
На сортировку / 2 / Тарих / желтоқсан2
.docҚазақстанның дербестігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың ерік-жігіерін алғаш танытқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жұртшылық жадынан мәгілік өшпек емес. Өйткені, бүгінгі егемен еліміздің ғасырлар бойы аңсап келген тәуелсіздігіне қол жеткізуге жастардың сол бас көтеруі себепші болғаны ақиқат еді. Биыл міне, халқымыздың ХХ ғасырдағы тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болып, көрнекті орын алған Желтоқсан оқиғасына жиырма жыл толғалы отыр. Бірақ... ақиқатқа жету жолы қашанда ауыр ғой. Желтоқсан оқиғасы туралы хабар ошардың біржақты болып, оған теріс сипат беріліп, алғашында ел ішінде әртүрлі қауесеттің тарағаны да әлі есте. Бұрынғы ойдан шығарылған айыптаулар, бір жақты әрі жалған баға берулер сол кездің өзінде жеткілікті негіз бола алмаса, қазіргі таңда уақыттың өзі оларды толықтай теріске шығарып отыр. Жиырмасыншы ғасырдағы тотаритарлық жүйе Желтоқсан оқиғасы кезінде өздері ұйымдастырған ойранды жасырып, жұртты барынша алдап бақты. Ол үшін қолдағы барлық мүмкіндіктер-ақпарат құралдары, басқа да идеологиялық ұйымдардың, ресми органдардың күші толық пайдаланылды. Бүлік шығарғандар «ұлтшылдар», «мансапқорлар» деген жала жабылып, «Оларға қарсы өрт сөндіретін машиналар, сапер күректері қолданылған жоқ, оларды ешкім итпен қуған жоқ» - деп ақталуға тырысты. Ел ішінде әртүрлі қауесет тарап, өсек-аяң, жел сөз гулеп тұрды. Шындықты бүркемелеген сол оқылықтардың орнын толтыруға тырысқандай, тек 1989 жылдың жазында ғана ақпарат құралдарында бірқатар ресми хабарлар берілді. Республика Жоғарғы Кенесінің Президиумы халық депутаттарының сұранысы мен еңбекшілердің көптеген өтініштерін ескеріп, Желтоқсан оқиғаларына қатысты мәселеріді қосымша тексерумен айналысатын арнаулы депутаттық комиссия құру туралы шешім қабылдады. Бір жылдан соң, 1990 жылдың 24 қыркүйегінде сол комиссияның қорытындылары мен ұсыныстары мақұлданған. Сөйтіп, Қазақстанның, тіпті бүкіл Кенестер одағының тарихында орталықтың қазақ халқына «ұлтшыл» деп айдар таққан өктемдігіне алғаш рет қарсылық білдіріліп, СОҚП Орталық Комитеті Саяси Бюросының шешімі айыпталды.
Шындығында желтоқсандағы қазақ жастарының бас көтеруі ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталған жоқ-тын. Сол күндері Алматы, Целиноград, Арқа лық, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Шымкент қалалары және басқа елді мекендерде бой көтерген халықтың басқа ұлттарыдың өкілдеріне қарсы шықпағаны ақиқат. Оған көп ұлтты Қазақстанның өзге ұлт өкілдері, оның ішінде Н.Фокина, И.Дауранов сияқты орыстар мен басқа да көптеген адамдардың көтерілісшілер жағында болуы да соның айқын дәлелі.
Желтоқсан толқуы – шың мәнісінде, елімізде алғаш рет екі күштің: жаңа басталып, буыны қаптаған демократияның және сол кездегі әкімшіл-әміршіл жүйенің қақтығысы болатын. Ал, Г.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлануы Орталықтың қазақ халқының өмірлік мүддесіне қатысты мәселелерді шешудегі өктемдегі ретінде қабылданды.
