
На сортировку / 2 / Тарих / Желтоксан заказ
.docМіне, желтоқсан оқиғасынан бері, 20 жыл өтті. Осы өткен тарихымыз жайында сарылып, ізденіп жатқанымыз да, бүгінгі күнде, өзіміз үшін, келер ұрпақ үшін де білу өте қажет. Желтоқсан оқиғасы туралы деректер ізденіп, жинап, оның толғақты тұстарын таразылап, толғаныс күйі кешкенде «Қазақ декабристері» деген сөздер ауыздан-ауызға тарағанын естиміз. Сол сияқты орыс декабристерін айта кетсек кем болмас. Солардың ішінде П.И.Пестель, С.И.Муравьев, К.Ф.Рылеев, М.И.Бестужев сияқты революционерлер тарихқа енді. Олардың 1825 жылғы революциялық, жанқиярлық істерінің одан кейінгі кездерде әсері зор болды.
Орыс декабристерінің – Сенат алаңына көтеріліске шыққандағы негізгі мақсаты – азаматтық, бостандық және теңдік еді. Міне, осыған сабақтас, ұқсас – Алматының бұрынғы Брежнев алаңында өткен қозғалыста – Қазақ декабристерінің де аттары тарихта үлгі етерлік намыстың сиволындай болып қалатынына күмәніміз жоқ. Сол кездегі шеруге қатысып, демократияға сеніп, бейбіт жолмен шыққандар да осы қазақ жастары. Оған бір жағынан аяушылықпен қарап, екіншіден, жас қаһармандар ісін намыс мақтанышындай көріп, оларды алаулаған ерліктің шамшырағындай сезінеміз. Айтар болсақ, осы екінші қозғалыс та желтоқсан айында болды және аралары да қашық емес. Петербургте 14- желтоқсан, ал Алматыда 17-18-ші желтоқсан айы.
Көлденең көк атты келімсектерден халық не жақсылық, не қайыр көрді: Голошекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізіп, елді аштық тығырына тіреп, жартысын қырғынға ұшыратты.
Кейіннен Хрущев пен Брежневтің кезінде тың жерді игеру сылтау болып республика жеріне келімсектердің өкілдері лек-легімен қоныс тепті. Бұл отралаудың ұйытқысы екенін сездік пе, яғни, жасырын жүргізген саясаттың салдарынан қазақ халқының саны азайып жатқанын сол кезде кім білген.
Желтоқсан қозғалыс талай жерді шарлап кеткен әсері, өктемшіл жүйенің ұлттық намысты қорлап, бетке ұстар ел азаматтарының басына түскен қасіреті жанымызға қалай батпасын.
Дегенмен, бір Қарағанды облысын қарастырсақ, 55 жыл ішінде осы облыста бірде-бір қазақ азаматы Қарағанды облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы болмаған, яғни 1936 жылдан 1991 жылға дейін орыс азаматтары басқарып келген. Солтүстік облыстардың қай-қайсысында болмасын Қарағандыдан артық емес еді. Соңғы отыз жылдан астам уақыттан бері Павлодар, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстық партия комитеттерінің 1-ші хатшыларына жергілікті халық өкілдері сайланбай келді, немесе орыс өкілдері үшін мәңгі брондап қойғандай болды. Сол жылдар ішінде осы қызметте істегендердің аты-жөндерін атап көрсету артық болмас.
Обкомныңі бірінші хатшысы болып істеген жылдары:
-
Пинхасик Гдалий Исакович 193-1938 жж.
-
Садовников Николай Петрович 1938 ж.
-
Пазиков Хабар Мухарамович 1938-1942 жж.
-
Мельников Леонид Григорий 1942-1944 жж.
-
Галайдин Григорий Спириндонович 1944-1947.
-
Абабков Тихон Иванович 1947-1952 жж.
-
Яковлев Сергей Яковлевич 1952-1958 жж.
-
Исаев Павел Николаевич 1958-1959 жж.
-
Соломенцев Михаил Сергеевич 1959-1963 жж.
-
Банников Николай Васильевич 1964-1968 жж.
-
Акулинцев Василий Кузьмич 1968-1979 жж.
