Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
politologia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
16.02.2017
Размер:
40.6 Кб
Скачать

Ғаламдану заманындағы Сингапурдың сыртқы саясатындағы негізгі басымдылықтары

Басқа елдерде сияқты Сингапур мемлекетінің де сыртқы саясатының басты мақсаты - мемлекеттің тұрақты дамуы үшін елді тиімді сыртқы жағдайлармен қамтамасыз ету. Бұл мәселенің жүзеге асуына мемлекеттің кішігірім аумағы, қытайлықтар, дербес әрі жеке шикізат және энергетикалық ресурстардың болмауы, жергілікті экономиканың әлемдік экономикаға жоғары деңгейдегі тәуелділігі, АТР-да сақталып тұрған жанжалдық әлеует, жергілікті террористік ұйымдардың белсенділік танытуы (активизациясы), вирустық аурулардың эпидемиясы сияқты факторлар тікелей әсер етіп отыр.

Сингапур елінің сыртқы саяси-стратегиялық ұстанымдарына - бірізділік, көпбағыттылық, әдістердің әмбебаптылығы, практикалық тұрғыда әрекет ету аумағының кеңеюі, ұлттық мүдденің қорғалуы, жағдайлардың динамикалық мониторингі жатады.

Сингапурдың сыртқы саясатының басым бағыттары:

- ASEAN (Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясы) мүше елдерімен, әсіресе, Малайзия, Индонезиямен тығыз қарым-қатынас орнату;

- АТР-дың басты «ойыншыларымен» (АҚШ, ҚХР, Жапония, Үндістан, ЕО) жақын қатынаста болу;

- аумақтық және аумақаралық форумдарда ұлттық мүдені жүзеге асыру (АСЕАН, АТЭС, Азия-Еуропа саммиті, Британ Одағы, Шығысазиаттық және латынамерикалық форумдар);

- БҰҰ мен ДСҰ шегінде жұмысты дамыту;

- еркін сауда жөніндегі екіжақты және көпжақты келісімдердің іс-әрекет аумағын кеңейту;

- жаңа механизмдердің іске қосылуы: «Азия – Таяу Шығыс диалогы» және Шығысазиаттық саммит.

Жоғарыда көрсетілген басымдықтар Сингапурды әлемдік экономикалық нарықтың белсенді мүшесіне және еркін сауданың басты алаңына айналдыруға бағытталған.

Сонымен қатар, қазіргі таңда Сингапурдың сыртқы саяси бағытының басты мақсаттарына мыналар жатады:

- экономикалық дамуы жоғары болып табылатын мемлекет абыройын сақтау;

- АТР ішіндегі теңгермелі тепе-теңдік жүйесін сақтау, жергілікті дамудың «кепілдерімен» қарым-қатынасты жақсарту;

- ұлттық және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсер ететін қауіп-қатерлерге белгілі бір қалыпқа сай жауап дайындау;

- жергілікті компаниялардың Азия мен әлемнің басқа бөліктерінде болу деңгейін кеңейту;

- жергілікті интеграциялық процесстердің даму үрдісін (сценарийлерін) қалыптастыру;

- қарусыздану проблемасы, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілікті жүзеге асыру, жаппай қырып-жою қаруының жойылуы.

Сингапур үшін басты «ойын алаңы» АСЕАН болып табылады. Ассоциация мүшелерінің ортақ ЖІӨ $737 млрд.(2005 ж.), сыртқы сауда көлемі $720 млрд.(2005 ж.).

Ли Сянь Лунның айтуы бойынша, ғаламдану заманында 2020 жылы «АСЕАН қоғамын» құру үшін ОША елдерімен тығыз байланыс орнату қажет.

Сингапур әлемдік саясаттың көкейтесті сұрақтарын шешуге де қатысады. Мәселен, мемлекет БҰҰ-ның Қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің монополиясын жойып, Бас Ассамблеяның рөлін көтеруге шақырғаны болатын.

Тайвандық сұрақта Сингапур «бірегейлі Қытай» ұстанымын ұстанады. Афганистан экономикаcын қалпына келтіруде белсенді рөл атқарады.

 

Қазақстандық-сингапурлық қарым-қатынастар: қазіргі жағдай, проблемалар мен перспективалар

 Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қарым-қатынастар 1993 жылғы 30 наурызда орнатылды. ҚР-ның Сингапурдағы Дипломатиялық миссиясы 2003 ж. қарашада ашылды. 2006 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығына сәйкес Дипломатиялық миссия Сингапур Республикасындағы ҚР-ның Елшілігі болып қайта ұйымдастырылған. Резиденциясы Сингапурда орналасқан, сондай-ақ Сигапур Республикасының да ҚР-ғы Елшілігі бар.

