Үйсіндер
Б. з. б. II ғ. қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. – Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен. Н.В Кюнер мен Н. Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты "Жетісу тарихының очеркі" атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Қытай тілінің маманы Ю. А. Зуев. бұл тайпалардың тарихы жәйлі жаңа деректердің пайдалана отырып, Қазақстан тарихын жазуда үйсіндер жайлы өз үлесін қосты.
Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академик Ө. Марғұлан мен А. Вернштамдар болды. Іле өзенінін орталық ағысының оң жақ жағалауында, үйсіндердің ескерткіштеріне археологиялық жұмыстар жүргізіп, алынған материалдар бойынша олардың өмір сүрген мезгілін дәуірлерге бөліп, даму кезендерін бір жүйеге келтірген А. Г. Кушаев болды. Сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналысып жүрген К. А. Ақышев, тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік-экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде — таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келген. Бүл тұжырымдар, алғаш рет үйсіндер тарихы бойынша, Қазақстан тарихына қосылған жаңа беттер болып табылады. Үйсін сөзі қытай деректемелері аркылы белгілі. Сөздің мағынасы осы уақытқа дейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Ал Жетісу жеріндегі үйсін қорымдарынан алынған бас сүйектер, антропологиялық жағынан европеидтер. Бірақ олардың бетпішіндерінде монголоидтық белгілер барлығы анықталған.
Жетісу жерінде билік жүргізген түркі дәуірінің кезіндегі (VII ғ) түркі тайпаларының арасында өздерін «сары түргештерміз» деген ру-тайпалар болған. Ал соңғы орта ғасыр кезінде казақ халқының құрамына енген Ұлы жүз тайпалары өздерін үйсіндерміз деп атаса, олардың ішінде өздерін «сары үйсіндерміз» деген ру да болған, Жоғарыда келтіріліп отырған дәлелдердің бір жыл емес, бір ғасыр емес мыңдаған жылдар бойы бір жерде пайда болып, бір жерде айтылуы жәй айтылмаған сияқты. Екіншіден, үйсіндер сезімен усун сөздерінің де бір-біріне үндес жақын екендігіне ешбір талас туғыза қоймас. Сондықтан ертедегі үйсіндер соңғы кездегі үйсіндердің арасында белгілі бір этникалық байланыс бар деп айтсақ артық айтқан болмаймыз.
Үйсіндерден қалған ескерткіштерге олардың корымдары және қыстақтары жатады. Қыстақтар тау ішінде малға жайлы күнгей жерлерге орналасқан. Құрылыс материалдары көбінесе тастан жасалған. Қорымдары немесе зираттары археологиялық ғылым бойынша обалар (курган) болып аталады. Олардың биіктіктері әрқалай 0,30 м.-ден 0,50 м. дейін болса, ал кейбір обалардың биіктігі 8—10 м. жетеді. Адамды жерлеу, жерден ұзыншақ төрт бұрышты, тереңдігі әркалай 70 см.-ден 1 м.-дейін, кендігі 50—60 см. мүрде қазылып, мәйіттің бас жағын батысқа беріп шалқасынан ұсынтып жерлейді. Мүрде ағашпен немесе басқа заттармен жабылып, оны айналдыра бір, екі қатар тастар тізіп, дөңгелек белдемелер жасалатын, оның үстіне тас, топырақтан үйінді жасап оба тұрғызатын. Жерлеудің мұндай тәсілі б.з.б. III—I гг. усун тайпаларында болса, ал б.з. I—IV ғғ. үйсундерде адам жатқызатын мүрде, қазылған жердің бір жағынан қиып, үңгіп барып жасалады. Ал зираттың сыртқы көрінісі бұрынғыдай тастан дөңгелек белдеулер тізілмей, жай құм, тас, топырақтан оба тұрғызылады.
Археологиялық зерттеу жұмыстардың қорытындыларына қарағанда: Қапшагай, Өтеген, Қызылауыз, Үңгірқора, қорымдары (б.з.б._ III—II гг.) үйсін тайпаларының мезгілін керсетсе, ал Өтеген 1, 2, Тайғақ, Қызылауыз 2, Қалқан I, Алтынемел обалары, б. з. б. II г., б. з. II гг. арасында өмір сүрген тайпалардың қорымдары болған.
Жерлеу тәсілдерінің мұндай өзгеріске түсуін археолог ғалымдар үйсін тайпаларындағы діни-сенімдердің өзгеріске түсуі және әлеуметтік, экономикалық жағынан дамуы деп тұжырымдайды.