-
Коркин Александр Гаврилович 1978-1986 жж.
-
Локотун Валерий Иванович 1986-1989 жж.
-
Башмаков Евгений Федорович 1989-1990 жж.
-
Гаркуша Виталий Степанович 1990 жылдан бері
Желтоқсан оқиғасына қатысқандары үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдар ақталған деп саналды. Желотқсанның 17-сі Қазақстан республикасының демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Ақиқатқа біршама қол жетіп, талай жастар ақталды.
Желтоқсан қозғалысының әсері, оның нәтижесінде көп проблемалардың көзі ашылып, рухани әлеміміз, ұлтжанды сеземіз өзгерді.
Желтоқсан оқиғасы бізге жан тебірентерлік, үлгі, өнеге, мәңгі, аяныш сезім болып қала береді.
Жыл өткен сайын бұл көтерілістің көмескі тартып, жол ұрпақ зердесінен өшіп бара жатқандығы ескере келіп Елорда тарихшылары 2006 жылы Алматыда Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай республикалық деңгейде ғылыми-практикалық конференция өткізу қажеттігін, Астананың «Конгресс-хол» алдындағы «ескі алаңды» «Желтоқсан көтерілісі алаңы» деген атау беруді шешті.
Тарихымыздың бір кезеңі болып қалады. 1991 жыл Қазақстан тәуелсіздігін алды. Егеменді мемлекет болды. Қазақстан өзге елдермен қарым-қатынасы дамып келеді. Еліміз Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына қосылуда. Қазақстан келешегі биік, жоғары.
Желтоқсан оқиғасын еске алғанда қазақ халқының басынан кешкен тағы да бір кезеңі деп білеміз. 70-жылдар бойы халқымыздың көптен бері көріп келе жатқан қорлығының жарасы жарылып, ызасы сыртқа шығуы деп түсіну керек. Сол 16 желтоқсанда жас азаматтарымыздың түре көтеріле қарсылық білдіріп, алаңға шығуының ар жағында үлкен саяси мән бар екенін ол кезде басқа ұлттың өкілдері тұрмақ, өзіміздің қазақтардың ішінен біреуі түсінсе де, екіншісі түсінбеді.
Ашық көкіректі ояу ер-азаматтарымыздың көбі Ресей империясы қол астында тізгіндеп ұстағысы келгенін, оның астарында қандай зымиян пиғыл жатқандығын білсе де, оған наразылық білдірмеген. Өйткені бұл жерде әкімшіл-әміршіл саясат болғандығын ұмымтпауымыз керек.
Қазақстанның бас хатшысы Д. Қонаев атамызды орнынан түсіріп, Колбинді қойғанын естіген қазақ жастарымыз халқын қорлаған Үкімет шешіміне наразылық білдіріп, қолдарына ұрандарын көтерді. Алаңға желтоқсанның 17-і күні шыққан студенттердің өз еркімен шыққандығы дәлел. Сол студенттер алаңға келесі күні де, оның арғы күні де еліне өз көмегін бергісі келді. Бірақ күннен бастап университет мұғалімдері жатақханаларының есік-терезелерін жауып тастап, күні-түні босағаларын күзетіп, бір тәулікте әр бөлмені екі-үш реттен тексеріп, кімнің бар, кімнің жоқ екенін, кімнің қайда кеткенін мұқият белгілеп; «Отырған алаңға баратын болсаңдар институттан шығарамыз, ата-анаңды шақыртамыз, жұмысына хабарлаймыз», - деп насихаттар жүргізіп, қатал тәртіп орнатып, күшпен басып отырған, олай болмаса бір де бір студент қалмастан алаңға кетер еді. Кейбір студенттердің «ұл-қыздарымызды соққылап, қорлап жатқанда біздің бұл жерде жайбарақат отырғанымыз қалай, ұлттық ар-намысымыз қайда, бізді неге жібермейсіңдер? Сендер орыстарға сатылғансыңдар, «қызметімізден айырылып қаламыз, сотталып кетеміз» деп қорқып отырсыңдар. Сендерде ешқандай да ұлттық ар-намыс деген жоқ» - деп тиіскендері де болған екен.
