- •Сингапур: тарихи және географиялық шолу
- •Сингапурлық саяси жүйе ерекшеліктері
- •Ли Куан ю - «Сингапурлық ғажаптың» авторы
- •Ли Куан ю жүргізген саясаты келесі қағидалар арқылы жүзеге асты (қысқа формада):
- •Қазіргі кездегі Сингапурдың ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері
- •Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру ұстанымдары:
- •Ғаламдану заманындағы Сингапурдың сыртқы саясатындағы негізгі басымдылықтары
- •Сингапурдың сыртқы саясатының басым бағыттары:
- •Сонымен қатар, қазіргі таңда Сингапурдың сыртқы саяси бағытының басты мақсаттарына мыналар жатады:
- •Қазақстандық-сингапурлық қарым-қатынастар: қазіргі жағдай, проблемалар мен перспективалар
Қазіргі кездегі Сингапурдың ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері
Сингапурдың бүгінгі таңдағы Премьер-Министрі Ли Сянь Лун Үкімет алдына 5 басым бағыт қойды:
- шетел мемлекеттерімен орнаған достық қарым-қатынастарды дамыту және мемлекет мүдделерін шетелде қорғау;
- экономиканың алдағы өсуін қамтамасыз ету;
- прогрессивті жаңа ұрпақтың қалыптасуы;
- білім берудің сапасын жоғарылату.
- бала туу көрсеткіштерін арттыру;
Сондай-ақ, қызметтің басқа да бағыттары айқындалды:
- әлеуметтік мәселелерді шешу;
- политехникалық білім беруді дамыту;
- Сингапурдың әлемдік орталық мемлекет деңгейіне көтерілуі;
- қызмет көрсету аясындағы жұмыстың одан әрі жақсаруы;
- қоғамның консолидациясы.
Сингапур үкіметі мемлекетте тиімді әрі ашық нарықтық экономикалық жүйе орнатты. Экономика жағдайына келсек, Еуропа, Азия елдерімен және Австралиямен теңіз жолдары арқылы жан-жақты қарым-қатынас орнатуы бойынша Сингапур әлемдегі ең ірі сауда орталығына айналып отыр. Мысалы, мұнда көрші елдерде өндірілетін сан алуан тауарлар – Малайзиядан каучук пен қалайы, Тайландтан күріш жеткізіледі. Аймақтағы басқа елдерге қарағанда мұнда электрондық техникаларды құрастыру, радио және электротехника өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Мәселен Жомарт Молдахметұлы[5]: «Елде жоғары білімді және өте білікті жергілікті мамандардың көп болуына қарамастан, ұлттық кәсіпкерлер жоқтың қасы Сингапурдың әлсіз жағына жатады» деп түйін жасаған болатын.
Ел Үкіметі әділ және жемқорлық деңгейі төмен әлеуетке ие. Дүниежүзіндегі Transparency International атты жемқорлыққа қарсы ғаламдық коалицияның рейтингтері бойынша Сингапур әлем бойынша әрдайым бірінші ондықта, ал Азияның жемқорлық фактісі тіркелмеген елдерінің арасында бірінші орынды иемденеді. Жемқорлық фактілері мемлекеттік қызметте жиі кездесетіндіктен, Сингапурдың мемлекеттік қызмет жүйесі өте тиімді формула негізінде құрылғанын байқауға болады.
Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру ұстанымдары:
- меритократия (адами ресурстарды дұрыс қолдану);
- биліктегі мөлдірлік және жемқорлыққа қарсы пәнді ұстану;
- шенеуліктердің қоғам мұқтаждықтарын қанағаттандыруға тырысуы;
- прагматизм (тәжірибе жүзінде жақсы нәтиже беру);
- мемлекеттік қызмет бейтарап, саясатқа араласпайды;
- реформалау қабілеті;
- жаңа кадрларды дайындау;
Сингапур Оңтүстік-Шығыс Азияның экономикалық қатынастағы дамыған елдерінің қатарында, сондай-ақ халықаралық сауда мен қаржының, жаңа технологиялардың жасалу орталығы және коммуникация мен көлік торабының дамуы бойынша алдыңғы шепте.
