
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аралық бақылау
Тақырыбы: «Түркі халықтарының мәдениеті»
Орындаған: Тұрсынбаева А.А
МП65К
Тексерген: Жаппасов Ж.
Алматы 2006
Сақтар
Қоладан жасалған құрал-жабдықтар өз кезінде үлкен жаңалық болғанмен, оларда адам баласының дамуына байланысты дамудың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Өмірдің өсуі, тіршілік көзінің алға қарай жылжуы, қалайда болмасын қажетті жаңалықтарды ашып отыруды талап етеді. Адам баласы өміріндегі үлкен бір жаңалық — темірден жасалған құрал-жабдықтардың жасалуы.
Кавказ, Оңтүстік Россия, Украина жерлерінде алғаш рет темір б. з. б. X—VIII ғасырда пайда болады. Ал темірден жасалған қару-жарақ, құрал-саймандардың тарихына қарағанда, Қос өзен — Тигр, Евфрат бойындағы елдермен Египет жеріндегі жұртшылық б. э. бұрынғы ІІІ-ІІ мың жылдардың өзінде білген. Темір — құрал-саймандар, Қазақстан территориясында б. з.б. VIII—VII ғғ. жасалған. Оған жазба деректерде белгілі болып жүрген атақты сақ, савромат сияқты тайпалардың обаларынан табылған семсер, қанжар т. б. темір заттар толык дәлел. Өмірде темірдің қызмет етуін Ф. Энгельс темір семсер, темір балта, темір сока заманы деп атады. Адам баласының тіршілігнде темірдің қызмет жасауы — адамзат қоғамының бір қадам болса да алға басқандығын көрсетті.
Темір табиғатта алтын немесе мыс сияқты таза күйінде кездеспейді. Егер мысты қорыту үшін 1100 градус жылу керек болса, ал темірді қорыту үшін 1530 градус жылу керек. Ал мұндай жоғары температура алу ол кезде мүмкін болмаған. Сондықтан да темір алу оны пайдалану оңайлыққа соқпайды. Археологиялық зерттеулер адамдардың темір қорытуда "шикідей үрлеу" (сыродутный) тәсілін қолданғанын дәлелдеп отыр.
Темір дәуірінің кезіндегі ру-тайпалардан қалған басты ескерткіштердің бір түрі бүкіл Қазақстанның барлық жерінде кездесетін төбе-төбе болып жатқан обалар. Олар өздерінің төңкеріліп жатқан конус тәрізді әдемі пошымдары жанынан өтіп бара жаткан кез-келген адамның назарын өзіне тартпай қоймайды. Мұндай обалар туралы орыстың атақты ғалымы Г. Ф. Миллер, П. С. Паллас, В. В. Радловтар өздерінің пікірлерін жазған. Олардың обалар туралы пікірлері, Қазақстан темір дәуірінің ескерткіштері жайлы жазылған алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстын бастамасы десек артық айтқан болмаймыз. Қазақстаңдағы темір дәуірінін зерттелуіне жол салғандар, әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдын басындағы патша өкіметінің тапсырмаш бойынша арнайы келген жұмыстарынан бос кездерінде темір дәуірінің обаларына зерттеу жұмыстарын жүргізген әуесқой өлкетанушылар: С. И. Гуляев, А. П. Аниховский, М. Копалов, В. Никитин, Н. А. Абрамов, Н. Коншин, И. А. Кастанье.
Қазақстан темір дәуірінің ғылыми тұрғыда зерттелуі Кеңес өкіметі орнаганнан кейінгі 1930 ж. басталды. Оны алғашқы зерттеуші көрнекті археолог ғалымдар: М. П. Грязнов, Б. Н. Граков, А. Н. Бернштамдар. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейінгі жылдарда нағыз ғылыми тұрғыда жаппай зерттеліне бастады. Ұзақ жылдар бойы Орталық Қазақстанда — Ә. X. Марғұлан зерттеу жұмыстарын жүргізсе, одан кейін керсетіліп отырған жерде М. К. Қадырбаев жалғастырды. Шығыс Қазақстанда қола дәуірімен қатар ерте темір дәуірінің ескерткіштерін археолог С. С. Черников зерттеді. Оңтүстік Қазақстандағы және Жетісу жерінде темір т. б. дәуірлердің ескерткіштерін археолог ғалымдарымыз Е. И. Агеева, К. А. Акышев, Г. А. Кушаев, А. Г. Максимовалар жүргізген. Ал Қазақстаннын батыс белігінде ғылыми жұмыс жүргізген археолог И. В. Синицын ете құнды жаңа материалдар тапқан.
