
На сортировку / 2 / Тарих / Сактар реф
.doc
ЖОСПАР
-
КІРІСПЕ
-
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А. Шаруашылығы
Б. Сақтар қоғамы
В Сақтың тайпалары
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Б.з.д. І ғасырда көне рим оқымыстысы Плинийдің үлкені «Яксаттың (Сырдарияның көне аты) рағы бетінде скиф тайпалары тұрды. Парсылар жалпы оны сақтар деп атайды. Скиф халықтарының саны хисапсыз көп. Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, дайлар, исседондар... аримасптар» - деп жазады.
Біздерге жеткен болған, олар жылқы, ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы-мерген екен.
Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Сол заман авторлары сақтар туралы: «Олар әсте егіншілер емес, көшпелілер», деп жазғанда немесе солардың тіршілігінде: «еркін кеңістікке, от пен судың молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көше береді» - деп анықтама берген. Шын мәнінде сақтар шаруашылығының түр-түрі табиғи жағдайға, қала орталықтары мен сауда жолдарына алыс-жақындығына байланысьы анықталып отырған. Еркектер атпен, әйелдер мен балалар, қарттар киіз жатқан арбамен жүретін болған. Ызғарлы қыста олар қар жауса да, тез еріп кететін, бұта-шөбі мол құм қойнында өткізген немесе азынаған желге үйірім-үйірім тоғайы пана болатын, мал аз аяғыменг жүріп қорек табатын көлдер мен өзендер жағасын мекендген.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі болған. Орталық Қазақстанда жүргізген қазу жұмыстарының материалдарынан жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біреуі басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ап екіншісі – шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.
Көшпелілердің үйге үйренген малының ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері бертін қой еді. Қазбаларға қарағанда сақтарда таңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған.
Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығыда дамыды, ол әсіресе Батыс және Оңрүстік Қазақстанның даналық және шөлейт аудандарда өркен жаяды. Түйе мініс және жүк көлігі есебінде де пайдаланады, оның жүні, еті мен сүті көшпелілердің тұрмыс қажетін өтейді. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтағы түйе жыл он екі ай аспан астында болады. Осы таяудағы уақытқа дейін, сонау ертедегі көшпелілерден бері қарай ірі қара мал шаруашылықта елеулі рол атқармаған деген пікір кең жайылып кеткен болатын. Бұл жәйтті олар, сиырға арнап қысқа жем-шөп дайындау үшін қыруар жұмыс жасалады, өйткені олар ат пен қой сияқты жайылып жүріп күн көре алмайды. Дегенмен де көшпелілер мүйезді ірі қараның жыл бойы жайылымнан қорек табатын тұқымын шығарады. Сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымның өзгелен айырмасы-өзімділігі төмен, тірілеі салмағы аз болған, жүні қалың, тебін малы болып келеді екен.
Сақ тайпалары арасында метал өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен кәсіптері жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі сияқты, темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, алтын мен күмістің бұрыннан белгілі кенді орындарында жұмыс толастап көрмеген. Мамандардың есептеуінше, кен рудаларын өндіру орасан зор көлемде жүргізілген. Мәселен, Имантау кенді орынан 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успескіде 10 мың және 26 мың пұт руда пұт өндірілген, сонда сол руданың дені сақтар заманында өндірілгені анықталады.
Сақ істілері қоладан қанжарлан, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс-әбзалдаррін, әшекейлер мен айлар, сол сияқты қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көрокем өнердің таңдаулы туындаларының қатарына жатады.
Еуразияның далалары мен таулы алқаптарын сақтар-билеп тұрған кезеңде Батыс пен Шығыс, Жерорта теңізі аймағы мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мың жылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады, бұл жолмен 40-параллель бойын қуалай, далалық аймақтарға бағалы тауарлар жеткізілеп отырған, Хуанәнің үлкен иіннен басталған жол Алтайдың шығыс өңірінің ұлан далаларын кесіп өтіп, гректер мен этрустар жеріне дейін жетеді екен.
