Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Қазақстан Ресей құрамында.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
57.66 Кб
Скачать

1867-1868 Жылдардағы реформа бойынша халық ағарту, халыққа дəрігерлік

көмек көрсету салаларына қатысты біраз шаралар қарастырылды. Уездік қалаларда

бастауыш мектептер мен дəрігерлік пунктер ашылып, уездік дəрігерлер

тағайындалды.Əкімшілік орталықтарда пошта бөлімдерінің ашылуы да маңызды

роль атқарды.

ХIХ ғасырдың аяғында Қазақстанда жаңа реформа жүзеге асырылып, ондағы

əкімшілік құрылымға, салық жүйесіне жəне сот құрылымына біршама өзгерістер

енгізілді. 1891 жылы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” қабылданып,

ол 1917 жылға дейін сақталды. Қазақстан ауқымы облыстарға, уездерге, болыстар

мен ауылдарға бөлінді. Сырдария облысынан басқа облыстардың бəрі Дала

генерал-губернаторлығының құрамына енді.

Генерал-губернатор мен əскери губернаторлардың құқықтары мен міндеттері

өзгеріссіз қалды. “Ережеде” уезд басшыларының құқықтары біраз кеңейтілді.

Көптеген қалаларда полициялық басқармалар ашылды. Қазақстанда қоныс аудару

басқармалары құрылды.

Реформалардың жүзеге асырылуы нəтижесінде Қазақстанға капиталистік

элементтер ене бастады.Қазақ жерлерін отарлау нəтижесінде орыс капитализмі

кеңінен дами бастады. Жаңа əкімшілік басқару жүйесінің орнатылуы жергілікті

халықты отарлық езгіде ұстауға көмектесті. Жалпы алғанда, бұл реформалар орыс

капитализмі мүддесі үшін жүргізіліп, қазақ даласында отаршылдық саясатты

нығайтты