1991 жылы жазда Сингапурдың министр-кураторы Ли Куан Ю Алматы қаласына бейресми іс-сапарымен келді.

1996 жылы 29-31 мамырда және 2003 жылғы 6-10 қараша ҚР Президенті Сингапур Респуликасына ресми іс-сапарлармен барды.

Екіжақты қарым-қатынастың дамуында парламентаралық қарым-қатынастар маңызды рөл атқарды. 2006 жылы қазақстандық парламенттік делегация «Сингапур Республикасы – Орталық Азия» атты парламентаралық топтың мүшелерімен кездесу өткізді.

Бүгінде СР Үкіметі Қазақстаның ДСҰ-ға кіруін қолдап отыр. Халықаралық көпжақты құрылымдар шегінде екі мемлекет арасында жемісті қарым-қатынастар орнатылған. Екі мемлекет те ғаламдық және аймақтық саясаттың өзекті  проблемалары төңірегінде ортақ позиция ұстануда.

Қазақстандық-сингапурлық екіжақты қатынастар мықты келісімдік-құқықтық база негізінде құрылған. Бүгінде екі жақ Үкіметтері арасында ауа арқылы ақпарат беру жөнінде келісім, Сауда және индустрия министрліктері арасындағы келісім - екі мемлекет арасындағы саяси қарым-қатынастарда оңтайлы көрініс табуда.  2009 жылдың статистикасы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 53,4 млн. $ құрады. Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты қатынастар қарқынды дамып, жақсы перспективларға үміттендіріп отыр. Объективті тұрғыдағы сараптама көрсеткендей, Қазақстан мен Сингапур өзара толыққанды экономикаға ие бола отырып, тығыз саяси және экономикалық сұхбат алаңына негізделеді.

 

Түрік ұлтын, жаңа түрік мемлекетін заманауи өркениет деңгейіне жеткізу жолында Ататүрік жүзеге асырған реформалардың (Түркияда оларды «Ататүрік революциялары» деп атайды) негізі болған принциптердің жиынтығы «ататүрікшілдік», немесе «кемализм» деп аталады. Бұл — жалаң теория емес, Ататүрік құрған Түркия республикасы мемлекетінің практикалық тұрғыдағы тұғырнамасы, идеологиялық арқауы.

Олар мыналар:

1. республикашылдық (мемлекеттің және ұлттың тұрақты түрде республикалық құрылым жолымен басқарылуы);

2. халықшылдық (мемлекеттің халық үшін қызмет етуі және оның халық тарапынан басқарылып отыруы);

3. ұлтшылдық (ұлтжандылық, түрік ұлтының мүдделері мен мерейінің басты мақсат болып табылуы);

4. мемлекетшілдік (барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени шаралар Түркия мемлекетінің мәңгі өмір сүруін және нығаюын қамтамасыз етуі керек);

5. лаицизм (діни емес, зайырлы мемлекет жүйесі);

6. революцияшылдық (тоқырауға жол бермеу, үнемі даму, жаңару үстінде болу, әлемдік өркениеттен артта қалмау).

Бұл принциптер 1937 жылы ресми түрде Түркия республикасының конституциясына енгізілді. 1960, 1982 жылға конституцияларға енгізілген өзгерістер де бұл принциптерге нұқсан келтірген жоқ.

Осы принциптердің негізінде Түркияда Ататүріктің басшылығымен мынадай реформалар жүзеге асырылды:

саясат саласында — сұлтандық жойылып, Түркия республика болып жарияланды. Түркияның жаңа парламенті – Ұлы Ұлттық Мәжілісі ұйымдастырылды, халифат таратылды, жаңа конституция қабылданды.

құқық саласында — шариғат соттары таратылды, азаматтық кодекс және жаза туралы заңдар қабылданды, әйелдерге еркектермен тең құқықтар берілді, көп әйел алуға тыйым салынды;

білім беру саласында — латын жазуына негізделген жаңа түрік әліпбиі қабылданды, жаңа типті университеттер құрылды, білім берудің тұтас жүйесі қалыптастырылды;

лаицизмге бағыт алу жолында — дін мемлекеттен ажыратылды, дәруіштердің ғибадатханалары (текелер) таратылды. Әрине, дінге тыйым салынған жоқ;

батысшылдық бағытында — сағат мерзімі мен күнтізбе өзгертілді (1926 жылдан бастап Түркияда еуропалық жыл санау жүйесі жүргізіліп келеді), ұзындық пен салмақ өлшемдері жаңартылды, фес орнына шляпа кию, басқа да еуропалық киім үлгілері енгізілді, фамилиялар туралы заң қабылданды және тағы басқалар;