Геродотың сипатауына қарғанда, дала жалы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына, сосын Оңтүстік орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі жоғары Ертіс алқабын мекендейтін Алтайдағы агрипилер еліне жеткен, содан шығандап Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осынау жолдың ұзынан ұзақ бір бөлігі. Қазақстанды кесіп көктей өтеді. Қытай жібегі мен иран кілемдері осы жолмен сақтарға келіп жетеді олардың жұрнақтары Алтайдағы пазырақ обаларын қазған кезде табылды.
Жазба деректерде өздерінің дәулетіне, шұғылданатын іс-әрекетіне роліне қарай сақтар қоғамына адамдардың қандай тобы кіргені туралы мәліметтер өте аз. Тек рим тарихшысы Квинт Курций руф қана сақтарда тәңір егіншілерге – соқа мен қамыт, жауынгерлерге - сүңгі мен оқ, абызға – табақ сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды қайталап айтады. Осыған сүйеніп, сақ қоғамында халықтың үш тобы болған деп болжам жасай аламыз:
1. Жауынгерлер (Жауынгерлердің ежелгі үнді ирандық аты «арбада тұрған», «ратайштар»)
2. Абыздар жігі – олардың тасымал белгісі құрбан табақ пен айрықша бас киім болған.
3. Қауымшыл сақтар.
Аты аталған осы жіктердің әрқайсының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге – қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауышылдарға-сары мен көк түстер таңдалып берілді. Көсемдер мен патшалардың тұлғаларына айрықша тоқталып өту керек. Бәрінен де бұрын сақ тайпаларының көсемдері әскери жіктердің өкілдері болған. Гректер оларды басилевс-патша деп атаған. Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ екен. Патша садаған баласына әрі мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті де жауынгерлер мен патшалар зиратына садақ пен жебелерді бірге қойған. Садақты мейлінше шебер атупатшалар тән қадыр-қасиет болған. Мереке-мейрам атаулаының бәнінде де садақ атып, нысанаға дәл тигізе білуде сынап көру тегінен тегін өткізілмеген, ежелгі дәстүр бойынша садақшылардың ең мергені әлгідей мейрам кезінде ел-жұртты билеу хұқын алған.
Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: Масагет, Яскарт, дай (дахи), Фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси Саритасын, сармат, каспий,және т.б.
Дай (дахи) тайпасй: Сырдарияның төменгі жағын, Көк Теңіздің қолтығын мекендеген.
Масагер, аскарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүстік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырданияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария «Яксарт») деп аталған.
Аби тайпасы: Қаратау бойын Сырдарияның алқабын қоныстанған.
Фарат тайпасы: Талас Алатауын және Қаратаудың солтүстік, шығыс-солтүстік бөлігін мекендеген.
Көмар тайпасы: Кепес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларында және Тянь-Шань тауларынның батыс сілемдерінде болған.
Асқарғ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзенінің аралығында, қырғыз Алатауының орта етегінде тұрған Исседон (Ассы) тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның Шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.
Аримасын тайпасы: Исседондардың солтүстік және Шығыс-солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған.
Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жет өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған.
Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген.
Памир-Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейінгі, солтүстікке Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста талас өзенінің оң жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Асқатағ, исседон, аримасып сынды сақ тайпалары «тигара хауда сақтары» (шошақ төбелі сақтар) немесе («шошақ төбел тымақ киетін сақтар») деп аталған. Жетісу алқабы осы «шошақ төбелі сақ» деген атау күні кешеге дейін қазақ халқының өздерін «шашақ төбелі қазақпыз» деп келгенін еріксіз еске түсіреді. Іле өзені мен Шу өзенінің алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлерді мекен еткен сақ тайпаларын ежелгі грек авторлары «исседон» Яки «асси» деп аталған.
Ежелгі грек тарихшыларының айтуына қарағанда, сақтар өте батыр жауынгер «қасқа қатал,досқа адал» халық болған. Соғыста өлтірген жауларының бас сүйегін ішімдік ішетін ыдыс еткен.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
«Қазақтың көне тарихы» Алматы 1993ж.
-
«Қазапқстан тарихы» очерктер Алматы 1994 ж.