
Кіріспе
Тіршілік қауіпсіздігі-адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.
Қоғамның дамуы адамның өмір тіршілігін жеңілдетуге бағытталған айрықша жасанды орта туғызды. Бұл ыңғайлылық пен жеңілділік адамдардың қалаларға жиналуының арқасында әрі адамдардың мамандануынан туып отыр. Өз жеке шаруашылығын жүргізіп отырған адамның қолынан бәрі де келеді, жан-жақты істей алады. Ал қала тұрғыны көбінесе бағытталған мамндардың иесі, үй-тұрмысы тіршілігіне қамы жоқ, сондықтан құбырдан судың ағуы, электр жүйесінің бұзылуының өзі қалалықтарды қиын жағдайға душар етеді.
Адамды қоршап жатқан ортаның бәрі потенциялды апат туғызады. Бұл апаттар кез келген уақытта болып қалуы мүмкін. Сондықтан адамның өзімен қоса, мемлекет өз азаматтарының өмір қауіпсіздігіне жауапты. Төтенше жағдайларда ескеріп, алдына алу-мемлекеттің бірден бір шарасы.
Осы есептеу-графикалық жұмысты жасау барысында біз болуы мүмкін кейбір төтенше жағдайларда және соған байланысты іс-шараларда үйренеміз.
Есептеу бөлімі
№1 есеп
Қаланың солтүстік ауданы 90 кПа артықша қысым аймағына түседі. Құрылыс тығыздығы 50 % көшелердің ені 40 м , ғимарат негізінен 2 қабатты. Үйінділердің пайда болу мүмкіндігі мен олардың биіктігін табу керек.
Шешуі:
№ 2 кесте бойынша 90 кПа артықша қысым болған кезде біріңғай үйінділер қалыптасады. № 3 кестеден, 50 % құрылыстығыздығы үшін мүмкін болатын үйінлілер биіктігі – 1,6 м. Берілген мәліметтерді ескере отырып, көшедегі үйінділерді тазалау жұмыстарын жоспарлауға болады.
№2 есеп
15 сағ. 00 минуттағы нысана аумағындағы радиация деңгейі 18 р\ч. Егер ядролық соққы 11 сағ. 00 мин. жасалған болса, онда жарылыстан кейінгі радиация деңгейін анықтаңыз.
Шешуі:
-
Радиация деңгейі өлшенген уақыт пен ядролық жарылыс болған уақыт арасындағы уақыт айырмашылығын анықтаймыз. Ол 4 сағ. тең
15 сағ. 00 мин. – 11 сағ. 00 мин. =4 сағ.
-
№4 кесте бойынша 4 сағаттан кейінгі радиация деңгейінің коэффициенті. К4= 0,189
-
Келесі формула бойынша 1 сағ. кейінгі радиация деңгейін анықтаймыз. Pt = 264,55
Pt=P0/KtPt=P0/K4=18/0,189=95,24
№3 есеп
Су қоймасының көлемі W=50 млн. м3, тесіктің ені B=40 м, бөгетке дейінгі судың биіктігі H=45 м, судың орташа қозғалыс жылдамдығы V=5 м/с. Бөгеттен 60 км қашықтықтағы толқынның бұзылу параментрлерін анықтау.
Шешуі:
-
формуласы бойынша берілген қашықтыққа толқынның бұзылу параметрлерін анықтаймыз.
-
№6 кесте бойынша берілген қашықтықтағы толқын биіктігін анықтаймыз
h45=((h50-h25)/25)*35+h25
h45=0,13*H=0,13*45=5,85м
T45= 2,26*T=2,26*2,77=6,28сағ.
№4 есеп
Нысана алаңындағы зілзар қарқындылығы, Рихтер шкаласы бойынша VIII баллға дейін жетті. Берілген нысанада металдық каркасы мен жүк көтергіштігі 25-50 т.кран құрылғылары бар өндірістік және әкімшілік және кірпіштен құрылған ғимараттар, металлдық және темірбетондық ээстакададағы құбырлар бар.
Зілзала кезіндегі нысана элементтерінің бұзылу сипаты қандай болады?
Шешуі:
№8 кесте бойынша, өндірістік ғимараттар, әкімшілік ғимараттар, орташа бұзылады.
Қоймалық кірпішті ғимараттар орташа бұзылады.
№5 есеп
Қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан ХОО-ның авария болған жағдайдағы химиялық жұқтыру ошағының қауіптілігін бағалау керек. Көлемі 2000 м3 газголдерде сығылған хлор сақтаулы тұр, ауа температурасы +40 0С. Авария орны нысана аймағының солтүстік жағынан 250 м орналасқан.Одан әрі 250 м тереңдікте санитарлық қорғау зонасы, оның арғы жағында тұрғын үй кварталдары орналасқан. Газголдерде қысым атмосфералық болады.
Шешуі:
-
«А» шартына байланысты метеошарт – изотермия, жел жылдамдығы
1 м/с, жел бағыты – солтүстікке бағытталған
-
3.13 Q0=d*Vx=0,0016*2000=3,2 т.
-
3.12 формула бойынша(Qэ1=k1*k3*k5*k7*Q c) мұндағы k1-сақтау шарттарына байланысты болған коэфицент. k3-басқа СДЯВ токсодозасына әсерінің қатнасымен анықталатын коэфицент. k5-ауаның вертикаль тұрақтылығы ескеретін коэфицент, изотермия 0,23-ке тең. k7-ауа температурасының ықпалын ескеретін коэфицент. (сығылған газдар үшін 1-ге тең), Q c-апат кезіндегі төгілген зат мөлшері.
Qэ1=0,28*0,062*0,15*1*3,2=0
-
3.11 кесте бойынша улану аймағының терендігін анықтаймыз: Г=0,38км
-
Тұрғын аудандарындағы улану тереңдігі: 0,38-
Қорытынды