Үйсіндер жартылай көшпелі, жартылай отырықшылықпен айналысқан. Жамбыл облысы, Луговой ауданының жерінде үйсіндердіц тұрақты мекен-жайлары зерттелсе, Алматы облысы, Кеген ауданының Ақтас деген жерінде қыстақтары зерттелген. Егер Луговой жеріндегі тұрақты мекен-жайлар шикі кірпіштен жасалса, ал екінші мекен жайлар тастан жасалған. Ақтас қыстағгынан алынған материалдарға сүйене отырып, археолог К. А. Ақышев қыстақ тғрғындары негізінен үш мезгілді бастарынан өткізгендерін дәлелдейді: 1. б.з. I—III ғг. мен 2. б. з. IV—VI гғ. өмір сүрген болса, ал соңғы үшінші кезеңі XVIII ғ. қазақ халқының өмір кешкен кезі. Егер алдыңгы екі кезең үйсіндердің тұтынған бұйымдарынан белгілі болса, соңғысы қытай теңгесімен дәлелденген. Бұл дәлелдер үйсіндердің қыстау-қыстақтарда тұрақты мекен-жай салып тұрғандарын көрсетсе, ал қазба жұмыстарының кезінде табылған қол диірмендер, үккіш тастар, олардың жер шаруашылығымен де айналысқандарына күмән тудырмайды. Тұрақты мекен-жайлардың маңыңда арық-тоғандардың орындары сақталған.
Қыстаулар мен қыстақтардың ежелгі үйсіндерден соңғы кездегі үйсін тайпаларына дейін тұрақты мекен-жай болып, бір жерде өмір отының үзілмей жалғасып келуі олардың бірінің орнын бірі басқан ұрпақтары екендігін көрсетеді. Бір жерді тұрақты қыстау, көшіп-қонудың қалай болса солай ретсіз болмай, көшіп-қонудың жүйелі болғандығын да дәлелдейді.
Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі Үйсіндердің ыдыстар көп кездеседі (6-сурет). Олар аяқтары формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ-табақ, тостағаңдар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері де бар. Тұрақты мекен-жайлардан, қорымдардан алынған ыдыстар жасалу жағынан да, түрі жағынан да бір-біріне үқсас.
Үйсін шеберлері қыштан ыдыс жасаудың екі түрлі тәсілін білген. біріншісі, ыдыс жасаудың жәй түрі. Ол үшін кішігірім калта немесе дорбалар құмға толтырылады да оның сырты алдын ала дайындалған балшықпен айналдыра жапсырылып, жасайтын ыдыстың формасын жасап алу. Екіншісі, дамыған түрі, арнаулы көзе шеберханаларында аяқпен айналдырып тұратын көзе ұршықшаларында жасаған. Екі түрінде де ыдыстарға қажетті тұтқалар, құлақтары және шүмектері жеке жасалып, одан кейін барып ыдысқа жапсырылған.
Ыдыстын формалары XIX ғ. қазақ халкының ағаштан, теріден жасаған топатай, дүңгіршек, тостаған, астау сияқты т. б. ыдыстарына ұқсас.
Тұрақты қоныстардан алынған үй жануарларының сүйек-саяғына жасалған зоологиялық анализдерге қарағанда, үйсіндер төрт түліктің барлық түрін өсірген. Егін шаруашылығына қарағанда, мал шаруашылығы басым болған. Үйсін "ханы" үйленген қытай патшасының қызы да өзі келген елдің, киіз үйде тұратындығын, малдың сүті мен еті тамақ, жүні мен терісінен киім жасайтындығын өз сыңсуында баяндаған.
Жазба деректерде жылқы өсіруге үйсіндер аса назар аударған.
Жылқы малына деген меншіктің түрі басым болған. Қытай қызына үйленген үйсін "ханы" шамасы "қалың мал" үшін болу керек бас жылқы айдап берген. Екінші бір мәселе, жылқыға деген меншікті көрсететін таңбалардың салынуы. Үйсіндер тіршілігінде жылқы өсіру басты орын алса, екіншіден сыртқы жаудан қорғану үшін де атты әскер құруда басты орын алған.
Үй жануарларының ішінде түйе өсіруге көңіл балінген. Үйсіндер обасынан табылған алтын жүзіктің үстінде шегіп жатқан қос өркешті түйенің мүсіні түйеге табынғандықты байқатады. Шамасы түйе де жылқы сияқты үйсін тайпаларының кешіп қонуда және сауда жұмысыңда көлік есебінде зор маңызы болған сияқты.
Зираттардан алынған металдан жасалған құрал-саймандарға қарағанда үйсін шеберлерінің темір, қола сияқты металдарды үқсата білген ұсталар екендігін керсетеді. Археолог ғалымдарымыздың пікірлеріне көңіл қойсақ, сақ, сармат тайпаларына қарағанда, үйсін тайпаларының зираттарында қару-жарақ өте аз кездеседі, тіпті кездеспейді. Бұған қарағанда үйсіндер тыныштықты, бейбіт өмірді қалаған тайпалар болған тәрізді. Қазақ халқының құрамына енген орта ғасыр дәуіріндегі үйсін тайпаларын басқа тайпалар «үйсіндерге таяқ беріп малға қой» деген мақалдың ежелгі үйсіндерден бері қарай жалғасып келе жатқан жоқ па деген ой туғызады.
