Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
74.75 Кб
Скачать

Ұзынағаш шайқасы

Ұзынағаш шайқасы Жетiсу қазақтары мен қырғыздардың басым көпшiлiгi Қоқан хандығын қолдайтынын көрсеттi. Шапырашты Андас бен Сұраншы батырлар, ботбай Диқанбай мен Әлжандар орысқа қарсы ерiктi жасақтар ұйымдастырды. Олар Қапал бекiнiсiн басып алып, қиратпақ болды. Шапырашты мен дулат Қапал мен Верный байланысын үзу үшiн Iледегi көпiрдi бұзып, орыс қоныстарын өртеп, казактарды өлтiрiп кеттi. Колпаковский мұның ешқайсысын да ұмытқан жоқ. Ұзынағаш шайқасынан кейiн бұлардың барлығын аяусыз жазалады.

Монғолдардың Қазақстанға және Орта Азияға жасаған шабуылдары.

Шыңғысхан мемлекетінің күшеюіне Қытайға қарсы жасалған жорықтардың үлкен әсері болды. Онда олар соғыс ісінің сол замандағы жоғары техникасымен танысты. Бұл жағдай Шыңғысханның өз өз армиясын жақсылап қаруландыруына және оның санын көбейтуіне мүмкіндік берді.

Қытайға жасаған жорығынан кейін Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорық әзірледі. Бұл жорықты ол Жетісу арқылы жүргізуге ұйғарды, өйткені бұл арада бай қалалар бар еді және мұнда найман ханы Күшлік билеп тұрған. Шыңғысхан оны өз басының жауы деп білетін еді. Тарихи деректерге қарағанда Күшлік олармен ұрыспай қашып кетеді. Сөйтіп 1219 жылы Күшлік хандығы құлайды. Жолындағылардың бәрін жоя отырып, монғолдар Жетісу арқылы өтеді. Көптеген қалалар мен отырықшы егінші қоныстар талқандалып, өртеледі, көп адам қырылады немесе құлдыққа айналдырылады.

Жетісуды жаулап алғаннан кейін шыңғысханның Мавераннахрға, бұл күнде бүкіл Орта Азияны дерлік билеп отырған Хорезм мемлекеті жеріне өтуіне жол ашылды. Монғолдардың Мавераннахрға шабуыл жасауына сылтау болған хорезмшахтың уәкіл-әкімі Инальчиктің1218 жылы Отырар қаласында монғолдардың үлкен бір саудалық-елшілік керуенін қырып тастағандығы еді. 1219 жылдың күзінде Шыңғысхан орасан зор армияны бастап Мавераннахрға аттанды. 1219 жылы Шыңғысхан Отырар қаласына келіп, оны қоршауға ала бастады. Отырар қорғанысы Қазақстан мен Орта Азия халқының монғол жаулаушыларына қарсы жүргізген ерлік күресінің айқын көрінісі болып табылады. Шыңғысханның қарамағында қамал бұзатын техникасы, жанып кететін мұнайлы күбішектер ататын машиналары болса да монғолдар бұл қаланы алты ай бойы ала алмады. Кейбір әскербасыларының опасыздық жасауы Отырар қаласының құлауын тездетті. Отырарды басып алып, монғолдар оны әбден талады, оның халқын айуандықпен қырып салды.

Шыңғысханның баласы Жошы бірнеше түменмен Сауран, Дженд, Баршылығкент қалаларын жаулап алуға аттанған екен. Жошы әскерінің жолындағы бірінші қала Сығынақ қаласы еді. Мұндағы шабуыл жеті күнге созылады. Көп ұзамай Сығынақ құлайды, Узгент, Баршылығкент қалалары да алынады. Сырдария қалалары халқының қарсыласуын жеңгеннен кейін ғана Шыңғысханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктеп ене алды. Монғол жаулаушыларына Орта Азияның ең ірі қалалары Бұхар мен Самарқандтың халқы да табанды қарсылық көрсетті.

Сонымен, 1219-1221 жылдардағы шапқыншылықтың нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар жаулап алды да, бұлар Шыңғысхан империясының құрамына енді. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері түгелімен оның балаларына бөліп берілді.