасиеттер, нәрселердің түрлерінің көбеюі, тек дамудың алгй жылжудың көрінісі екендігін ескертеді.
Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерінен алынған материалдарға байланысты, оның бірі Қауыншы кентінің атымен аталган. Бұл мәдениеттің тарихи тұрғындарының өмір кешкен мерзімі б. з. б. III ғ, мен б. з. IІІ ғ. арасы, Қазақстандық ғалымдар бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын жатқан Шардара су қоймасының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады.
Жақсы зерттелген ескерткіштер Ақтөбе I, II Шаушықүм қалашықтарының орындары мен Жамантогай, Теребайтүмсық зираты. Олардан алынған керамикалық ыдыс-аяқтар, жер кәсібіне және мал шаруашылығына пайдаланған құрал-жабдықтар мен қару-жарақтары да, қауыншы мәдениетнің материалдарына ұқсас.
Жетіасар мәдениетіне Сырдарияны төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайраларының ескерткіштері жатады. Олардың ішінде, Алтынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетіасар сияқты кенттер жақсы зерттелген, материалдары б. з. I мың жылдығының бірінші жартысындағы өмір кешкен қаңлы тайпаларының тарихи тұрғындарының өмір сүрген мезгіліне жатады.
Жетіасар мәдениетінің өзіне тән бір ерекшелігі тұрақты мекен-жай салуда, кауыншы мәдениетінің тұргындарына карағанда, құрылыс жүйелерінің күрделі әрі сапалы салынуы бірден байқалады.
Екінші бір өзгешелік, керамикаларындағы жергілікті айырмашылықтар. Бұл мәдениеттік ескерткіштеріне ұзақ жылдар бойы зерттелу жұмыстар жүргізген С. П. Толстовтың пікірі бойынша Жетіасар мәденитеін жасаушы қаңлы тайпаларына тохар және ғүн тайпаларының әсері болған.
Отырар — Қаратау мәдениетіне, Сырдарияның Орталық ағысы, Отырар аймағы және Қаратаудың теріскейімен күнгей бөктерлеріндегі ескерткіштер жатады. Жазба деректердегі хабарлар, керсетіліп отырған жерлерді қаңлы тайпаларының негізгі өсіп-өнген, этникалық ата-мекені болгандығын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан архерлоггары бұл мәдениеттің ескерткіштерінің зерттелуіне баса назар аударған.
Керсетілген аудандарда алғаш зерттек жұмысын жүргізген А. Н. Бернштам, қаңлы тайпаларының тұрақтай мекен-жайларынан алынған көзелерге анализ жасай келіп, олардың қауыншы мәдениетіне жақын ортақ белгілерін ескеріп, қауыншы-қаңлы қаратау мәдениеті деген атауды ұсынып, оны б. з. б. Ш I—II ғасырларында ғұмыр кешкен қаңлы тайпаларының мерзімімен белгілейді, Ал одан кейін бұл аймақта археологиялық жұмыс жүргізілген Е. И. Агеева мен Г. И. Пацевичтер, А. Н. Бернштамның пікірі қолдай отырып, өздерінің материалдарына байланысты қанлы тайпаларының өмір сүрген кезін археологиялық жағынан екі кезеңге бөледі. Бірінші, б. э. б. III—I ғ. ежелгі қаңлылар десе, ал екіншісін б. з. II—IV соңғы кезеніндегі қаңлылар.
Сырдарияның бойындағы қаңлы дәуіріне жататын ескерткіштерден алынған, көзелермен айналысып жүрген археолог ғалым Л. М. Левинаның пікірі бойынша, қауыншы мәдениетінің материалдары тек Ташкент аймағындағы өмір сүрген ру тайпаларға ғана тән десе, ол б. з. б. I ғ. бастап б. з. VIII ғ. алғашқы кезеңінде жатқызады.
