
На сортировку / 2 / Тарих / ұлыстардың құрылуы
.docҰЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя құрған Шыңғыс-хан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғыс-ханның негізгі жұртын — Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Монғолиядан батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ үлкен ұлдарына бөлінді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілді. Шыңғыс-ханның үшінші ұлы Үгедейге батыс Монғолия мен ұлысының орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228/29-1241) Үгедей Орхонда, Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс-ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, «ұйғырлар өлкесінің шекарасынан Самарқанд пен Бұхараға дейінгі жерлерді», яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың денін қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша, Шағатай иеліктерінің негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы Алмалық болды. Шағатайдың жазғы ордасы іле өзенінің алқабындағы Құяш деген жер болды. Оның мирасқорларының ордасы, Жувейни деректері бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни «Үлкен үй» ал нумизматика деректері бойынша Орду әл-Азам деген атпен мәлім болған. Шағатай мен оның мирасқорлары иеліктерінің құрамына Балх және Хорасан өлкелері де кірді.
Шыңғыс-ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және «Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы тиген жерлерге дейінгі» ұшы-қиырсыз аймақты алып жатты, сөйтіп Жетісудың солтүстік бөлігін және Төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашидад-Диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы Ертісте болған, бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда, «қыпшақтар елінде» жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің маңында, Плано Карпинидің; дәлелдеуі бойынша, ХІІІ ғасырдың орта шенінде Жошының баласы Орда-Ежен (Орда-Ичен) тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлысының саяси өмірінің орталығы Төменгі Еділге ауысты.
Сонымен Қазақстан аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.
Батый (1227-1255) зор беделге ие болды және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген – ұлдарының ұлыстарына ыдырады.Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыс жүйесі қалыптасты. Әбілғазыда (XVII ғ.) деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый «солтүстік елдеріне» – Шығыс Европаға (1236-1242) – жасаған жеті жылдық жорықтан оралғаннан кейін өзінің інісі Орда-Еженге былай деген: «Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан он мың отбасынан тұратын халық саған беріледі»15; енді бір аудармада «сол сенің әкең тұрған жерде», яғни Ертістің жоғарғы ағысында деген сездер қосылған. Әдет-ғұрыпқа бағып, Батый өзінің басқа бауырларына да үлес берген.
Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз болды және өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай жиналыстарына бармады. «Әуел бастан-ақ, – деп жазады Рашид ад-Дин,–оның орнындағы Орда тұқымының қайсы біреуінің Батый тұқымынан тараған хандарға барған кезі болған емес, өйткені олар бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ оларда Батыйдың орынбасары кім болса соны өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлар өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып отырады». Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең-байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейінгі жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. XIII ғасырдың екінші жартысында-ақ Орда-Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған; ұлыстың саяси орталығы осы жерге ауысқан еді.
XIII ғасырдың екінші жартысындағы – XIV ғасырдың басындағы Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен (XIII ғасырдың соңғы ширегінде ғана монғолдар орыс жерлерін қанға бояп, Руське 15 жорық жасаған), Иранның Хулагу әулеттерімен болған үздіксіз соғыстарға толы; бұлардан Берке (1257-1266) мен оның мирасқорлары Азербайжанға және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. Меңгу-Темір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясының орталығынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуда Шағатай ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Өзбек ханның (1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-1357) тұсында Алтын Орданың күш-қуаты барынша кемел кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарын бұрынғы пассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды; алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына қайта көшті.
САЯСИ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҮРЫЛЫСЫ
Монғолдардың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшылық-егіншілік өңірлердегі дінбасылары, көпестер, ірі феодалдар және көшпелі түрік шонжарлары монғол хандары мен феодалдарының тірегіне айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге ұшырады.
Шыңғыс ұрпақтарының басшысы державаның ең жоғарғы әміршісі болып табылатын ұлы хан болды. Ол өзінің жоғарғы билігінің бірден-бір атрибуты болған «каан» («қаған», «хақан») деген атаққа ие болды. Ұлы ханның мемлекет басшысы ретіндегі құқықтары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін қамтыды. Жоғарғы өкімет билігінің бірлігі идеясы империя өмір сүрген алғашқы ондаған жылдарда теңге соғудан көрініс тапты. Түрлі ұлыстардың қалаларында, оның ішінде Орта Азия қалаларында да шығарылған теңгелер, әдетте, анонимді түрде болды, оларда ұлы хан есімінің немесе өзінің таңбасының ойылып жазылуы едәуір сирек кездесетін. Алтын Ордаға келген шет жерлік елшілердің Қарақорымға жіберіліп отырғанына қарағанда, шетел мемлекеттерімен келіссөз жүргізу құқығы ұлы ханда болған.
