- •Емдеу-сақтандыру мекемелері
- •Емдеу бөлімшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі
- •Бөлімшедегі қызметкерлерді медициналық бақылау мен тексеру
- •Емдеу бөлімшелерінің асхана, буфеттеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп
- •Асептика
- •Антисептика
- •Дезинфекция
- •Механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
- •Жуғыш ерітіндіні дайындау
- •Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
- •Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
- •Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға қойылатын талаптар:
- •Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері
- •Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
- •Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:
- •Медициналық қалдық кластары. Медициналық қалдықтарды класынабайланысты жинау, зиянсыздандыру және сақтау ережелері
- •Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
- •Медициналық қалдықтарды уақытша сақтау және жою жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
- •4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері Науқастарды қабылдау және санитарлық тазалықты ондеу.
- •III. Науқастарды қабылдау және санитарлықөңдеу
- •Қабылдау бөлімінің құрылысы:
- •Карбофостың 0,15% сулы – эмульсиялы ерітіндісімен тазалау
- •Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
- •Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы
- •Науқастың жеке басының тазалығы Терінің күтімі. Ойық жараның алдын алу және оның емі. Науқастың киімін және төсек орнын ауыстыру
- •Науқастың төсегін ауыстыру
- •Төсек-орындарын ауыстырудың і тәсілі
- •Төсек-орынын ауыстырудың іі тәсілі
- •Науқастардың киімдерін ауыстыру
- •Теріні күту және ойылудың алдын алу
- •Ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың ауыз қуысын тазалау.
- •Аяқтың, шаштың күтімі. Жыныс мүшелерін жуу
- •Науқастарды куту; физиологиялық қажеттіліктерді атқаруға комектесу
- •Тамақтану тәртібі
- •Сау адамның рационалды тамақтану негіздері:
- •Сауықтыру тамақтандыруды ұйымдастыру
- •Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру
- •Халі ауыр пациенттерді тамақтандыру іс- әрекеттері
Теріні күту және ойылудың алдын алу
Науқасты әсіресе ауыр халдегі науқастарды күтуде тері күтімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтастығы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жұмсақтығы мен серпімділігін сақтау үшін май және тері бездері қызметінің маңызы зор. Алайда тері мен май терінің бетіне жиналып, оны кірлетеді. Маймен, терімен бірге теріге шаң мен микроағзалар да жиналады. Тері кірлеуінен қышиды, одан сызылған, (терінің тырналған жері) қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің тұтастығы бұзылады. Бұл өз кезегінде терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына жағдай жасайды. Осыған байланысты мейірбике пациенттің жеке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және теріні таза сақтау жөніндегі әрекеттерді орындауға көмектеседі. Мейірбике өз аяғымен жүрген науқастардың төсек-орын жапқыштарын, іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу кестесін жасап, орындауы тиіс. Науқастың терісін жылы суға немесе антисептиктік ерітіндіге батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет (10% камфор спиртінің ерітіндісімен немесе 70% этил спиртімен) сүрту керек. Әсіресе әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын, науқастың мойнын, құлағының сыртын, арқасын, көкіректің алдыңғы жағын, қолтық астын сүрту үшін орамалдың бір шетін зарарсыздандыру ерітіндісіне малып, жайлап қысады да, сонымен сүртеді. Содан кейін осы тәртіппен құрғатады. Көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз қуыстарының күтіміАуыз қуысын күтуАуыз қуысында көп микробтар жиналады, олар ағза әлсірегенде ауыз қуысының ауруларын тудырып, адам ағзасының жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр халдегі науқастарда жиі стоматит (ауыз қуысы кілегей қабығының қабынуы) дамиды. Тамақ қабылдау кезінде ауырсыну, сілекейдің ағуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Оның себебі ауыз қуысының нашар күтімі болып есептеледі. Кейде науқастарда еріндердің құрғауы, ауыз бұрыштарында ауырсынатын тері тілінулері болуы мүмкін. Науқастың жағдайын жеңілдету үшін еріндерге суға малынған дәке салфетканы қойып, соңынан еріндерді майлап қоюға болады.