Оқиға әуелде тек Алматы қаласының бір топ жұмысшы және студент жастарының Орталық Комитет Пленумының сол шешіміне наразылық білдіруінен басталған. Бейбіт шеру түрінде өткен ол наразылық мемлекеттік құрылысты құлатуға немесе басқа халықтарға қарсы әрекет етуге шақырған жоқ. Орталық Комитет үйінің алдында жиналған жастар Пленум шешіміне байланысты түсінік беруді талап етеді. Алайда, Республика басшылығы олардың пікірімен санасқан жоқ. Қайта, ол саяси наразылық өкіметке қауіп төндіру ретінде бағаланып, сан жағынан шеруге қатысушылардан әлденеше есе басым Алматы гарнизоны әскери даярлық жағдайына келтіріліп, алаңды қоршауға алады. Тіпті, жастар жиынын тұрақты әскери бөлімшелердің күшімен басу туралы мәселе де күн тәртібіне қойылды. Солай болды да. Оқиғаға бұрмаланған баға беру түптеп келгенде, ішкі әскери күштер бөлімшелерін Алматыға еліміздің басқа аймақтарынан әкелуге апарып соқтырды. Сөйтіп КСРО-ның 8 қаласында 12729 адамдық әскер, 11 өрт сөндіруші машина, 15 БТР, арнайы даярланған иттер бейбіт шеруді қырып жоюға кірісті. Желтоқсан қаһармандары өздерін жаппай соққыға жығып, қақаған аязда мұздай су шашқанына, өздеріне қарсы иттер, БТР машиналары қолданылып, сапер күректерімен, шоқпарлармен қаруланған милицияның отрядтарын, арнаулы әскерлердің курсанттары мен сарбаздарын айдап салғанына, жаппай тұтқындауға қарамастан бірнеше күн бойы бір жерде ашық, енді бірде жасырын түрде халықтың еркі мен мұң-қайғысын жанына жалау етіп, республиканың дербестігіне, еркіндігіне, тәуелсіздігіне қол жеткізу жолындағы күресін жалғастыра берді. Олар денсаулығын, болашағын, тіпті өмірін де құрбандыққа шалды.
Иә, бүкіл әлемді дүр сілкінткен Желтоқсан оқиғасы қазақ топырағына ұлттық санасы сергек жаңа қайсар ұрпақтың келгенін айқын көрсетті. Халқымыздың жылдар бойы Орталықтың әкімшіл, саясатынан іште беріш болып келген ашу-ызасы алғаш рет сол буынның мінезімен сыртқа шықты және ол осы кеңістіктегі жаңа демократиялық қозғалыстың бастауы болды. Шындық, нақтылы болған оқиға қаншама бұрмаланса да оның айналасында сәуле түсіретін шырағын ешкім де сөндіре алған жоқ
Алматыда басталған демократияның жалыны ұйқыда жатқан көптеген халықтарды оятып, ұлттық ар намыстың көрінісі үстінде ернеуінен Сумгаит, Баку, Тбилиси, Душанбе болып төгіліп жатты. Яғни Желтоқсан көтерілісі жарты әлемді уысына ұстаған КСРО-дағы әбден шіріген ескі жүйенің күйреуіне ең бірінші болып соққы берді. Содан кейін-ақ Мәскеу құзырындағы елдерде еркіндіке деген ұмтылыс жаппай қаулады. Шын мәнінде бүгінгі ТМД елдерін тәуелсіздікке шақырып, тұңғыш соғылған қоңырау-Желтоқсан оқиғасы еді.
Жастардың найзағай намысы алынбастай көрінген құрсауы мықты, алып, өктем империяның құрсауын тіліп жіберді. Тар қапста тұңшыққан ұлт пен ұлыс еркіндік ауасымен тыныстай бастады. Сонысы үшін де Желтоқсан көтерілісі бүгінде тәуелсіздік тұғырын қалаған ерлік пен еркіндіктің символына, ел бөркін алып, бас иіп тағзым етер киеге айналды. Тарих тәпсірі куә, қандай істе болсын жекелеген ерлердің ерлігі дүрбелен туғызып, өзгеге өнеге жол көрсетеді. Желтоқсан оқиғасында да қайталанбас ерліктер Қайрат, Ербол, Ләззат, Сабира сынды ұландардың қолымен жасалып қасиетке ие болды. Ерлікті қадірлеп үйренген ел ұландары дәріптеп, есімдерін тарих парағында қалдырды. Ел мен ұлттың тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттер мен қыздардың бұл қадамы шын мәнінде ерлік еді. Ерлікті еншілеген жас ұландардың сол күндердегі бет-бейнесі де, іс әретеі де рухы мықты қайсар жандардың бітім болмысын көз алдымызға әкеледі.
Ата-баба аманатынан бастау алған жастардың арманы енді, міне ақ таң болып атты. Тәуелсізік тұғыры көк байрақ пен асқақтап тұр. Демократиялық жаңғыру мен егемендіктің аясындағы бүкіл іс-тірлігіміз елдік пен ауызбіршіліктің, тұрақтылық пен бейбітшіліктің бастауы бола берсін деп тілейміз. Рухы мықты қазақ еліміздің келешегі де мықты болмақ.
Ұшқыр жастардың ыстық жүрегінен шыққан лапылдаған намыс оты мәңгі өшпей ғасырлар бойы сәулесін шашып тұрмақ. Келер ұрпақ яғни біз оны ешқашан ұмытпаймыз.