тарих ғылыми саласында — түрік тарихын шынайы тұрғыда жазу ісі қолға алынды, бұл үшін Ататүріктің өзі «Түрік тарихының басты бағыттары» атты бағдарламалық мәні бар арнайы еңбек жазды. Осы саладағы жаңа тұрпатты, жаңа идеологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отыратын «Түрік тарих қоғамы» құрылды (1931 жыл) және ол күні бүгінге дейін жемісті түрде жұмыс жүргізіп келеді;

тіл білімі саласында — түрік тілін араб-парсы элементтерінен мейлінше тазартып, бүкіл халық еркін түсінетін және қолданатын деңгейге көтеру басты мақсат етілді; Ататүріктің басшылығымен және тікелей араласуымен ұйымдастырылған «Түрік тіл қоғамы» (1932 жыл) өзінің тарихында бұл бағытта орасан көп жұмыс атқарды (көптеген сөздіктөр жарияланды, ондаған мың араб-парсы сөздері түрік түбірлес жаңа сөздермен ауыстырылды, соңғы жылдары Еуропа тілдерінен енген сөздерге де түрікше баламалар табу ісі табысты жүріп жатыр), араб жазуының орнына латын жазуы енгізілді (1928 жылы);

экономикада — басқа елдердің капиталына арқа сүйеп, Осман империясы сияқты сол елдерге тәуелді, кіріптар болып қалмас үшін ұлттық капиталды ұлғайтуға, ұлттық экономиканы күшейтуге ден қойылды, «экономикалық тәуелсіздік — дербестіктің басты шарты» деп танылды;

сыртқы саясатта — түрік ұлты мен Түркия республикасы мемлекетінің әлем шеңберінде құрметтелуі мақсатында шет елдермен әрі ұлттық, әрі адамгершілік негіздегі бейбіт қарым-қатынастар жасау кезделінетін болды…

Ішкі саясатта ұлтшылдық бұқара халықты революциялық жаңғыруларға жұмылдырудың басты тетігіне айналды. Түрік ұлтшылдығы қағидаты конституцияға және билік құрушы Халықтық-революциялық партияның бағдарламасына енгізілді.

Ататүрік алға қойған міндеттердің соншама жойқындығын түсіну үшін 1920-шы жылдарда христиандық Еуропа мен мұсылмандық Түркияның арасында түпсіз шыңырау жатқанын есте ұстау, екінші жағынан алғанда, Еуропа десе әділетті түрде түрік мемлекеттілігінің өзін құртып жібере жаздаған қас жауын көретін мұсылман еліне еуропалық даму жолын ұсынған Ататүріктің батылдығы мен көрегендігіне дес беру керек. Еуропаландыру мен секуляризацияға, яғни мешіт меншігін мемлекеттендіру немесе зайырлануға қайтпастай бағыт ұстау күшті ішкі қарсылыққа тап болды. Елде Кемалдың батысшыл үкіметін құлатып, дәстүрлі мұсылмандық тәртіпке қайта оралуды мақсат тұтқан бірнеше ірі бүліктер көтерілді.

Осының бәрі түрік лидерін беделге салып, белден басуға, өз реформаларын жүргізуде ең алдымен өзіне шын берілген армияға арқа сүйеуге мәжбүр етті.

Бірінші дүниежүзілік соғыс

Софиядағы қызмет кезінде Мұстафа Кемал Түркияның соғысқа Германияның одақтасы ретінде қатысуын қатты сынға ала бастады. 1914 жылғы шілденің 6сында ол Ыстамбұлдағы соғыс министрлігіне соғыс бастала қалған жағдайда Түркияның бейтараптық саясатын ұстанып, кейінірек соғысқа Германияға қарсы кірісу керектігі туралы ұсыныс жасап хат жазды. Алайда соғыс министрі Енвер паша Германиямен одақтасуды дұрыс көріп, екі үкіметтің арасында одақ құру туралы құпия келісім жасалды. Соның нәтижесінде Османлы империясы Бірінші дүниежүзілік соғысқа Германияның одақтасы ретінде енді.

Галлиполи шайқасы, 1915–1916

Дарданелл бұғазын қорғауға арналған 5-ші армияны басқаруға неміс маршалы Отто Лиман фон Сандерс тағайындалды. Мұстафа Кемалға сол 5-ші армияның құрамына енгізілген 19-шы дивизияны ұйымдастырып, оған басшылық ету міндеті жүктелді. Ал 1915 жылғы қаңтардың 8-інде Британия соғыс кеңесі «Галлиполи түбегін зеңбірекпен атқылап, Ыстамбұлды қолға түсіру мақсатымен басып алу» үшін соғыс оперциясын бастап жіберді.

