Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / улы жібек жолы.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
36.53 Кб
Скачать

Діни соқпақтары

Жібек жолымен діни идеяларда кеңінен таралып отырылған, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқан. Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген, Сирия мен Ираннан, Аравиядан – христиан діні, сосын барып ислам жеткен.

Зерттеушілер пікіріне қарағанда, Қытайға буддизм Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з.б.І ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда ортаазиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б.з. ІІ-ІІ ғғ. буддизм белсенді түрде таратылған, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.

Исламды тарату кезінде Орта Азия мен Қазақстан қалаларында пайда болған құрылыстар қатарына қоғамдық моншалар жатады.

Араб әрпінің көркемдік мүмкіндігін пайдалануға арналған керамика табылды. Сондай жазуладың бірсыпырасының көркемдік сипаты ғана болса, кейбіреулерінде әралуан игі тәлеулер, өсиеттер айтылады. Металдан жасалған сәндік бұйымдарға мода таралады, сол сияқты әзгә тілеулі, діни мағынадағы жазулары бар заттарға мода басталады.

VI ғ. Мен XI ғ. Бірінші жартысындағы қалалар мен мекендер

Қазақстаннның ұлан байтақ жерінде ежелгі замандардан бері отырықшылық, ал орта ғасырдан бастап қалалық өмір-тіршілігі дамыған ірі-ірі тарихи-мәдени аймақтар бөлініп көзге түседі. Солардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болады. Оңтүстік Қазақстан яғни Сырдария өңіріндегі географиялық уәлаят солтүстігінде - Орталық Қазақстан даласымен , оңтүстігінде – Талас Алатауымен, Шығысында – Жуалы қыраттарымен, батысында – Қызылқұммен шектеседі.

Көшпелілер мен егіншілердің –ра қатынасы үнемі дұрыс болып отырмаған. Көшпелілердің барған жерін жерін құлазытып кететін шапқыншылықтары мен басқыншылықтары тарихи фактілер бар, сонымен бірге отырықшы халықтар билеушілерінің көшпелілерге жасаған қатігездігі жортуыл – жорықтары жөніндегі мәліметтер де аз емес.

Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдыларды отарлауы арқасында пайда болған деп есптейді. Жетісу қала мәдениетінің шығуының қарама-қарсы, автох тонды – осы жердің өзінде пайда болды деген модельде бар, бұл пікір бойынша, оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағы ешқашанда Соғдының объектісі болмаған, ол Орта Азия халықтарының тарихи және экономикалық тағдырында елеулі рөл атқарған, өзіндік экономикасы мен мәдениеті бар дербес аймақ болған.

Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстігінен VI-IX ғғ. қатпарындағы қала жұрты белгіленді, оларды қалалар қалдығы деп атауға саяды. Олардығ бірсыпырасының аттары белгілі: Испиджаб, Шараб, Будухкест, Отырар (Фараб), Шавғар. Бұл қалалардан бірден көзге түсетіні: арқ (қамалсарай), шахристан (ішкі қала) және рабад (қала маңы). Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың оңтүстік – батысындағы қала мәдениетінің дамуының ерекшеліктері бүкіл облыстың тұтас өзіне және оның аудандарының әрқайсысына, қала жұрттарының топографиясына, қала тұрғын жайларына, оның керамикасына, идеологиясына өзіндік өрнек белгілірін қалдырған.