Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
25.10.2016
Размер:
26.17 Кб
Скачать

Халықаралық стандарттардың сапа жүйесі бойынша ұсыныстары ИСО 9000.

Шет елдерде 9000 сериялы ИСО стандарттары жабдықтаушының өнімі сапасын қамтамасыз ету жүйелерін бағалау үшін үлгілер ретінде сауда байланыстарын орнатқанда кеңінен қолданылды. Бұл ретте жүйенің ИСО стандарттарының талаптарына сәйкестігін белгілі кепілдік ретінде қарастырады, бұл өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге жабдықтаушы жеткізуге, қамтамасыз етуге орнатылған талаптарды орындауға қабілеттілігін көрсетеді.

20 ғ.70-80 жылдары көп елдердің мамандары дайын өнімді бақылау жолымен ғана сапаға кепілдік берілмейді деген шешімге келді. Ол одан бұрын қамтамасыз етілуі тиіс - нарық талаптарын зерттеуде, жобалық және құрылымдық әзірлемелерді дайындау сатысында, шикізаттарды, материалдарды және құрылымдық өнімдерді жабдықтаушыларды таңдауда,өндірістің барлық сатыларында және өнімдерді сатуда, оларды тұтынуда және қолданғаннан кейін жою процессінде.

Халықаралық бірлестік өнім сапасына техникалық талаптарды мөлшерлеуге біртұтас бағыт әзірледеі, ол сапа жүйесін әзірлеуде қолданылды – тұтынушыға үнемі жоғары сападағы өнімнің кепілдігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдық және техникалық шаралардың жиынтығы және оның стандарттар мен келісім-шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.

Сапа жүйесімен жұмыс үрдісінде келесіде сапа жүйесінің халықаралық стандарттарын әзірлеуде ИСО-да қолданылған негізгі түсініктер мен принциптер қалыптасты. Сапаны басқарудың, талаптардың айырмашылығы мен үйлесімділігін жоюдың сұрақтарын шешудің біркелкі тәсілдерін әзірлеу мақсатымен ИСО құрамындағы халықаралық деңгейде ТК 176 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» әзірленді, оның міндетіне 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын әзірлеу мен сапа жүйелерінің негізіг принциптерін стандарттау мен үйлестіру кіреді. 1987 ж.осы серияның алғашқы бес стандарттары жарияланды және сапаны қамтамасыз ету саласындағы ХС ИСО 8402 терминдер мен олардың анықтамаларының үш тілдік сөздігі әзірленді. 1994 ж. Өзгерістерді енгізгеннен кейін екінші нұсқасы пайда болды және қазіргі уақытта стандарттардың үшінші нұсқасы әзірленуде.

9000 сериялы ИСО ХС құрылымы 6.10 суретте көрсетілген.

9000 сериялы ИСО ХС-да өндіріс пен қызмет көрсету саласында сапаны басқарудың жалпы бағдарламаларын құру бойынша негізгі талаптар орнатылған.

ИСО 9000 ХС «Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар» төрт бөлімнен тұрады, оның әрқайсысы басқа стандарттарды таңдау және қолдану бойынша жетекшілік ететін нұсқаулықтарды көрсетеді, нақты айтқанда ИСО 9000-1 «Таңдау мен қолдану бойынша жетекші нұсқаулықтар»; ИСО 9000-2 ХС «ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 стандарттарын қолдану жөніндегі жалпы басшылық», ИСО 9000-3 ХС «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жеткізу және қызмет көрсетудегі ИСО 9001 қолдану бойынша басшылық ету нұсқаулықтары», ИСО 9000 ХС «Сенімділіктің бағдарламалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі басшылық». Жалпы стандарт сол сапа жүйесін таңдау жөніндегі нұсқаулықтар береді, бұл нақты әрекеттерге байланысты қажет етіледі. Әртүрлі жүйелерді таңдауда ескеруге қажетті негізгі белгілер: жобалау үрдісінің күрделілік деңгейі, жобаның аяқталуы (өнімді пайдалану немесе сынау нәтижелері бойынша), өндірістік үрдістің күрделілігі (жаңа үрдістердің дайындамаларын қолдану мүмкіндігі, олардың саны, әртүрлілігі және т.б.), өнімнің сипаты, экологиялық факторлар және т.б.

ИСО 9000 ХС басшылық саясаты мен сапаны қамтамасыз етудің негізгі принциптерінен тұрады. Сапа саласындағы әртүрлі түсініктер арасындағы өзара байланысты анықтайды және ИСО 9001 ХС, ИСО 9002 ХС және ИСО 9003 ХС келтірілген үш үлгінің қолданылу ережесін анықтайды.

ИСО 9001 ХС «Жобалауда, дайындауда, өндіруде, монтажда және қызмет көрсетудегі сапаны қамтамасыз ету үлгілері». Стандарт егер екі тараптан бекітілген келісім-шартта қолданылатын сапа жүйесіне қатысты талаптарды айтады. Бұл үлгі жабдықтаушылар үшін ең қатал болды.