Отырар қаласында кең көлемде қазба жұмысының жүргізілуіне байланысты, астыңғы мәдени қабаттан алынған көзелерге, қаланың аймағындағы Қостөбе I, Қостөбе II, Ботайтөбе және Арыс өзенінің аңғарларындағы қыстақ-кенттермен Қаратаудың бөктерлеріндегі қалашықтардан алынған көзелерге талдау жасай отырып, К. М, Байпаков өзінің жаңа пікірлерін ұсынады. Ол біріншіден, Отырар-Қаратау мәдниетімен, қауыншы мәдениетінің арасында кейбір жаңа ұқсас белгілері болғанымен, олардың жергілікті ерекше айырмашылықтарын көрсетеді. Ол өзгерістер, біріншіден, көзелердің пошымдарында болса, екіншіден олардың түрлі-түсті лай қабаттарымен сылануында.
К. М. Байпаковтың ұсынып отырған басты бір пікірі Арыс өзені мен Отырар аймағында б. з. б. I ғ. мен б. з. I ғ. ас және алан тайпаларының келіп орналасуы мүмкін дейді. Ал оларды қаңлы тайпасының қол астында болған бес аймақтың бірі Сусемен салыстырады. К. М. Байплкон мұндай пікірді керсетіліп отырған жерлерден табылған қос тұтқалы көзелердің Кавказдың теріскейінен табылған қос тұтқалы көзелермен ұксастығын салыстыра отырып айтады. Оған екінші дәлел етіп, жазба деректерге сүйенеді шындығында бұл көңіл бөлетін мәселе, жазба деректерде қаңлы тайпалары Кавказ жеріндегі тайпаларға өздерінің ыкпалын жүргізсе, ал алан, сармат тайпаларымен өте жақын бейбіт-туыстық қарым- қатынаста болған. Бұл мәселе әлі де болса, археологиялық және тарихи жағынан шешімін күтуде.
Сонымен қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне және оның аймағына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси өмірдегі әлеуметтік-экономикалық жағынан көптеген материалдар берді. Алғашқы көзге түсетін басты мәселе шикі кірпіштен жасалаған тұрғын жайлардың орындары. Үй-жайдың жанынан салынған қора-қопсы шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде жазылғандай «Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде өмір сүреді» деген хабарлар бекер айтылмаса керек.
Кенттердің айналасына жүргізілген арық, тоғандарда олар жиі кездеседі. Олар көп жағдайда егіндік жерлерге тартылған ірі өзендерден (Талас, Сырдария) тартылған омандар қаңлы тайпаларының отырықшы жер кәсібімен айналысқандығына дәлел. Тайпалар жерді көлдетіп суғару, тәлім суғару сияқты түрлі тәсілдерін білген. Жетіасар калашығының зерттелуіне қараганда оның аймағында Сырдарияның айырықтарын ортасынан буып бөгет жасап, егістікке тоған арқылы су шығарған. Ал таулы жерлерде, кішігірім таудан ағып шығатын өзен-жылғгаларды, бастаулардың суын егін суғаруға пайдаланған. Қазба жұмысының кезінде Қостебе, Ботайтебе, Ақтөбе қалашықтарынан ақ егістің де, кек егістің де егілгендігін көрсететін дәндер және түрлі тас үккіштер, соққылар, тас диірмендер табылған. Тұрғын жайлардың ішіне астық сақтайтын ұралар да көп кездеседі.
Тұрақты мекен-жайлардан төрт-түлікті үй жануарларының сүйек-саяқтары түгелдей кездеседі. Мүндай материалдардың айтарлықтай кездесуі каңлы тайпаларының отырықшы мал шаруашылығымен айналысқандығына толық дәлел.
Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарда, олардың әдет-ғұрпы, салт-саналарын баяндайтын көптеген материалдар табылған, Өлген адамдармен бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сән-салтанатты әшекай бұйымдар, о дүниеге табынуды, ата-баба әруағына сиынуды көрсетеді. Табылған заттар қолөнердің, зергерліктің қаңлы тайпаларында өз дәрежесінде дамығандығын байқатады.
Қыстақ-кенттердегі тұрғын үйлердің салынуы, бөлмелердің үлкенді-кішілігі зираттардан табылған бұйымдар мен қымбат бағалы әшекейлердің біркелкі болмауы, әлеуметтік теңсіздіктің болғандығын байқатады. Қорымдардан алынған бас сүйектерге жүргізілген антропологиялық зерттеулерге қарағанда қаңлылардың нәсілдік сипатында европеидтік және монголоидтік белгілері анықталған.
Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын, оның мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгендігін баяндайтын хабарлар да бар. Сол материалдарды археологиялық материалдармен салыстырғанда, шындығында қаңлы тайпаларын Қазақстан жеріндегі алғашқы патриархалды-феодалдық мемлекеттің дәрежесіне көтерілген тайпалар деп қарастырған дұрыс болады. Олар басқа атақты елдермен мемлекеттік дәрежеде байланыс жасаған. Бұл мәселе әлі де болса археологиялық жағынан толық зерттелуді қажет етеді. Қаңлы тайпаларының кандай тілде сөйлегендігі де осы күнге дейін дәл анықталмай отыр.
Ғұн тайпасы
(б. з. б. IV— б. з. V еғ.)
Атақты ғүн тайпаларының өсіп-өнген және тарихи аренаға көтерілген жері Орталық Азия. Археологиялық зерттеулердің есебі бойынша Селенгі өзенінің аңғарында және оның салаларының жағалауларында 1500-ден астам қорымдарымен тұрақты мекен жайлары белгілі. Ал Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу жерлерінде ғүндар б. з. б. II—I ғғ. келе бастаған.
Ғүндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К. М. Байпаков айналысып жүр.
Ғүндар проблемасы қазақ тарихшыларының алдындағы басты проблеманың бірі. Өйткені, ғүн тайпаларының басқа жерлердегі тайпалармен араласуына қарағанда, олардың Қазақстанда орын тебуі және үйсін, қаңлы тайпаларымен араласуы олармен іргелес өмір сүруі басым болған. Олардың арасында болған байланыстың арақатынасы бір-біріне тигізген саяси, экономикалық, мәдени және антропологиялық жағынан тигізген әсерлері жеткілікті зерттелуі тиіс. Ғүндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды сюннюлар (солтүстіктегілер) және дунхулар деп атаған. Осы сюнну сөзі тайпаның атына айналған тәрізді, ол кейіннен хунга немесе ғүнға айналып отыр. Қытайлардың басқа бір жылнамаларында өздерінің терістігіндегі көрші түркі тілдес тайпаларды да (далалықтар) деп те атаған. Вүл хабарға қарағанда ғүндардың түркі тілдес болғандығына ешбір күмән келтіруге болмайтын сияқты. Ал сюнн, хуни деген сөздердің қытайша әртүрлі мағыналары бар. Олар әлі де болса ғылыми жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Сонымен қытай жылиамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б. з. б. IV және III ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байқалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті Ғүн тайпаларының бірлестігі құрылады. Олар өздерінің көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жеріне шабуыл жасайды. Бүл жағдай Қытай патшасының наразылығын туғызып отырған. Сөйтіп, ғұндар мен қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалган ұрыс-талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылган.
Жылнамалар бойынша, ғұн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б. з. б. II ғ. мен I ғ. аралығында Моде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғүндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарады, бытыраңқылыққа түсіреді. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғүндар мұнымен де қанағаттанып қоймай, Саян Алтай туларына дейін шабуыл жасап, Қытайдың Хань әулетінің негізін калаушы Лю-Банды да жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай патшасы ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұруға мәжбүр болған. Сөйтіп, Байқал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғүн державасы» пайда болған.
