Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

СРС / asem / Асем

.doc
Скачиваний:
15
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
50.18 Кб
Скачать

1.Мәтін алды тапсырма

1.1 Мәтіндегі жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөздік жасаңыз.

Электромагниттік – электромагнитный

Ашық тербелмелі – открытые колебания

Актив кедергісі – активное сопротивление

Транзистрлі генератордың - транзисторный генератор

Индуктивті контурымен – с индуктивным контуром

1.2 Сөз тіркестерін аударыңыз.

Қарапайым-обыкновенный

Құрылғыны-устройства

Аудандарын кішірейте отырып-уменьшая области

Пластиналардың арасын-между пластинами

Өткізгіштің ұштарында-на концах проводника

Вибратордың жеке бөліктері-собственные частицы вибратора

Өшпейтін тербелістер-неугасаемые колебания

Барлық қималарында-во всех разрезах

2. Мәтін бойы тапсырма

2.1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2.2 Мәтіннің сөйлемдеріне сұрақ қойыңыз

Ашық тербелмелі контур

Электромагниттік толқындарды шығару үшін Герц, қазірде Герц вибраторы деп аталатын, қарапайым құрылғыны пайдаланды. Бұл құрылғы ащық тербелмелі контур болып табылады.

Конденсатор пластиналарының арасын біртіндеп алшақтатып, олардың аудандарын кішірейте және сонымен бір мезгілде катушканың орам сандарын азайта отырып, жабық контурдан ашық контурға көшуге болады. Ақырында жай түзү сым шығады. Ашық тербелмелі контур дегеніміз осы. Герц вибраторының сыйымдылығы мен индуктивтігі аз. Сондықтан тербелістер жиілігі үлкен.

Ашық контурда зарядтар өткізгіштің ұштарында шоғырланбаған, олар өткізгіштің өне бойына тараған. Берілген уақыт мезетінде тоқ өткізгіштің барлық қималарында ылғи бір жаққа бағытталған, бірақ өткізгіштің әр түрлі қималарында тоқ күші бірдей емес. Ұштарында ол нөлге тең, ал ортасында максимал мәніне жетеді.

Вибратордың жеке бөліктері туғызатын электр (және магнит) өрісі вибратордан жырақта бірін-бірі теңгере алмайды. Контур ішіндегі тербелістер екі себептен өшеді, біріншіден, контурдың актив кедергісі бар болуынан, екіншіден, вибратор электромагниттік толқындарды таратады, осыдан энергия шығындалады. Тербелістер тоқтағаннан кейін, тоқ көзі екі өткізгішті қайыра зарядтайды да, бәрі басынан бастап қайталанады.

Осы кезде ашық тербелмелі контурда өшпейтін тербелістер шығарып алу үшін, оны транзистрлі генератордың контурымен индуктивті байланыстырады.

1.Ашық тербелмелі контур дегеніміз не?

2.Герц вибраторы неден тұрады?

  1. Контур ішіндегі тербелістер себептері?

3.Мәтінннен кейінгі тапсырма

    1. Сөйлемдерді сұраулы, болымсыз етіп өзгертіңіз

Сондықтан тербелістер жиілігі үлкен. Ашық контурда зарядтар өткізгіштің ұштарында шоғырланған. Бұл ашық тербелмелі контур.

Сондықтан тербелістер жиілігі үлкен емес пе? Ашық контурда зарядтар өткізгіштің ұштарында шоғырланбаған емес пе? Бұл ашық тербелмелі контур емес пе?

    1. Мәтіннен көсемше формалы сөздерді жазып алып, олардың бірнешеуімен: сөйлем құраңыз (5 сөйлем)

Кішірейте, алшақтатып, болып табылады, шығады, азайта отырып, шығарып.

Күннің сәуле шығаруы – бұл жылу сәулесін шығару. Дыбыс жиілігіндей тербелістер баяу тербелістер болып табылады. Электр тогын азайта отырып жақсы дәрежеге жетуге болады.

Мәтін алды тапсырма

    1. Мәтіндегі сөз тіркестерімен сөздік құраңыз

    2. Мына сөздердің аудармасын жаз

Жарқырауық – светлячок

Қоңыз – таракан

Жарқыл – свет

Үнімдірек – экономней

Түтік – трубка

Сұйық – жидкость

Күлгін – светлый

Шірік

Сүзгі – фильтр

Қаптау покрытие

Дақ –пятно

Суық – холодно

Жәндік – насекомое

Шағылады - отражается

Жұтылады - поглощается

Қоздырады - возбуждает

Құбылыс - явление

Тәжірибе жүзінде – в деле

Хемилюминесценция, фотолюминесценция

Энергияны бөліп шығару арқылы жүретін кейбір химиялық реакцияларда осы энергияның бір бөлігі тікелей жарық энергиясына айналады. Жарық көзі суық күйінде қалады (оның температурасы айналадағы ортанікімен бірдей). Бұл құбылыс хемилюминесценция деп аталады. Бұл құбылыс сендердің қайсыңа болса да мәлім. Жаз күндері орманда қызық жәндік – жарқырауық қоңыздарды тауып алуға болады. Оның денесінде кішкентай жасыл шам « жанып тұрады». Оны ұстап алсаң да қолыңды күйдірмейді. Қоңыздың арасындағы жарқырауық дақтың температурасының бізді қоршаған ауаның температурасынан айырмашылығы жоқ.

