
Сақтардың тұрмасы мен шаруашалағы
Ертедегі халыктың ұлан-байтақ далалық, таулы-далалық және шелейт кеңістіктерді игеру дәуірі, Европа мен Азия далалары тайпаларының ша-руашылық кәсібінің жаңа формасы — экстенсивті мал шаруашылығы-ның қалыптасу дәуірі б. з. б. 1 мыңжылдықтың бас кезімен байла-нысты. Қазақстан аумағында мал шаруашылығы шаруашылықтың жетекші саласы ретінде қола дәуірінде орнықты. Алдыңғы андронов кезінде-ақ отырықшы тайпалардың кешенді шаруашылығы, үй жанында мал өсіру, кетпенді егіншілік, аң және балық аулау пайда болған. Алғашкы кез-дерде бұл бірыңғай өндіруші шаруашылық болды, онда мал шаруашы-лығы мен егіншілік әлі де дербес өндіріс салалары ретінде бөлінбегенеді. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасына қарай көрініс өзгерді: шаруа-шылықта, археологиялық деректердің көрсетіп отырғанындай, алыс жерлерге көшуге және кыстыгүні тебінгілі жайылымға бейімделген қой мен жылқы сияқты жануарлардың үлес салмағы күрт өседі. Тұрғындар-дың көшіп-конуы артып, далалық жайылымдық алқаптарды игеру үрдісі жүріп жатты. Мал шаруашылығының жеделдете дамуы барысында ежелгі тұрғындар арасынан шаруашылықтың осы саласымен айналысатын бақ-ташытайпалар бөлініп шықты. Қазақстан аумағында б. з. б. II мыңжыл-дықтың орта шенінде болған тұңғыш ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шару-ашылық қызметінің жаңа түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының біржола қалыптасуы үшін кджетті алғышарттар жа-сады.
Б. з. б. I мыңжылдықтың бас кезінде-ақ Қазақстанның далаларында, шөлейт және таулы аудандарда жартылай көшпелі және көшпелі мал шару-ашылығы негізгі, ал содан соң үстем шаруашылықтүріне айналады. Мұндай езгерістер біркатар себептерге байланысты еді, ал олардың ішіндегі ең бас-тысы бір-бірімен аса тығыз байланысты табиғи-географиялык және әле-уметтік-экономикалык факторлар болатын. Б. з. б. II мыңжылдыклың аяғы мен I мыңжылдықтың басында, басқа далалық аудандардағы сияқты, Қазақстанда да климат өзгеріп, ол барған сайын куаң тарта берді. Табиғи су көздері кеміді, оның өзі үлкенді-кішілі өзендердің жайылмаларында егіншіліктің ерістеуін тежеді, ал кейбір аудан-дарда оны күрт кьіскзртты. Уакыт еткен сайын малшылык-егіншілік тайпа-лары ішінде үздіксіз көбейе түскен халық пен ендіргіш күштердің осы ха-лықты күнкөріс кұралдарымен қамтамасыз ете алмайтын үйлесімсіз төмен деңгейі арасында сәйкессіздік пісіп-жетіле бастады. Ежелгі тайпалар өз ендірісін тез жетілдіре алмады да, орын алған жағдайдан шығудың жолы бір ғана нәрсе — жер аумағын кеңейту деп білді. Қазақстанның суы аз жерлер-дегі суармалы егіншілікті дамытуға мүмкіндік бермеген далалық аудандары халкының көпшілігі үшін алғашқы экономиканың халык саны артуының ендіргіш күштеріне кысымын жоятын бірден-бір бағыты мал шаруашылығының көшпелі және жартылай көшпелі түрлеріне ауысу болды. Орасан-зор жайылымдық алқаптары жағдайында мұндай шаруашылык бағыты мүмкін әрі тиімді болған еді. Көшпелі мал шаруашылығына көшу дала мен шөлді жерлердегі тайпа- ларының өмірінде экономикалык ірі прогресс, алғашқы қоғамның өндіргіш күштері дамуына ілгері басқан кадам болды. Адам еңбегі неғүрлым өнімді бола түсті, өйткені шаруашылықтың мамандандырылуы мал, сондай-ақ ет, сүт, тері, жүн және т. б. түрінде артык, өнім өндіруге кең мүмкіндіктер ашып берді. Мал шаруашылығының сипатына сәйкес шаруашылықтың басқа салаларының үлес салмағы да өзгеріп отырған.