Алайда, ғұн мемлекеті саяси жағынан бытыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық жағынан ала-күла бірікпеген ел болды. Олардың жаулап алған жерлерінде наразылықтар туып отырған, өз іштерінде де саяси билік үшін талас-тартыстар туып отырды, Гұндардың өз іштеріндегі болып жатқан мұндай талас тартыстарды, Қытай өкіметі қалайда болмасын пайдаланып қалуға әрекет жасап отырған. Сондай әрекеттің бірі б. з. б. I ғ. үйсіндермен одақтаса отырып, ғүндарға бірнеше шабуылға шыққан. Осындай ішкі-сыртқы кайшылықтардың әсерінен «Ғүн державасы» б. з. б. I г. ортасында оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінеді. Оңтүстіктегі ғұндар өздерінің тәуелсіздігінен айрылып, Хань әулетінің қол астына түссе, ал солтүстіктегі ғұндар б. з. I ғ. аяғында Чжичжи шаньюдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжиды. Олар біртіндеп Оңтүстік Қазақстандағы қаңлы тайпасының жеріне жетіп, олармен бейбіт келісімге келісіп, Талас өзенінің шығыс жағында көшіп-қонуға мүмкіндік алады. Бірақ та олардың арасында, кейде үйсін тайпаларының арасында ауық-ауық керісіп қалуда болып түрған.
Қазақстанның оңтүстік батыс жане Арал бойына ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б. з. I ғ. басталады. Олардың көрсетілген жерлерге келуі ондағы алан, ас тайпаларын батысқа, Каспий теңізіне қарай жылжытуға мәжбүр еткен. Алайда ғұндар бұл жерлерде де біржола тұрақты қалған жоқ. Олар Дунай арқылы Батыс Европаға дейін кетеді. Кейбір археологиялық материалдарға қарағанда, олардың ескерткіштері Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа деректемелерінде олар ғундар деген атпен белгілі.
Сонымен ғүн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б. з. б. II ғ. басталса, б. з. IV г. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.
Тарихта бұл жылжу тек ғүн тайпаларында болып қойған жоқ, баска да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасында «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі. Жоғарыда айтылғандай бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан, батысқа (Қазақстанның өз ішінде) қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген. Үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалекті болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б. з. V г. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауынан тереңдей түседі.
Ғүн тайпаларындағы әлеуметтік теңсіздікті олардың зираттарына өлген адамдарымен бірге қойылған бұйымдармен қымбат бағалы сәндік, әшекей заттардың бірдей еместігінен байқауға болады. Егер ауқатты семьялардың немесе үстем тап өкілдерінің молаларынан - қымбат бағалы заттар көп табылса, ал кедей адамдардың қабірлерінен жай ғана жасалған арзан бағалы бұйымдар кездессе, кейбір мүрделерден ешбір заттар да табылмайды. Жазба деректердегі «шаньюи хан» немесе «ғұн шонжарлары» деген сөздерде үстем тап өкілдерінің болғандығына дәлел. Жоғарыда табылып жатқан кымбат бағалы бұйымдар да осы үстем тап өкілдерінің зираттары екендігіне ешбір күмән жоқ, Егер патриархтық-рулық құрылыстың кезінде шаньюйді ру ақсақалдары сайлайтын болса, ал патриархтық-феодалдық жаңа қатынастың дамуына байланысты, өзінің күшінен айырыла бастайды. Шаньюйндік енді мұрагерлікке кешеді. Ғұн шаньюйі өлсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын. Оған наразы болғандар болса, ондайлардың көзі жойылып отырған. Сонымен қатар ғұн шаньюйі өз төңіренгіне билеуші аппаратқа өзінің ең жақын туыстарын сайлап, ғұн шонжары деген атақ беріп, оларға жердің шұрайлысын бөліп беретін. Үстем өкілдерінің баю көздерінің бірі соғыстан қолға түскен байлық болса, екінші көзі қолға түскен түтқындарды үйлік құлға айналдырып, оларға мал баққызып, егін айдататын.
Ғүн шонжарлары өздерінің жерлерінде ауыл-ауыл болып көшіп жүрген. Сыма Цяннің хабары бойынша, малға семьялық меншік пен қатар семья ішіндегі әрбір адамдардың да өз меншігі болған. Мұндай әдет қазақтардағы балаларға «бәсіре» айтуға ұқсас па деген ой туғызады. Көрсетілген жылнамашының хабарына карағанда, ғұндар Хань әулетінің елшілеріне қоралап қой, үйір-үйір жылқы сыйға тартушы еді дейді. Сірә де бұл кез ғұндардың Хань әулетіне тәуелділікке түскен мезгілі бөлу керек. Сондай-ақ ғұндарда жылқы малының көп болғандығы жиі жазылған. Мұндай хабардың растығын олар 300 мыңға жуық атты әскерді (әрине, көрсетіліп отырған ақпар артықтау, дегенмен ғұндарда мүндай әскер болмағанымен оның жартысндай әскер болғандығына күмән болмауға тиіс), топтоп жорыққа бірден шығара алушы еді деген хабар да дәлелдей түседі. Зираттардан алынған садақтарға қарағанда, ғұндар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелерінің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Үзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Онтүстік Қазақстанда Актөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.