Қазақстаңда жүргізілген мұңдай ғылыми жұмыстар темір ғасырының кезінде өмір сүрген ру-тайпалардын саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын жан-жақты дерліктей шешті деп айта алмаймыз. Кең-байтақ жерімізде бұл дәуірдің ескерткіштері алуан түрлі. Олар бүгінгі таңда тек есепке алынып картаға түсіріліп, ескерткіштерді қорғау қоғамының қамқорына алынуда. Олардың толық зерттелуі келешектің ісі.
Зерттелген темір дәуірінің обаларынан алынған материалдардың өзі сол кездегі өмір сүрген ру-тайпалар туралы толық болмағанмен, олар туралы көптеген мағлұмат берді. Екіншідеи, темір дәуірінің, қола дәуіріне қарағанда артықшылығы бар. Ол темір ғасырындағы ру-тайпалардың аз да болса жазба деректерде аты-жөндерінің және олардын қандай жерде тұрған мекен-жайлары туралы хабарлардың сақталуы.
Археологтар өздерінің зерттеу жұмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардык ішінде аты жөні жақсы сақталған тайпалардын бірі — сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б. з. б. VII—IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін кешпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, да гректің атақты тарихшысы Геродот сақтарды "азиялық скифтер" деп атаған. Олай айтудың да жөні бар. Қара теңіздің Солтүстік далалы аудандарында тұратын скифтер мен сақ тайпаларынын өмір тіршілігі Геродотка ұқсас көрінген. Ал шындығында олардың тек жергілікті айырмашылықтары болмаса, шаруашылықтарының көпшілік жағы ұқсас. Сонымен қатар тек тайпалары Еділ өзенінің төменгі ағысымен Онтүстік Жайық өзендерінің бойындағы сармат тайпаларымен бір мезгілде өмір сүрген. Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді: 1. тигарахауда сақтары- ол шошақ қалпақ киген сақтар; 2. хаомаварга сақтары — жүзім (хаом-жүзімнен) сусын қайнатушылар; 3. парадарайя сақтары — теңіздін аржағыңда тұрушы деген ұғымды берген. Сақ тайпаларының маманы ғалым К. Ақышев өзінің көп жылдардан бергі жүргізген ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, жазба деректердің, археологиялық деректермен дәлелденетіндігін көрсетті. Ташкент аймағыңда, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде тиграхауда сақтары өмір сүрген. Оған екінші бір дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі — 70 см. Сақтардың шошақ қалпақ кигендігін дәлелдейтін және бір дәлел — Бехистун жартасындағы және Персеполдағы Ксерке сарайының алдына салынған Иран патшасына салық; төлеуге барған сақтардың бас киімдерінің шошақтығы да жазба және археологиялық деректердік Жетісу және Оңтүстік Қазакстандағы сақ тайпаларының шын мәнінде тиграхауда — шошақ қалпақ кигендігіне күмән келтірмейді. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасыңдағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде даилар, аргиппейлер, исседоңдар т. б. деп те атайды. Хауманарға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтындығы ерте орта ғасыр мезгілінен де белгілі болған.