Дарданелл бұғазының жағалауындағы қорғаныстарды бұзып-жарып өтіп Ыстанбұлға шабуыл жасау тапсырмасын Британия соғыс кемелері орындай алмады. Сол себепті британиялықтар флотының қимылдарына қолдау болсын деп құрлыққа түсу операциясын бастады. Бұл операция 1915 жылғы сәуірдің 25-інен 1916 жылғы қаңтардың 9-ына дейін орын алды. Галлиполиде орналастырылған Мұстафа Кемалдың басшылығындағы дивизия түбекті басып алмақ болған Антанта әскерлерімен бетпе-бет келіп соқтығысты.

1915 жылғы сәуірдің 15-інде Аустралия және Жаңа Зеландияның әскерлері АНЗАК қойнауында жағалауға келіп түсіп, ішкеріге басып кіруге бет алды. Бірақ көп ұзамай олар Мұстафа Кемалдың қолбасшылығындағы түрік әскерінің қарсы шабуылына ұшырады. Мұстафа Кемал жау әскерлерімен төбелерде кездесіп, оларды тоқтатып, биіктіктерді қайтадан қолға түсірді. Оның әскери басшылығының арқасында АНЗАК әскерлері тоқтатылып, жағалауға түсуде қарастырылған әскери мақсаттар орындалмай қалды.

Екі әскердің соқтығысуының алдында Мұстафа Кемал өзінің сарбаздарына мынадай бұйрық берді:

«Мен сендерге соғысыңдар деп бұйырмаймын, осы жерде өліңдер деп бұйырамын. Біздің бәріміз өліп болғанша орнымызды басатын қосындар мен басшылар келіп үлгереді».

Түн түскенге дейін АНЗАК әскерлерінің шығыны 2000-ға жетіп, олар енді теңізге ығыстырылып тасталмай, жағалауда қалу үшін ғана соғыса бастады. Содан кейінгі екі аптаның ішінде Антанта әскерлері жағалауда қалып, әскердің үштен бірінен айырылды. Мұстафа Кемал операцияның бастапқы кезеңіндегі Чунуқ Баир шайқасында қарсылас әскерін тоқтатып полковник әскери дәрежесін алған болатын. Галлиполи операциясының екінші кезеңі тамыздың 6-сында басталды. Соның кезінде қолбасшы Мұстафа Кемал қызметтерін көбінесе алғы шептен 300 метр ғана қашықтықта атқаратын. Осы операцияның Чунуқ Баир, Юсуфчук тепе, Сары Баир сияқты шайқастарында түрік әскерлеріне басшылық етті.

Галлиполи операциясының он айында түріктерден қорғанумен болып, тырп ете алмаған Антанта әскерлері үшін бұл операция ауыр жеңіліспен аяқталды. Ақыры Антанта басшылары операцияны тоқтатып, әскерді шығаруға шешім қабылдады. Аман-есен кете алғандарының өзі олар үшін ең зор олжа және табыс болды. Османлы империясының жағында соғысқан 5-ші армияның басшысы Отто Лиман фон Сандерс және бірнеше басқа түрік қолбасшылары зор табысқа жетіп, көзге түсті. Алайда Мұстафа Кемал өзінің ерекше үздік әскери қолбасшы екенін іс жүзінде көрсетіп зор даңққа бөленді. Шайқастың кезіндегі ерлігі мен жеңімпаздығы үшін ол өзінің бұрынғы қарсыластарының да құрметіне ие болды. Аустралияның Канберра қаласында өткізілетін АНЗАК әскерлерін еске алу парадында Мұстафа Кемал Ататүріктің есімі де зор құрметпен аталады. Оның қаза тапқан мыңдаған түрік және АНЗАК әскерлерінің құрметіне сөйлеген сөзіндегі мына сөздер АНЗАК қойнауы ескерткішінде тасқа ұрылып жазылған:

«Қан төгіп, өмірлерін құрбан еткен батырлар... сендер енді дос елдің жерінде жатырсыңдар. Жатқан жерлерің жайлы болсын. Еліміздің топырағында тыным тауып жатқан мына Джоннилер мен Меһметтерді біз бірдей көреміз... Алыстағы елдерден балаларын қиып осында жіберген аналар! Көз жастарыңды сүртіңдер. Сендердің ұлдарыңды біз өз бауырымызға бастық... Осы елде өмірлерін қиған олар енді біздің де ұлдарымыз».

Соседние файлы в предмете Политология