Шаруашылықтың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғакшылық далаларында, шөлдері мен шөлейттерінде жыл бойы көшіп- қонып жүруге негізделді. Бұл жерлерде егіншілік дами қоймады, ал шөп шабу аздаған жерлерге ғана тарады. Негізінен қой, түйе мен жылқы өсірілді, ірі қара аз болды. Тайпалар өздерінің малымен бойлық бағыт бойынша да, ендік багыт бойынша да шалғай қашықтықтарга киізбен жабылған күркелі арбаларда топ-топ болып кқшіп-конып жүрді. Жылдың суық мезгілін көшпелілер жел мен күшті борасыннан ықтасын ққм жоталарынынығына орналасқан қыстау-тұрақтарда не үлкенді-кішілі дала өзендерінің жағаларында өткізді. Бүл тұрактарда олар ұзак тұрақтамады, көшпелілер тағы да көшіп, келесі қыстауга қолайлы жайылымдар тандап, жаңа жайылымдык жерлерді игере берді. Шаруашылыктың қосалкы салаларынан аң аулау ерекше дамыды.
Екінші, жартылай көшпелі шаруашылық түрінде қыстап шығатын тұрақты үйлер болды, мұнда мал өсірушілер жыл сайын қыстауға оралып отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі Тянь-Шань және Алтай таулары сілемдерімен қоса Жетісу және Шығыс Қазақстан аудандары сияқты дала, орман және биіктау араласып отыратын шөбі шүйгін өңірлерде кеңтаралды. Маусымдық жайылымдар бір-бірінен онша қашық болған жоқ, сондықтан шаруашылыктың бірінші түріне қарағанда көшіп-қонатын жерлердің арасы біршама жақын болды. Бәрінен де көшіп-қонудыңтік әдіс деп аталатын түрі кең тарады: өзен бойларындагы қыстаулардан тау баурайларындағы көктемгі жайылымдарға, одан әрі биіктаулардагы шөбі шүйгін жайлауларға көшетін болды. Осыған байланысты Жетісуда, Шығыс Казақстанда және табиги-климатгық жағдайлары осыларга ұқсас басқа аудандарда жерді қауымдық-рулық және тайпа аралық шекаралар көлемінде пайдаланудың жайлымдық жерлер мен су көздерін әр маусым үшін бөліп отырумен сипатталатын көпелі-жайылымдық жүйесі өте ертеде, б. з. б. I мыңжылдыктың басында қалыптасты. Қыстау маңындағы жерлерде тәлімі егіншіліктің маңызы сақталды, оларда әдетте тары, арпа, бидай өсірілді. Қой және жылқы шаруашылыгы ірі қара өсірумен толықтырылды. Пішен дайындалып, малдың негұрлым бағалы тұқымдарын қыста қолда ұстау мүмкіндігі туды. Қыстауларда ұзақ уақыт болу ағаштан, тастан, камыстан жылы тұрақты тұрғын үй салуды керек етті. Іле өзеніндегі Бесшатыр қорымын қазған кезде бөренеден қаланған үлкен қималардың және киіз үй тәріздес кұрылыстардың шығуы тұрғын жайлар салу дәстүрі болғанын көрсетеді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі — отырықшы мал шаруашылығы бәрінен де гөрі Оңтүстік Қазақстан аудандарында, Сырдария, Шу, Талас, Арыс әзендерінің бойында, Қаратау жотасы баурайларында, табиғи су қоймалары мен кең-байтақ шабындық алқаптары бар жерлерде кеңінен тарады. Табиғат жағдайлары және Соғды мен Ферғананың егіншілік орталықтары- на жақын орналасуы шаруашылықта суармалы және тәлімі егіншіліктің басым болуына, халыктың тұрақты отырықшылануына, әсіресе б. з. б. I мың- жылдықтың аяғында, мал есіретін ірі қауымдардың жерге жаппай отырықшылануы кезеңінде ірі-ірі егіншілік қоныстарының ерте пайда болуына себеп болды. Ішінде ірі қара әжептәуір көп болған малды көктемгі-жазғы және күзгі жайылымдарға жайып, бағу жұмысын егіншілік-малшылық кауым шеңберінде жекелеген отбасылар атқаратын болды.