Археологиялық ескерткіштерден сақ тайпаларының обалары мен қоныстары белгілі. Обалардың сыртқы көріністері әр облыста әрқалай. Мәселен, Жетісу және оңтүстік Қазақстанда сақ тайпаларының обалары өте биік, аумағы кең болып келеді. Ен биік обалар 20-30 м., аумағы 60-90 м., кейде 120 метрге дейін жетеді. Ондай обалар Іле өзенінің аңғарларыңда кездеседі. Археология ғылымында ондай обалар "патша" обалары деп аталады. Шығыс және Орталық Қазақстандағы обалар кішірек болып келеді. Жетісу жерінде Қарғалы, Қарашоқы обалары зерттелген. Алынған материалдарға қарағанда олар б. э. б. VIII—IV ғғ. жатады. Жуантөбе І, Қадырбай III обалары VII—VI және, IV, III ғғ. жатады. Әсіресе, Іле өзенінің сол жағыңдағы Есік қаласының түбіндегі "алтын киімді адам" табылған обаның және өзеннің оң жағындағы Бесшатыр обаларының зерттелуі Қазақстан тарихыңдағы сақтар мәдениетінен тарихтың жаңа беттерін ашты. Бесшатыр обасы өзінің ұрланғаңдығына қарамастан жерлеу салтының өзіне тән ерекшеліктерін көрсетті. Обаларды тарих ғылымынын докторы, археолог К. Акышев зерттеген. Ағаштан қиып жасалған үй тәріздес табыттар Алтай-Сібір жерлеріңде жер астына түсірілетін болса, ал Жетісуда ол жер үстіне салынған. Үстіне үйілген обаның өзі қалай болса солай үйіле салмай, оның өзі белгілі бір жүйемен жасалған. Үйіңдінің бір қатары тас құм болса, екінші қатары шенгел- жыңғыл сияқты бұталардан тұрады, үшінші қатар топырақ. Сөйтіп, бұл көріністер бірнеше рет қайталанып, биіктігі 20-30 м. оба тұрғызылған. Ескеретін бір жағдай, обалардың биіктігі 20-30 м. Кезіңде одан биік болғандығына күмән туғызуға болмайды. Есік обасын қазғанда, алтын киімді адамның ағаштан қиып жасалған табыты жерді қазып қойылған. Басқа жерлерде табытты буған қамыстан не талдап жасаса, кіші обаларда жерден қазылған көрге жерлеген.
Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары ұрланғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, "алтын обаның құпиясы" аталған. Өйткені, обаны ұрылардың тонағандығына қарамастан, көптеген алтыннан жасалған әшекей бұйымдар табылған. Ұрылар біреудің келіп қалуынан сезіктеніп, асығыста көптеген заттарды ала алмаған. Сәндік бұйымдардын ішінде Есік обасындағы әшекей заттарға ұқсастары өте көп. Орталық Қазақстаңда сақ тайпаларының зерттелуі Тасмола деген жердің атына байланысты Тас-мола мәдениеті аталған. Бұл мәдениетке тән бір қасиет — обаларының ішінде "мұртты обалар" кездеседі. Мұртты обалар деп басты адам жерленген обаның екі жағынан адамның "мұрты" тәрізді ұзындығы 60-70 м. тастан қоршаулар жасаған. "Мұрттың" біткен жеріне екі жағынанда орталық қорғаннан онша үлкен емес кішілеу екі оба тұрғызылады. Оларға жүргізілген қазба жұмысына қарағанда, адам жерленбеген, жылқынын сүйектері және кезелер табылған. Осы уақытқа дейін "мұртты" обалардын сыры әлі ашылған жоқ. Археолог ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, "күнге табыну". Кейбір ғалымдар, мұртты қоршаулардың кіреберіс жағының тек Шығысқа қаратылып жасалғандығын, олардан жылқы сүйектерінің табылуын, жаңа шығып келе жатқан күнге құрбандық шалу деп болжайды. Ғалым археолог М. К. Қадырбаевтың зерттеуі бойынша, Тасмола мәдениетнің ескерткіштері және "мұртты" обалар темір ғасырының VII—III ғғ. жатады.
Сақ тайпаларының ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары олардың өмір-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы туралы көптеген деректерді береді. Сақтар әшекей бұйымдар жасауда, нағыз зергерлер болған. Олар жай ғана зергер емес, олардың жасаған бұйымдары керемет сәнді, көзтартарлық әсем болумен қатар, оларда белгілі бір үшқыр, қиялы фантастикалық сезім немесе философиялық терең ой бейнеленеді. Егер - Есік обасынан табылған алтын киімді адамның сәукелесіңдегі көрініске қарасаң, зергер тек сәңдік бұйымдардың жасаушы шебері ғана емес, ол өз заманының ойшыл суреткері тамаша мүсінші, суретшісі.
