Қорытынды
Қорыта
келсек, бұл кезеңдегі деректерге
қарағанда Жәңгір хан дәуірінде қазақтар
мен ойраттар арасында үш ірі шайқас
болған,біріншісі,1635-жылы,екіншісі,1643-жылы,ал
үшіншісі,1652-жылы болды. Бұл соғыстарда
бірде қазақтар бірде жоңғарлар жеңіп
отырды.Салқам Жәңгір қаза болған 1652
жылғы зор майдан оның халқы үшін абыроймен
аяқталған.Қаһарман ханның сүйегі жау
қолына түспейді.
Қазақ
Ордасының астанасы Түркістанға әкелініп,
арулап, әспеттеп, Әзірет Сұлтанның
саясына қойылады. Басына тұрғызылған
күмбез уақыт оза келе жермен жексен
болған.Бар ғұмырын туған ұлтының мерейін
көтеруге арнаған, сол жолда жанын қиған
сайыпқыран Салқам Жәңгірдің асыл сүйегі
нақты қай шаршыда жатқанын қазір ешкім
де білмейді.