На сортировку / 2 / Тарих / Азамат согысы жане социалистик курылыстын басталуы
.doc1920 ж. 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі, Қырғыз (қазақ) Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқықтарының Деқаарациясын қабылдады, ол Деқаарация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін ҚазАКСР-нің құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының шаруалар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті. С.Меңдешевті бас етіп Орталық Атқару Комитетін (ОАК) және В.Радус-Зеньковичті бас етіп Халық комиссарлары Кеңесін (ХКК) сайлады.
Қорыта келгенде, 1917 жылғы төңкерісті Ресей империясының барлық ұлттары атынан сөйлеуге тырысқан орыс Большевиктік партиясы ғана ұйымдастырды. Қазан революциясын Орта Азия мен Қазақстанда тұратын орыстар ғана қабылдады. Большевиктер үкіметі атынан сөйлеген жаңа әкімшілік Түркістан мен Қазақстанда социалистік революция ұйымдастыру емес, ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншуды көздеді.
Қазақстанда Кеңес үкіметі негізінен және көпшілігінде күштеп орнатылды. Қазақ халқы Қазан төңкерісінің мәнін, Ленин бастаған большевиктер партиясының бағдарламасын түсінген де жоқ, қабылдаған да жоқ. Әлеуметтік революцияға Қазақстанда ешқандай негіз жоқ болатын. Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтары үшін Қазан революциясының мән-мағынасы орыс үстемдігі жойылып, тартылып алынған жер-суымыз өзімізге қайтарылады деген үмітке ғана сайды.
Кеңес үкіметінің алғашқы күндерінен-ақ жергілікті халық саяси дискриминацияға ұшырады. Ұлтшыл қайраткер Мұстафа Шоқай айтқандай: «Түркістанда Кеңес үкіметі жергілікті байырғы халықтың билікке араласуын беталды жоққа шығарудан басталған».
Революция кезінде де, азамат соғысы мен социалистік құрылыс жылдарында да қазақ халқы үшін ең басты мәселе ұлт мәселесін шешу болды. Бірақ, тәуелсіздік үшін күрес елдің дамуында жалпы артта қалушылық пен бірліктің жоқтығынан жеңіліс тапты.
