
Іх ғ. Екінші жартысы мен хііі ғ. Бас кезіндегі қалалар мен мекендер.
Қаладағы аса маңызды кәсіптің бірі – темірші-ұста ісі болды. Темір бұйымдардың көптеп табылуы – осынау кәсіптің дамуынан, оның техникалық мүмкіндіктерінен хабар береді. Мыстан мүліктер жасайтын орындар қалалардың бәрінде болған, өйткені мысты полиметалдар Қаратаудағы, Талас, Іле, Жоңғар Алатауларындағы қала орталықтарына жақын кездерден өндірілетін еді.
Бұл кезеңде сауда-саттық та өркендейді. Жібек жолымен келетін халықаралық сауда мөлшері бізге орта ғасыдағы авторлар деректерінен белгілі. Испиджаб, Кедер, береді. Олардың қатарына теріскей-шығыс Жетісудің Қаялық, Екіоғыз сияқты қалалары қосылады.испиджабта төбесі шатырлы базарлар, маталар базары, керуен сарайлары болған.
Қаланың сол аймақпен, даламен саудасы қанат жаяды. Қазақстан қалалары ұлан даладан келіп түсетін тауарлар – қой мен ешкі терілері, елте, ұлпандар болған.
ІХ-ХІІ ғғ. зат айырбастасуды ысырып тастап, тарих сахнасына тауар-ақша айналымы шығады. Испиджабта, Отырарда, Тараз бен Яссада теңге сарайлары жұмыс істейді.
Қала халқының санының өсуі ауыршаруашылығының құндылығын арттыруды талап етеді. Сол себепті де егінді жерді қолдан суару жүйесі жетілдіріледі. Оның даму жолы Отырар аймағы материалдарынан анық көрінеді.
Қорытынды
Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен тарихи дамуы барысында әлемдік сахнада бұрын соңды болмаған мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда бола отырып тарих көкжиегінде сан алуан процестер пайда болды. Шығыс пен Батыс мәдениеттер алмасуы жүзеге асты.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстар нәтижесінде көшпелілер территориясында жаңа үлгідегі қалалық мәдениет орнықса, отырықшылар көшпелілердің көшіп-қонуға қажетті жүк көлік арбаларынан бастап, мал шаруашылығының көптеген әдістерін игерді.
Ұлы Жібек жолының саясат пен дипломатия тұрғысындағы негізгі жетістіктері өте көп. Қытай империясымен көшпелі үйсін,қаңлы, орта ғасырдағы түрік тілдес мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта білді. Ұлы Жібек жолының қаншалықты маңыздылығын осы жолдың маршрутымен қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының салынуынан көруге болады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» маршруты біздің еліміздің территория аумағымен жүріп өтуі «Ұлы Жібек жолы» бойында сол заманда еліміз аумағында мекендеген мемлекеттердің осы жол арқылы Шығыс пен Батысты жақындастыруда саяси дипломатиялық маңызды рөл атқарғандығын көреміз.
Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.
Қорыта келе негізгі басты айтарым, Ұлы Жібек жолы саяси дипломатия айнасы болды десем қателеспейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан тарихы очерктері, «Дәуір», А, 1994
Қазақстан тарихы бес томдық
Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003
Ахинжанов С.М. Кыпшаки в истории средновекого Казахстана. Алма-Ата, 1970
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1997
Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С. Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері. Алматы, 1996
Кумеков Б.Е. Арабские источники по истори кыпчаков, куманов и кимаков VII-XIIвв.-Спб. 1994
Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматы,2009
Байпаков К., Нұржнаов А. Ұлы Жбек жолы және орта ғасырдағы
Қазақстан. А., 1992(орыс тілінде)