Ұлыстардың мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.
Орасан зор аумақты басып алған Алтын Орда билеушілерінің егіншілікті және қалалық мәдениет аймақтарын басқару жөнінен тәжірибесі болмады. Сондықтан Алтын Орда хандары әуел-бастан-ақ, сауатты және даярлығы бар адамдардан орасан үлкен ақсүйекті құруға мәжбүр болды, ол қызметтегілер негізінен мұсылмандар (хорезмдіктер, ирандықтар, түркі-бұлғарлар, қыпшақтар, қарлұқтар, қаңлылар) немесе буддистерден (орта ғасырлардағы ұйғырлар, тибеттіктер, қытайлар) тұрды. Алтын Орда бодандарының басым бөлігін түрік халықтары, Қазақстанның, Еділ бойы мен Қара теніз өңірінің монғолдар бағындырып алған половец-қыпшақтары, Хорезм мен Еділ Бұлғариясының тұрғындары және орыс князьдіктерін мекендеушілері құрады, олардың арасында шығыс славяндары және олармен ішінара сіңісіп кеткен угро-финдер басым болды. Ақсүйек және азын-аулақ таңдаулы әскер болған монғолдардың өздері едәуір тез арада өздерінің неғұрлым мәдениетті бодандарының ықпалына түсіп, ХІІІ ғасырдың аяғана қарай-ақ олардың түркі тіліне көшті, ал сонан соң ислам дініне де кірді.
Алтын Ордадағы бағындырылған халықтардың наным-сенімдеріне ұстамдылық көрсеткен билеуші ақсүйектердің діни ізденістері мәлім. Алтын Орда хандары өздері ислам дініне кіргеннен кейін де діни ұстамдылық көрсетті.
Алтын Орда өзгермей қалған жоқ, мұсылмандық Шығыстан көп нәрсе: қолөнер, сәулет өнерін, моншаны, изразецтер, өрнекті безендіру, әшекейлі ыдыс, парсы өлеңдерін, араб геометриясы мен астрологиясын, қарапайым көшпелілерге қарағанда неғұрлым жетік мінез-құлық пен талғам алып, үйренді. «Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық-жерорта теңіздік сипатқа ие болды» деп санайды, батыстың белгілі шығыстанушысы К. Босворт, бұған Алтын Орданың XIII ғасырдың екінші жартысы мен XIV ғасырдың бірінші жартысында Анатолиямен, Сириямен және Египетпен кең әрі тығыз байланыс жасауы себепші болды.
Алтын Орданың, астанасы Сарай мен оның баска да қалаларында көптеген қалалардың өкілдері тұрды. Сарайда бәрі де дамып, қалыптасу үстінде болатын, онда әр түрлі діндер мен мәдениеттер тоғысты, Алтын Орда сарайында түрлі нанымдағы миссионерлер арасында пікірсайыстар өткізіліп, оларға Мұхаммед, Христос, Будда дінін ұстаушылар белсене қатысты. Ордалықтар өздері жаулап алған елдерден тұтқын етіп айдап әкелген он саусағынан өнер тамған шебер қолөнершілер Алтын Орда қалаларын салуға және Алтын Орданың синкретикалық мәдениетін жасауға қатысты.
Мемлекеттері Алтын Орданың қираған жұртында пайда болған Қазақ хандығының билеушілері және Москваның ұлы князьдары мен патшалары XVII ғасырдың аяғына дейін мұсылман падишалармен алтынордалық хаттама дәстүрінде ресми хат жазысып тұрған, мұның өзі олардың орда рәміздерін жат бір нәрсе деп қабылдамай, етене, дағдылы түрде пайдаланған.
Жалпы Шыңғыс-хан империясының, атап айтканда, Алтын Орда мен Ша-ғатай ұлысының мүрасы XVI—XVIII ғасырлардағы Қазакхандығынан да, сон-дай-ақсол кезеңдегі Орта Азиянын, Сібірдің, Еділ бойының, Солтүстік Кав-каздың, Қырымның түрік мемлекеттерінен де көрінді. Атап айтканда, бұл қазақ қоғамының коғамдық-саяси кұрылысынан көрініс тапты, онда сұлтан-дардың жоғарғы тобы әкеден балаға ауысқан Шыңғыс-хан түқымдары — Шыңғыс ұрпақтарынан қүралды, хан тағын тек солар ғана иеленетін боллы. Бұл орайда Шыңғыс үрпактарының бұл күкығы орын алған этникалық жоне мемлекетгік шекараларға байланысты болмады: Шыңғыс-хан империясының дәстүрлері белгілі бір дәрежеде сакталған кез келген жерде хан атағынан дәмсте алатын еді. Сондыктан казақ арасындағы Шынгыс үрпактары бірде каракал-пақтар мен кырғыздардың падишахы рөлінде, бірде Бұхара мен Хиуа хандары релінде үстемдік етіп отырды. Шыңғыс үрпактарының мазмүны мен сипаты жағынан саяси, «генеалогиялық құкыкка» ғана негізделген билігінің, сірә, үлттық мәні болмаса керек.