Желтоқсанға қатысқан студенттерді фотокамераға түсіріп алып жалған айтып, бүлікшісіңдер, орыстарға қарсы шықтыңдар» деген неше түрлі бір сұмдықты мойынға іліп қойғанын осы кітап, газет-журналдардан мақалалар оқып, патриоттық сезімді оятып, жан түршіктірген сезімде болдық. Желтоқсан оқиғаларына қатысты мақала шыққан газет қиындыларына көз салсақ, 16 желтоқсанда болған студенттердің басынан өткен қиын сәттерін газет бетінде шыққан мақалада: «Біз түрмеде отырған сәтте дәл осылай тәуелсіздік таңы атады деп ойлаппыз ба? Ол кезде мемлекетке қарсы шыққан қылмыскер едік. Болашағымыз күңгірт болатын. Біздің рухымызды көтерген тек халқымыз ғана деген шексіз сенім ғана еді» - деп жазса, тағы біреуі «Желтоқсанның 15-і күні түнде Қонаев ағамыз орнынан алынады екен деген алыпқашпа әңгіме естідік. 16-сы күні «алаңға адамдар жиналуда» деген тағы бір хабар жетті. Расы керек, онда не болып жатқанын көзбен көрмек болып сол кездегі Брежнев атындағы алаңға бардық. топ-топ болып тұрған жастар тобын – милиция қызметкерлері қоршап алыпты. «Қазақстаным» әнін хормен айтқанымыз, мінберге шығып сөз сөйлегендер бәрі-бәрі көз алдымда. Елемісов: «Жастар, бұл тәртіпсіздікті қойыңдар, арты жаман болады» - деп сес көрсетті. Тосын сөзге жастар қызбаланып кетті» – деген әңгімесін жазса, тағы біреуі: «Бәріміз алаңға топтастық, қабағымыз қатулы, жылдар бойы кеудеге кептелген ыза, кек жанартау болып атылғалы тұр» - десе, тағы біреуі: «17 желтоқсан күні бармасам да, қалайша бардым дейін десем, «ты нацист, кого ты хочешь обмануть, что тебе не нравится, русские да, тебя учили, кормили, одевали, теперь ты хочешь перевернуть советскую власть?» - деп алдыма қалам-қағаз қойды. Жазған қағаздарымды жыртып тастап, аузына түскен сөздермен балағаттап, соққының астына алды. Кешкі 6-7 шамасында аға тергеуші Дубаев пен Державецкийдің қолдарына әкеліп тапсырды. Олар кешкі 8-ден түнгі 12-ге дейін тергеп, бір сөз айтсам он сөзді қоса жазып, қол қоймаймын дегеніме қарамастан өз жазғандарыма күштеп қолтаңбамды қалдыртты» - деп жазған.
Қанды қырғынның ішінде араласып жүріп, дүниеден өткен Қайрат пен Ербол, Сәбира мен Ләззаттың аттарын қазақ халқы мәңгі ұмытпайды. Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес үкіметінің жүргізіп отырған әкімшіл-әміршіл тоталитарлық саясатының дұрыс емес екендігін, бүйтіп алаңға шығып бетіне айтпақ түгілі, ойлауға дәттері шыдамай, келген халықтың арасынан алғаш рет суырылып шығып, теңдесі жоқ ерлік көрсеткен сендердің есімдерің қазақ халқының тарихында алтын жазумен жазылатындығында дау жоқ. Егер сендердің сол батылдықтарың болмағанда, мынау бүгінгі Одақтағы дүниежүзіндегі болып жатқан түбегейлі өзгерістердің болу-болмауы екіталай еді. Одақ көлемінде бір ұлт екінші ұлттың мәңгілік боданында, бағынышында болып, кемітіп-кемсітуінде, қорлауында бола алмайтындығын бүкіл әлемге алғаш рет паш еткен сендер болдыңдар. Өздерің құрбан болсаңдар да, шын бостандық үшін күресудің жолын көрсетіп кеттіңдер. Сендердің сол бір ерліктеріңнің арқасында еліміздегі қайта құру процестері кеңінен етек алып, жылдамдай түсті. Одақ шеңберіндегі өмір сүріп отырған елдердің ішінде ұлттық сана-сезімдері оянбаған ел қалған жоқ. Көкіректерінде саңылауы бар ұлттар мен ұлыстар жеке ел болуға ұмтылып, әрекет істеуде. Қандай ұлт болмасын, оның санының аз-көптігіне, жерінің үлкен-кішілігіне қарамастан ата-бабалары сан ғасырдан бері қоныстанып келе жатқан, кіндік қандары төгілген туған жерлерінде өз отауларын тігіп, дербес ел болып отыруға қақылары бар. Осы Желтоқсан оқиғасы бүкіл дүние жүзіндегі ұлттардың намыстарына қозғау түсіріп кетті.