Ғұндардың тұрақты мекен-жайларына және зираттарына жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының барысында жинастырылған сүйектерге жасалған анализдер, олардың үй-жануарларының барлық түрін өсіргендігін айқындап отыр. Ол жазба деректердегі үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деген хабармегі сай келеді. Байқал маңындағы Ниже-Волгинск қалашығына жүргізілген хазба жұмысысының кезінде ғұндардың егін егумен айналысқандарын көрсететін астықтың қалдықтары табылған. Әсіресе, жазба деректердегі ғүңдардың тары айдайтындығын білдіретін, тары қалдықтары табылған. Шындығында бұл екі мәлімет бір-біріне сай келеді, өйткені, тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суғаруды онша қажет етпейді, қар суынып ылғалымеи айдалса, тамыз айының ішінде орын алуға дайын болады. Ғұндар тары айдаудың тәсілін білген сияқты. Сонымен қатар егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалары сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдықтары көптеп байқалады. Мұндай көріністерде егіншіліктің болғандығына айғақ болатын сияқты.
Тұрақты мекен-жайлардың көпшілігі жартылай жертөлелер. Олар үйдің бір бұрышына салынған ошақтан еден астымен тартылган кәңмен жылытылған. Ал бөлмелердің саны үлкен-кішілігі әркалай.
Қорымдар мен қыстақ-кенттерден алынған құрал-саймандармен қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар ғұңдарда қолөнердің ойдағыдай дамығандығын көрсетеді. Әсіресе, ғұндар шеберлері темір ұсталары темірді ұқсата білген. Ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, металдан да жасай білген. Табылған қола қазандарға, көзелерге қарағанда олардың пошымдары мен үлкен-кішілігі әртүрлі. Ыдыстардың ондай әр түрлілігі тарихи түрғындардың өз қажеттерін өздері қанағаттандырып отырғандарын көрсетеді.
Ғүн тайпаларының ішінде атақты зергерлер болған. Ауқатты адамдардың зираттарынан табылған алтын сырғалар, жүзіктер, әшекейлеп жасалған кемер белдіктер, жасалуы жағынан сақ тайпаларының әшекей бұйымдарынан бірде-бір кем түспейтіндігін көрсетеді. Бұйымдарды сәндендіруге басты бейне есебінде жабайы аңдардың бейнесі қолданған. Әшекейлердегі тері қалдықтарының кездесуі теріден киім жасағандарын аңғартса, тұрақты мекен-жайлардан ұршық бастарының табылуы жүннен түрлі киім тоқып кигендерін көрсетеді. Ал үстем тап өкілдерінің зираттарынан қымбат бағалы қытай маталары кездеседі. Археологиялық материалдарға қараганда ғүндар қымбат бағалы аң терілерінен де киім-кешек жасаған.
Ғүндардың діни-наным, сенімдері ата-бабаның әруағына сенуі о дүниеге табынудың дәлелі. Жалпы ғұн тайпалары да пұтқа табынған.
Сонымен қорытындылай келсек, Қазақстанға шығыстан келіп енген ғұн тайпаларының тарихы әлі де болса осы күнге дейін арнайы зерттелмеген мәселе екендігін көрсетеді. Бұл проблемада келешек археолог және тарихшы ғалымдарымыздың алдында күтіп тұрған үлкен бір міндет. Егерде бұл мәселе ойдағыдай зертгелсе, жергілікті үйсін, қаңлы тайпаларымен жасаған қарым-қатынастары айқындалса, олардың арасындағы этникалық байланыстарының қандай дәрежеде болғандығы дұрыс шешімін тапқан болар еді.