Әлсізденген науқастың ауыз қуысында микроағзалар жиналады, олар ауыздан жағымсыз иіс шығаруы мүмкін. Сырқаты жеңіл, өз аяғымен жүріп тұратын, яғни жалпы режимдегі науқастар таңертең, кешке тістерін өздері щеткамен тазалап тұрады.
Ауыр халде төсек тартып жатқан науқастардың ауыз қуысын тазалау.
Қажетті заттар: 0,5% гидрокарбанат натрий немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергіш, тіл ұстағыш, астауша, пинцет, дәкелі салфетка, дәкелі немесе мақталы тампон, шпатель. Іс - әрекеттер: 1. Науқасқа процедура мақсатын, орындалуын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз. 2. Мензуркаға антисептик ерітіндіні құйып алыңыз. 3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 4. Пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз. 5. Пациентке аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз. 6. Егер науқастың халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін тіл ұстағышпен ұстаңыз. 7. Дайындаған ерітіндіге салфетканы сулаңыз. 8. Ұртын шпательмен ашып, ерітіндіге батырылған салфеткамен ауыз қуысының кілегей қабығын, қызыл иекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз. 9. Ерні немесе ауыз бұрышы тілінсе (езуі), май жағыңыз. 10. Аузын таза салфеткамен сүртіңіз. 11. Құрал-саймандарды және дәке шариктерін дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз. 12. Қолғапты шешіп дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз, қолды жуып құрғатыңыз.
Ескерту!
Егер науқастың протез тісі болса, оны түнде шешіп, жуып, таза стаканда сақтау қажеттігін түсіндіріңіз. Аузынан иіс шығатын болса, ауыз қуысын 2% гидрокарбанат натрий немесе әлсіз перманганат калий ерітіндісімен шаю керек.
Ауыз қуысының кілегей қабатын дәрімен емдеу дегеніміз аппликация немесе дәрімен жуу. Аппликация ауыздың кілегей қабығына қандай да бір дезинфекциялайтын ерітіндіге малынған зарарсызданған дәке салфеткаларын 3-5 минут салып ұстау. Бұл процедура күніне бірнеше рет қайталанады. Аппликацияны ауырғанын жеңілдететін дәрілермен де жасауға болады.
Дәрімен жуу
Эсмарх кружкасының, Жанэ шприцінің, резеңке грушаның көмегімен жасалады. Науқасты ыңғайлы отырғызып, кеудесіне клеенка байлап, қолына астауша беріп қояды. Мейірбике науқастың сол және оң ұртын шпательмен алма-кезек тартып, резеңке грушаның немесе Эсмарх кружкасының ұштығын тығып, ауыз қуысын дәрімен жуады. Сұйық ағымының қысымымен тамақтың қалдығы, ірің өзінен-өзі жуылады.
Құлақты күту
Мақсаты: құлақтың көп жиналғанынан естудің төмендеуінің алдын алу.
Қажетті заттар: астауша, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған турунда, тамызғыш, Жане шприці, 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, фурациллин ерітіндісі және зарарсыздандыру ерітіндісі. Іс- әрекеттер: 1. Құлақтың ішін дәкеден жасалған таяқшамен, оны айналдыра отырып тазалаңыз. 2. Құлақтың сырғалығынан жоғары тартып, тамызғышпен бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын тотығын тамызыңыз. 3. Мақтадан жасалған таяқшамен құлықты шығарыңыз. 4. Құлақта құлық көп болса, құлақтың ішін жуыңыз. 5. Жанэ шприцына 150-200 мл жылы фурациллин ерітіндісін сорып алыңыз. 6. Науқасты отырғызып немесе жатқызып, құлақ қалқанының астына қысып ұстайтындай етіп, астаушаны қолына ұстатыңыз. 7. Сол қолмен құлақ қалқанын жоғары және артқа тартып, оң қолмен шприцті құлақтың сыртқы тесігіне тақап, ерітіндінің ағынын, оның жоғарғы, артқы қабырғасына бағыттап жіберіңіз. 8. Ем шараны істеп болғаннан кейін құлақты салфеткамен сүртіңіз. 9. Мақта тампонымен аз уақыт жауып қойыңыз, сосын алып тастаңыз.
