Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / реферат / Экологиялық апат аймақтары.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
41.59 Кб
Скачать

Экологиялық апат аймақтары

 

Қазақстан полигондары

Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймәлім еді. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн. га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлерде 1949-1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27-сі атмосферада, 183-і жер бетінде, қалғаны жер астында жасалды. Атом қаруы сыналған елдермен салыстырсақ, Ресейде - 225, АҚШ-та - 1032, Қазақстанда - 500-ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз, Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккендігін көреміз. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үңдістан және Пәкістаңда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне дүние жүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға шекаралас жақын жатқан аумақтар.

Ядролық қаруды сынау алғашында ғылым мен техниканы дамыту бағытында сипат алғанымен, кейіннен атом бомбасы соғыс мақсатында колданылды. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Адамзат тарихыңдағы бұл қасіреттің ізі бүгінге дейін жапондықтарды зардап шектіріп отырғаны әлемге белгілі. Ал Қазақстан жерінде сыналған 500-ден астам атом бомбасының зардабы айтпаса да түсінікті болар.

Қазақстаңда ядролық қаруларды сынау кең көлемде жүргізілді. 1990 жылғы мәліметтер бойынша сынақ жасалған жерлердің көлемі облыстар бойынша 16686,1 мың га жердіқамтыған. Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей полигоңдарда соғыс ракеталарын, т.б. техникаларды да сынақтан қатар өткізіп отырған. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Осы аймақтарда радиактивті заттардың шекті рауалы мөлшері (кадмий, стронций, қорғасын) бірнеше есеге көбейіп кеткені аныталған. Мұндай сынақтар Үстіртте де 1968-1970 жылдары жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңында Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Сынақтар кезінде апатқа ұшыраған ракеталар, соғыс техникалары қоршаған ортаға өте қауіпті.

Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудаңдарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.

Қазақстан жеріңде атом қаруларын сынау 40 жылға созылып, табиғи экожүйелерді бүлдіріп, жарамсыз етті. Жалпы полигондар көлемі 33,6 млн. гектарға жетті. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Оның басым бөлігі Семей өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша жоғары.

Полигондар аймағындагы жер ресурстары техногендік ластанудың әсерінен бүлініп жарамсызданған. Ен далада еркін жүрген ақбөкен, қарақұйрық, елік, сілеусін, қабылан,қарақал сияқты аңдар мен дуадақ, безгелддек, бұлдырық, т.б. дала мен шөлді жерлердің құстары сиреп немесе жойылып кетуге жақын. Өсімдіктері селдіреп, сайраған құстарынан, шырылдаған жәндіктерінен айырылған дала тыныштық құшағына енген. Тіршіліктің қайта қалпына келуі жүздеген, тіптен мыңдаған жылдарға созылатыны анық. Өйткені тіршілік атаулы сынақтың құрбаны болған. Ендігі жерде табиғаттың жарасын жазу адамның ғана қолынан келеді.

1991 жылы 20 тамызда елбасының бұйрығымен Қазақстан жерінде атом қаруын сынау біржола тоқтатылды. Бұл оқиғаны дүние жүзінің қауымдастығы қуана қарсы алды. Халықаралық деңгейдегі бұл шешім «Семей-Невада» қоғамдық қозғалысына ұласқан, Кешірім Бозтаев сияқты қазақтың нағыз азаматтарының жігерлі, табанды істерінің жемісі болды.

Полигоңдар зардабын шешу проблемасы күн тәртібінде тұр. Осы тұрғыда «Семей полигоны аймағындағы тұрғындардың денсаулығын зерттеу және сауықтыру шараларын ұйымдастыру» (1992, 1995) туралы маңызды құжаттар қабылданды. Ал, полигондардың қоршаған табиғи ортаға тигізген зардабын және радиактивті қалдықтарды жою проблемасы халықаралық мемлекеттік деңгейде жүргізілуде. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.