Тұтыну заттардың ішінде көп кездесетіндері қолдан жасалған тоғалар, қапсырмалар, біз, тебен сияқты ең қажетті бұйымдар.
Сондай-ақ зираттарда өте көп кездесетін әшекей бұйымдар әртүрлі қымбат бағалы тастардан жасалған моншақтар, алқалар, алтын, күмістен жосалған сырға, білезік, жүзік, қола айналар, т.б. Ал әшекей бұйымдардың ішінде үйсін зергерлерінің тамаша бір туындысы есебінде бізге мұра болып жеткен Ақтас 2 зиратынан табылған алқа мен Қарғалыдан табылған тәті (диадема). Бұл бұйымдар өз кезіндегі үйсін тайпаларының ғана рухани мұрасы болып қоймай, бүгінгі таңдағы олардың ұрпақтары болып табылатын казақ халқының рухани дүниесіне айналып, музейден өздерінің тиісті орындарын алып тұруы. Осының өзі үйсін өнерінің дүние жүзі халықтарының өнеріне қосқан үлесі болып табылады.
Тәтінің ұзындығы 35 см. кеңдігі 4—5 см. Зергер тәтіге жануарлардың бірнеше түрін салған. Олардың ішінде басым көпшілігі жыртқыш аңдар және әзірейіл бейнеленген. Осындай шытырман дүниенің арасында қолына гүл ұстаған адам тұр. Шамасы, шебер өмірде қандай әлейім заман болса да, оны адам баласының жеңетіндігін суреттеп тұрғандай. Оған екінші дәлел, әзірейілдің үстіне мініп алған адам оны жеңгенін көрсетсе, ал бүғыға мініп алған адам бостандықтын белгісі тәрізді. Жоғарыда сез болған алтын сақинада шөгіп жатқан қос еркешті түйе үйсін заманынан бізге жеткен өшпес-өлмес зергерліктің қолтаңбасы. Қазақстан жеріндегі ерте кездегі өмір сүрген тайпалардан қалған мұндай дүниелер бүгінгі қазақ халқының рухани дүниедегі мақтанышы.
Алайда қымбат бағалы заттар, сән-салтанаты әшекей бұйымдар үйсін қорымдарынан дерліктей табыла бермейді. Жай заттардың өзі де кездеспейтін зираттар көп. Оның өзі оларда әлеуметтік-теңсіздіктің үстем болғандығын көрсетпек. Ондай жағдай деректемелерде жазылған.
Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар «Усунго» Усун мемлекеті, «Синго» көшпелі мемлекет деген үғымдарды білдірсе, ал таптық жіктерді, білдіретін гуньмо-усун билеушісі, хоубай, князь, да-нятархан деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болған.
Жазба деректер бойынша, үйсін мемлекетінің орталығы «Қызылалаңдар» (чичу) қаласы болған. Қала әлі күнге дейін археологиялық жағынан толық дәлелденген жоқ.
Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен, тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған.
Соңғы кездегі, Ақшоқы, Өтеген қорымдарына жүргізген зерттеулер, үйсіндердің VI—VIII ғг. түркі қағанаттарына тәуелді болғандығына қарамастан, өздерінің бұрышынан дамып келе жатқан әдет-ғүрып, салт-санасын сақтаған.
Деректемелердің ішінде көңіл аударарлық ең бастысы, үйсін тайпаларының X ғасырда түркі және қытай жазба деректемелерінде өз аттарымен кездесуі. Бұдан кейін монғол шапқыншылығының негізінде және одан кейінгі жылдарда усун сезі, соңғы орта ғасыр дәуіріне дейін, тарих сахнасынан біраз уақытқа өше бастайды. Ал XV ғасырдан бастап араб парсы және түркі деректерінде, усун деп емес «үйсун» немесе «уйшун» деген сөдермен қайтадан пайда болады.
Атақты «92 баулы езбек шежіресінде» «уйшыл» (үйсін) болып жазылған. Міне, осы соңғы атымеи қазақ халқының құрамына кіреді.
Жетісуда болған орыс ғалымдары мен саяхатшыларына Ұлы жүз, ру-тайпаларының адамдарының берген жауаптарында өздерін үйсіндерміз деген. Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда айтылғандай соңғы орта ғасырда айтылып жүрген үйсіндер ежелгі усундердің жалғасы, ұрпақтары.