Қала-мемлекетте ғылыми сала, компьютерлер мен олардың құрамдас бөліктерін жасау, биотехнология мен лазерлік оптика салалары басымдық қасиетке ие. Бүгінгі таңда экспортталатын әскери өндірістің тауарлары (радиоаппаратура, қару-жарақ, теңіз катерлері) өз даму шегіне жетті. Кеме жөндеу, кеме жасау қызметтері Сингапурда едәуір дамыған. Жартылай өткізгіштер мен телекоммуникациялық құрылғыларға деген сұраныстың көбеюі электроника өндірісін дамытты. Еуропа және АҚШ нарықтарына үлкен көлемде экспорттау өндірістің көбеюімен тікелей байланысты болып, химиялық өндірістің өсуі көрініс тапты.
Сингапур электроника мен биотехнологияны, химиялық өндірістің өнімдерін, алькогольді сусындарды, темекі бұйымдарын, мұнай өндірісіне қажетті құрылғыларды, резеңкені экспорттай отырып, теңіз кемелерін жөңдеу қызметтерін көрсетеді. Көрсетілетін қызметтердің дамыған секторы мемлекеттік бюджетке салық түрінде 70% табыс беріп отырады.
Ұлттық экономиканың сыртқы қатерлерге қарсы тұру қабілеттілігін анықтайтын, мемлекеттің өндірістік әлеуетін қалыптастыратын 4 сектор бар. Олар:
1) Биомедицина (бүгінгі таңда мемлекетте 20 биомедициналық орталықтар бар);
2) электроника;
3) мұнай өңдеу өндірісі;
4) көліктік қызмет көрсету сферасы.
Үкіметтің қаржы-валюталық саясаты дәстүрлі түрде іскерлік климатты жақсартып, нәтижесінде инфляцияның алдын алып, мемлекетке шетел инвестицияларын тартты. Өндіріс пен жеке меншік құқығында салынған сингапурлық инвестициялық жобалар Азияда (Қытай, Гонгонг, Малайзия, Индонезия, Үндістан, Жапония) орналасқан болса, ал Еуропада сингапурлық инвестициялар электроника, телекоммуникация, инженерия сияқты салаларда өз орындарын иемденген. Сингапурдың әлемдік импорттағы үлесі 2%. Демек, бұл Сингапур кәсіпкерлері мен бизнесмендерінің Еуропада орын алған бәскелестікке қатысқылары келмейтіндігінің айқын көрінісі.
Аса маңызды реформаларды жүргізе отырып, Үкімет басшысы мен Қаржы министрі «Темаск Холдинг» холдингтік компаниясын ашты. Қазақстандағы «Самрұқ-Қазына» әл-ауқат қоры тура осындай принцип бойынша жұмыс жасайды.
Бұл жерде назар аударатын өте маңызды жәйт бар. Мемлекеттік шенеуліктер мемлекеттік компанияларды басқарады. Яғни, олар екі жақты жауапкершілікті өз мойындарына алады. Біріншіден, компаниялардың экономикалық және қаржы қызметтерінің тиімділігі, екіншіден - министрліктің мандатына сәйкес қызмет. Демек, Білім мен Ғылым министрі кітап шығару компаниясының басшысы н/е директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бұл формула әлемде өте сирек қолданады.
Сингапурда әлемдік компаниялардың 3,5 мыңы орналасқан, 102 Транс Ұлттық компаниялардың жергілікті өкілдіктері бар. Малайзия, АҚШ, Гонгонг, Жапония, Қытай елдері Сингапурмен сауда жасайтын елдер қатарында. Жыл сайынғы сингапурлық валюталық биржа операцияларының көлемі тек Лондон, Нью-Йорк және Токиодан аз болып келеді. Банктер көлемі бойынша Сингапур Лондон мен Нью-Йорктан кейін үшінші орында (жалпы 120 банк). Бәсекелестікке қабілеттілігі бойынша 2004 жылы Сингапур екінші орынға шыққан (АҚШ-тан соң).
Премьер-министр Ли Сянь Лун айтуы бойынша «осы жолдан таймай, экономикадағы тұрақты өсімді қамтамасыз етіп тұру үшін және бәскелестікке қабілетті болу үшін, Сингапур сыртқы жағдайларға тез бейімделе білуі қажет».