Кезінде Шыңғыс-хан Ясасының монғол зандары жимагының кұрамына енген және XVII ғасырдағы казақ қоғамы жағдайында магынасын жогалтпагаі І халық ғүрпының ксйбір дәстүрлі нормалары казақтардыц зац ескерткіиіі — ,
«Жеті жарғының» (Тәуке ханның «Ережесі» немесе «Зандары») бір бөлігін қүрауы ықтимал.
Қазақ мемлекеттігінін өз негізіңде дамығаны, ертедегі түрік мемлекетгігінің дәстүрлі жалғасы болғаны күмәнсіз45. Мүны АлтынОрдадаайкындәлелдейді. Алтын Орданың, алгашқы ксзекте Кдзакстан мен Ресей тарихыныңбарысына ықпалының сан кырлы екені, Орда ыкпалының алуан түрлі, кайшылықты және уакыты жағынан үзак екені туралы, олардың ез кезегінде отандық және дүниежүзіліктарихпамада Алтын Орда кезеңініңаталғанелдертарихы үшін маңызы жонінде дау тугызгамы туралы46 көп айтуға болады.
3. ЖАУЛАП АЛУДЫҢ ЗАРДАПТАРЫ
Шынғыс-хан әскерлерінің шапкыншылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің зардабы жаі ыі Іан ауыр апат болды; ол көптеген халықтардың экономи-калык және модени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын үзак уакыт токыратты47. Монғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштср талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған калалар жер бетінен ғайып болып, материалдык және мәдени казыналар жой-ылып кетті, ондағам мың тамаша шеберлер мен қоленершілер кұлдыкка ай-далды. Араб тарихшысы Иби әл-Асир монғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күи мен тун болғалы болып кормеген, жаратылғанның бәрін жайлаған орасан кесапат болды... жылнамаларда бүл секілді апаттың болғаны айтылма-ған»депжазды18.
Қалалардың қирауы. Жергілікті халыктын қарсыласуын басу үшін Шыңғ-ыс-хан жаппай кырып-жою және күштеу, түтас бір аудандардан түк қалдыр-мау әдістерін қолданды. Шыңгыс-ханмың Орта Азияға баратын жолындажа-тқан Оңтүстік Қазақстамның Сыр оңіріндегі калалары мен коныстары бұл әдістердің алғашқы күрбандары болды. Монғол әскерлері отпен ертеп, кылышпен кырып, озінс жол ашып отырды. Араб жоне парсы деректемелері түрлі елдсрдің халқын монголдартүгелдей дерлік қырып тастаған отызғатар-та қалаларының атын келтіреді49, олардың ішінде Оңтүстік Қазақстанның Отырар, Сыганак жоне Ашнас калалары айтылады.
Жоғарыда айтылғанындай, Отырар тұрғындары мен оның гарнизонының алты ай бойы карсыласканы үшін қаталдыклен кек алывды — монголдар кала-нытонады, камал мен корганныңдуалын киратты, каланыңтірі калған тұргын-дарының көпшілігін кырып тастады. Отырар тұргындарының шағын бір белігі, «кылыштан қашып қүтылі андары» гана түтқынға алынып, қаланы қоршауға алган кезде пайдалану ушіі І Самаркаид манына айдап әкетілді. Сығанакты жеті күн бойы үздіксіз шабуыл жасап алғанпан кейім басқыншылар оның халқын түгел кырып тастады50. Сырдариянын теменгі ағысындағы Ашнастың халкы да осыидай жағдайға душар болды. Бұл ауданның баска қалаларында — Жент-те, Үзкентге жоне Баршынлыкентте халыкты мүншалықты қыру болған жок, * бірақбүл калалардамонгол әскерлерініңталап-тонауынаберілді5І.Оңтүстік Қазақстанның баска отырыкшы-егіншілік орталықтарының халқы да зардап шекті. Папа IV Иннокентшідің Күйікханға жіберген елшісі 1245—1247 жыдда-ры Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазакстан аркылы жүріп өткен. Плано Карпинидіц баіікаулары осыны долелдейді. Атап айтканда, Сырдария ауда-нында ол жәнс оныи серіктсрі жермен жексен болган көптеген калаларды, қирап калғаи бскімістерлі жопс қацырап калган кыстақтарды көрген32. Шапқ-
90