Жарқырауық қасиет тағы басқа тірі организмдерде де: бактерияларда, жәндіктерде, күн жарығы өтпейтін терең суларда тіршілік ететін көптеген балықтарда бар. Қараңғыда ағаш шіріктері жарық шығарады.

Затқа түскен жарықтың біразы шағылады, ал біразы жұтылады. Жұтылған жарықтың энергиясы көп жағдайларда денені тек қана қыздырады. Бірақ кейбір денелер түскен жарықтың әсерінен өздері тікелей жарқыл шығара бастайды. Бұл фотолюминесценция. Жарық заттың атомдарын қоздырады да (олардың ішкі энергиясын арттырады). Сонан соң олардың өздері жарқыл шығара бастайды. Мысалы, елканың көптеген ойыншықтары боялатын жарқырауық бояуларды алдын – ала жарықтандырған соң өздері жарық шығара бастайды.

Фотолюминесценция көзінде шығарылатын жарықтан, әдетте, жарқылды қоздыратын жарықтан толқын ұзындығы артық. Мұны тәжірибе жүзінде байқауға болады. Егер флюоресцейні (органикалық бояғышы) бар ыдысқа күлгін жарық сүзгісі арқылы өткізілген жарық шоғын өткізсек, онда осы сұйық жасыл - сары жарық түспен жарқырайды, яғни күлгін жарықтан гөрі, толқын ұзындығы үлкен жарықпен жарқырайды.

Фотолюминесценция құбылысы күндізгі жарық шамдарында кеңінен пайдаланылады. Совет физигі С. И. Вавилов разрядтық түтіктің ішкі бетін газ разрядының қысқа толқынды сәуле шығаруының әсерінен күшті жарқыл туғызатын заттармен қаптауды ұсынды. Күндізгі жарық шамдары кәдімгі қыздыру шамдарынан 3 – 4 есе үнемдірек.

2. Мәтін бойы тапсырма

    1. Мәтіннің бірінші бөлігін оқып, аударыңыз, хемилюминесценция құбылысына анықтама беріңіз

    2. Мәтіннің екінші бөлігін оқып, аударыңыз, фотолюминесценция құбылысына анықтама беріңіз

    3. Мәтінді толық оқып шығып, аударыңыз

    4. Мәтіннің сөйлемдеріне сұрақ қойыңыз

  1. Мәтіннен кейінгі тапсырма

    1. Мәтіннен зат есімдерді жазып, олардың қосымшаларын анықтаңыз

    2. Мәтіндегі мына сын есімдермен сөйлем құраңыз

Толқындық, жарық, жарқырауық, жасыл – сары, күлгін, кішкентай, жасыл, қысқа, күшті, үлкен, суық, қызық

    1. Тұйық етістіктерден етістіктің ауыспалы осы шағы мен жедел өткен шағын жасаңыз

Айналу, жану, күйдіру, жарқырау, шығару, ұсыну, байқау, арттыру, қалу

2.3 Айналды, жанды, күйдірді, жарқырады, шығарды, ұсынды, байқады, арттырды, қалды

2.1энергияны, реакция-лар-да, бөліг-і, көз-і, орман-да, күн-дер-і, бактерия-лар-да, атом-дар-ын, ыдыс-қа, түтік-тің, құбылыс-ы, разряд-ы-ның

Француз физигі Луи де Бройль кез-келген материялық объектінің толқындық қасиеттері болуы туралы гипотезаны ұсынды. Адамның көзі оптикалық жүйе ретінде жарыққа сезімтал. Адамның көзіне бір мезгілде жарықтың қызылдан күлгінге дейін барлық әр түсті сәулелер әрекет еткенде, адам оны ақ жарық деп сезінеді. Кішкентай денелердің ұлғайтылған кескінін алу үшін микроскоп пайдаланылады. Күн сәулесі түскенде байқалатын құлпырған қызылды-жасылды және жасыл-сары жолақтар жарық құбылыстарының таршағы болып табылады. Егер жарық толқыны шектеусіз үлкен болса, онда жарық түзү сызық бойымен таралады. Жарық интенсивтілігі тербеліс амплитудасының квадратына пропорционал болғандықтан, жарық мөлшері күшті болады. Ыстық газды бастапқы күйге дейін суыту қажет, немесе суық газбен ауыстыру қажет. Найзағай жарқылы әсер еткенде, жарқырауық дағы түседі. Қысқа толқындар – толқындардың бір түрі болып табылады.

Соседние файлы в папке asem