ИСО 9002 ХС «Өндірісте, монтажда және қызмет көрсетуде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі». Стандарт, егер екі тарап арасындағы бекітілген келісім-шарт бойынша жабдықтаушы технологиялық процессті бақылауды жүзеге асыру қабілетін көрсетуі тиіс болса, соңғы өнімді қабылдау үшін шешуші болып табылатын сапа жөніндегі талаптарды бекітеді.

ИСО 9003 ХС «Дайын өнімді бақылау және сынауда сапаны қамтамасыз ету үлгісі». Стандарт, егер екі тарап арасындағы бекітілген келісім-шарт бойынша қолданылатын, соңғы өнімді

қабылдау туралы сұрақтарды шешу үшін бақылау мен соңғы сынақтарды жүзеге асыру қабілетін көрсету қажет болса қолданылады.»

ИСО 9004 ХС «Сапаны басқару және сапа жүйесінің элементтері», сегіз бөлімнен тұратын, әрқайсысында басшылық ету нұсқаулықтары бар. Стандартта сапа жүйесінің барлық элементтер қарастырылады.

Ресей мен ҚР 9000 сериялы ИСО стандарттары «мұқаба әдісімен» қабылданған.

Жоспары:

I.Кіріспе

1.Стандарттаудың әдістері

II.Негізгі бөлім

2.Унификация түсінігі

2.1 Унификацияның мақсаты

2.2Селекция, симплификация, оптимизация

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

"Стандарт" сөзін ағылшын (standart) тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель түсініктерімен басқа ұқсас нысандарды салыстыру үшін негізгі болып қабылданатын ұғымдарды білдіреді.

Стандарттау адамдар қоғамының дамуымен және адамдар жасаған еңбек қызметтерінің ең сәтті нәтижелерінің қайта пайдаланылуы мақсатымен оларды еске сақтауға деген талпынысымен түтас байланысты. Стандарттау бойынша қызмет үлгілері болатын стандарттық диаметрлі су жүргізу қүбырларының және стандарттық мөлшердегі қүрылыс бөлшектерінің өлшем жүйесінің бірлігін Ежелгі дәуірде қолдану.

Ежелгі Египетте қүрылыс кезінде үнемі "стандартты" өлшемдегі кірпіштерді қолданған, сонымен қатар арнайы шенеуніктер кірпіш өлшемін бақылаумен айналысқан.

Грек сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері - белгілі храмдар олардың бағандары, порттар "стандарттық" бөлшектердің салыстырмалы түрдегі кішігірім санынан жиналған.

Ежелгі римдіктер көлемі жағынан үнемі бірдей болып келетін су жүргізу құбырларын салу кезінде стандарттаудың принцптері мен әдістерін қолданған.

Орта ғасырларда кәсіптің дамуымен қатар стандарттау әдістері де жиі қолданыла бастады. Осылайша маталар енінің көлемі және жіптердің бірдей саны белгіленген, сонымен қатар соның негізінде тігін тігу өндірісінде пайдаланылатын шикізатқа деген жалпы талап анықталды. Венецияда алдын -ала бөлшектер мен түйіндерден (унификация әдісі пайдаланылды) дайындалған ескекті кемелер жинақтала бастады.

1785 жылы француз инженері Леблан әр қайсысы өзара алмастырылатын және көлемі жағынан бірдей ерекше сапаға ие 50 дана қару құлыптарының партиясын дайындап шығарды. Оларды алдын - ала дайындықсыз кез - келген қаруға қолдануға болатын еді.

Стандарттау ең алдымен жеке фирмалар мен кәсіпорындар ішінде дамыды. Десек те, еңбектің қоғамдық тұрғыда бөлінуінің дамуы шамасына орай, стандарттау, үлттық тіпті халықаралық мағынаға ие бола бастады.

  1. Стандарттаудың әдістері

Стандарттау қызметтің бір түрі ретінде расталатын міндеттердің оптималды шешімдерінің белгіленуі үшін қажетті жалпы ғылыми және арнайы әдістердің жиынтығында негізделеді. Стандарттау бойынша жұмыстарда көп колданылатын әдістер: 1) Стандарттау нысандарының реттелуі; 2) параметрлік стандарттау; 3) унификация; 4) агрегаттау; 6) кешендік стандарттау; 6) озық стандарттау.

1.1 Унификация түсінігі

Унификация (латын тілшен аударғанда unus - один) - өнім, процесс және қызмет түрлері оптималды санының таңдалуы және олардың параметрлері мен көлемдерінің мәні. Бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту. Унификация стандарттаудың тиімді және кең тараған әдісі. Оның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге және пайдалануға жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.

Унификация – бұл бір заттың бір жүйеге, формаға, біркелкілікке алып келінуі. Мысалы, техникада унификация деп өнім түрлері мен оның өндірілім қорының типтік көлемдері, маркалары мен өзіне тән қасиеттерінің ең аз санына келтірілуі және бірдей қызметтік мәні бар бөлшек, агрегаттардың тиімді түрде қысқартылуын түсінеді.