Айта кеткім келеді – тәуелсіздік қай халықтың болмасын арман-мүддесі, мақсаты, күресі екені анық. Ал қазақ халқының бұл жеңісі оңай келе қойған жоқ. Империялар қыспағында қалып, құрып кетпеудің амалын қарастырған ата-бабаларымыз Ресей қол астына кіріп, пана тапқандай болса да, аз зардап шекпегендігін айқын білеміз. Тәуелсіздік ауқымы кең, мазмұны терең. 1991 жылы 16 желтоқсан республикамыздың мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланған күн ретінде тарихқа енді. Өз уағында күллі әлемді дүр сілкіндірген бұл рух пен сана толқыны күні бүгінге дейін талай сырды бүгіп жатқаны ешкімге құпия емес. 1986 жылы желтоқсан күнлері мен оқиғасы ғылыми түрде зерттеліп, қазақтың тарихына жазылып, таяу жылдарда оқулық ретінде кітап боп шығып, мектеп, институт, университеттерде сабақ берілсе, мұражай ашылса, құрбан болған аға-әпкелерімізге ескерткіш орнатылса деймін. 1986 жылы 16-шы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев сөз сөйледі және депутаттар, академиктер, ұлттық демократиялық партиясының төрағасы, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының басшысы О. Сүлеймеов, тағы басқа басшы азаматтар сөз сөйледі. Олар жығыла жаздаған ұлттық намысымыздың туын көтерген халыққа алғыс айтып, Қазақстан демократиясына алдағы уақытта бір тудың астына бірігіп, барлық қиындықтарды бірлесе отырып шешуге шақырды. Митингті 1991 жылғы Желтоқсан оқиғасына орай тағайындалған комиссияның төрағасы М. Шаханов ашты. Бүкіл әлемді елең еткізген Желтоқсан оқиғасының болғанына да биыл 20 жыл өтіпті. Уақыт деген зымырап өтіп барады. Кеше ғана алаңда таяқ жеп, денесіне таңба түскен қазақ жастарымыздың тән жаралары жазылғанымен, жүректеріне түскен жан жаралары әлі жазыла қойған жоқ. Біржолата жазылып кетуі де мүмкін емес.
Арқалаумен бітпейтін арман жүгін, Иіскедің басқаның солған гүлін. Қазағым-ай, Сенгіштік сені құртқан, Сені құртқан ақкөңіл, аңғалдығың.
Барымызды «бар» демей «жоққа» көндік, Ашаршылық, Қан майдан, Сот та көрдік. Жатсынбадың ешкімді Қол қусырып Төсек болдық жайылып, Тақ та бердік.
Кім келсе де де төрлеттік, Тойындырдық, Ата-баба дәстүрін ойын қылдық. Тілден, діннен қашықтап, Амал қанша, Адастырған іздерді кейін білдік, Кейін білдік, Түсіндік, Амал қанша, Кім түзейді ойларын қараң қылса?! Шықты атылып алаңға тасқын толқын, Тұрды ыза, кек қасқайып қамалдарша.
|
Қайран қоғам тұрды ғой құбылып көп, Бабамыз жөн айтпады тіріліп кеп. Желтоқсанда жиылдық бір жағаға, Желтоқсанда түйілдік жұдырық боп.
Желтоқсанда сездік қой ақ, қараны, Құпия көп ашылмай жатқан әлі. Келер ұрпақ бұл күнді еске алғанда Мұңаяды... Бірақ та мақтанады.
|