Сәукеленін ұшар басындағы қасқая қарап тұрған архардың мүсін - келбегі бекер тұрған жоқ. Арқар жусап жатқан өз үйірінің тыныштығын күзетіп жартастын үшар басында тұрған сақшы-күзетші. Бұл көрініс сол кездегі, ру-тайпалардың бірін-бірі жаулап алу, бірін-бірі бағындырып алуға әрекет жасаған, тынымсыз, жаугершілік заман болған кез. Сондықтан да зергер суретші сәукелеге берген көріністе (пейзажда) тіршілігінде өз тайпасының немесе өз руының тыныштығының күзетшісі, қолбасшысы болған адамға о дүниеде сондай болуына жалпы, мәңгі тыныштықтың болуын армандаған қияли ойы сияқты. Бұл ойды алтыннан жасалған Алатау бейнесінің ағаштарында отырған құстар да қуаттайтын тәрізді. Сәукеленін маңдайындағы екі айғырдың алдыңғы аяқтарын көтеріп, бір-біріне айбат көрсетін тұрғандары да жоғарыда айтылғандай жаугершілік заманды бейнелей тұр. Суретші сәукеледе өз заманының өмір құбылысынын көрінісін толық бере білген.
Тұтыну бұйымдарының арасында ағаш астау, ағаш шөміш, тостағандардың пошымына ұқсас көзе тостағандар, дүңгіршек, ағаш тобатай (бетон) тәрізді кезе ыдыстар XIX ғ. қазақ халқынын ыдыстарына ұқсас. Темірден, қоладан жасалған қазандар да өте көптеп кездеседі. Жетісу жерінен табылған қазандардағы бір ерекшелік қазанды көтеріп тұрған үш аяғы арқардын басымен алдыңғы екі аяғына немесе кеудесіме ұқсас -сурет. Дәл осындай көрініс Жетісу жеріндегі қазақтардың темір ошақтарында болған. Темір ошақтардың қазан көтеріп тұратын қошқар мүйіздері сақ тайпаларының қазан- ошақтарындағы сияқты сыртына шығарылмай, ішкі жағына бір-біріне қаратып жасалып, оның үстіне қазан отырғызылатын. Тұтыну бұйым дарындағы мұндай ұқсастықта этникалық жақындықтын барлығын байқатады. Ескеретін бір жағдай, бұл кездегі табылған темір құралдарға жасалған анализдерге қарағанда, темір қорыту сапасы нашар болған. Дегенмен, қару-жарақтың арасында семсерлер мен қанжарлар, темір еңдеудің зергерлік сияқты жоғары сатыға көтерілмесе де, темір ұсталығы жандана бастаған.
Сақ тайпаларының жерлеу салты олардың діни наным-сенімдерін толық көрсетеді. Діни нанымдардың арасында қола дәуірінен бері сақталып келе жатқан "о дүниеге сену", "отқа табыну" сақталған. Темір дәуірдегі жаңа ерекшелік аспан денелеріне, күйге табыну, тайпа немесе ру ақсақалдарына олардың әруағына сыйыңу, "көсемдер культі" сақтардың о дүниедегі өмірінде де, бұл дүниейдегі өмірде болсын өте жоғары орын алған.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда, "кесемдер культі" Азия мен Евразия жерлеріндегі атақты Аржан, Пазырык, Есік, Ұйғырақ, Түгіскен обаларында белгілі болса, ескерткіштердің отаны болған Қара теңіз жағалауындағы қазіргі Украина жеріндегі Рязановка, Гайманов және осы уақытқа дейін тарихта аты шыққан Чертомлық,
Кулобаларда да белгілі болған. Бұдан шығатын қорытынды, территориялық аймақтың үлкендігіне қарамастан, бұл кездегі тайпалардың материалдық мәдениеті жағынан жергілікті өзгешеліктері болғанмен, идеологиялық жағынан бір-біріне ұқсас болғандығын көрсетеді.
Зерттелген обалардан алынған заттардын саны-сапасы жағынан, обалардың жасалуының үлкенді-кішілі болуының өзі темір дәуірінің кезіндегі әлеуметтік-теңсіздікті көрсетеді. Әсіресе, алтын киімді адамның әр түрлі қымбат заттармен бірге жерленуі немесе Бесшатыр обасындағы ағаш табыттың ерекше жасалуы - олардың белгілі бір үстемдіктің зор иесі болғандығын көрсетеді. Күміс шөміштің түбіндегі, жазу сақ тайпаларында алғашқы мемлекеттік құрылыстың болғандығына, басқа жерлермеы қарым-қатынас, байланыстың жүре бастағандығына дәлел сияқты.
Қорыта келгенде, б. з. б. VII—IV ғғ. темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан ) дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз.