Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары
Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.
Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.
Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын жіек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар - соның айғағы.
Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады екен. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шар-тараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістанндағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан – Қырымның, кішіазиялықтан – Сиваси, Кония, Тебриздің, Қазақстаннан – Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез – ХІІІ ғ.
60-жж. Екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.
Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген тап бола қалса, кеңінен тарп кетеді екен.
Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы
Орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдерінің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концециясы етек алып алыпи жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж.) мен Тан әулеті (618-907 жж.) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан төрт монархияның негізі деп саалады: оңтүстікте – пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста адамдар патшасы (Қытай). Осы идея сосын мүсылман авторларына да ауысып келеді.
Тауарларды қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілерң мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таралған.
Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер құрамына еңгізілген.Мәселен, сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер ұстаған. Түрік қағанының Суяб түбінде ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөнінде сипатта сақталып қалған. «Қаған, - деп жазады сол сияпатты көзімен көрген будда сопысы Сюань Цзянь, - шарап әкеліп, саз ойауға әмір етті... сосын бір үзілмей, металл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі тамылжып төгілді де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып отырды». Тан әулеті Қытайдың ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-күйлері болған. Құш пен Қашқардың, Бұқар мен Самарханд – Үндістанның сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық дәстүрімен ұласып кетті.
Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері мәдениеттердің дамуын және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді бейнелейтін Тан дәуірінің терракот пен лекциясы – осының айғағы. Мұнда көптеген артистердің бет-бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады.Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырға суреттерде азшылар мен актерлер бейнеленген.