Құлаққа дәрі тамызу
Қажетті заттар: дәрі, залалсыздандырылған мақта, салфетка
Іс - әрекеттер:
1. Дәріні 36ºС жылытыңыз.
2. Ал егер науқастың құлағына дәрі тамызу керек болса, басын сау жағына қисайтыңыз.
3. Сол қолмен құлақтың сырғалығынан тартып, оң қолмен 2-3 тамшы жылы ерітіндіні тамызыңыз. Науқас сол қалпында 10-15 минут жату керек.
4. 10-15 минут өткеннен кейін, ол басын ауырған құлағы жағына қарай қисайтып тамызған дәріні қайтадан сыртқа шығарады.
5. Содан кейін құлаққа бірнеше минут шағын домалақтанған мақта салып қояды.
Көзге дәрі тамызу
Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, тамызғыш.
Іс- әрекеттер:
1. Дәрігердің тағайындаған дәрісінің атын, тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.
2. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
3. Залалсыздандырылған тамызғышқа тағайындаған ерітіндіні сорып алыңыз.
4. Науқастың басын артқа қарай шалқайтып және жоғары қарауын сұраңыз.
5. Сол қолдың екінші саусағымен төменгі қабақты төмен тартып, тамызғышты кірпікке тигізбей (1,5 см жақын ұстамаңыз) дәнекер қабақтың төменгі күмбезіне әуелі бір тамшы, аз уақыттан кейін екінші тамшыны тамызыңыз.
6. Қабақты босатыңыз, айналасын жайлап мақта тампонымен сүртіңіз.
7. Екінші көзге дәріні осылайша тамызыңыз.
Көзді жуу
Қажетті заттар: дәрігердің тағайындаған ерітінді дәрісі, залалсыздандырылған мақта тампоны, ундинка (көзді жууға арналған стакан).
Іс - әрекеттер:
1. Науқасты ыңғайлы отырғызыңыз.
2. Арнайы стаканға дәрігердің тағайындаған дәрісін құйып, пациенттің алдына қойыңыз.
3. Науқасты еңкейтіп, қабағын үстел үстіндегі стаканға батырып, оң қолмен стаканды көзіне басып, су ақпайтындай етіп, көтеріп алады.
4. Кірпіктерін ерітіндінің үстіне 1-2 рет жыпылықтатып алады.
5. Стаканды көзінен алмай, үстел үстіне қояды.
6. Жаңа ерітінді құйып, науқасқа бірнеше рет қайталауын сұраңыз.
Мына тәртіппен де көзді жууға болады:
1. Пациентті ыңғайлы отырғызыңыз.
2. Залалсыздандырылған тампонды алып, оны тағайындаған ерітіндіге малып, аздап сығыңыз.
3. Сол көзді оң қолмен сыртқы бұрышынан кеңсірікке қарай бағыттап жуыңыз.
4. Сол қолмен басқа мақта тампонын алып, оң көзді жоғарыдағыдай тәртіппен жуыңыз.
5. Қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз.
Көзге май жағу
Қажетті заттар: көзге жағатын май, шыны қалақша.
Іс- әрекеттер:
1. Шыны қалақшаның бүтіндігін тексеріңіз, майдың атын, мерзімін оқыңыз.
2. Пациентті алдыңызға қарама-қарсы отырғызыңыз, басын артқа қарай шалқайтып, жоғары қарауын сұраңыз.
3. Залалсыздандырылған шыны қалақшамен майды алып, оны көлденең ұстап, кеңсірікке қарай бағыттап жағыңыз.
4. Төменгі қабақты төмен қарай тартып, қалақшадағы майды көз алмасына салыңыз.
5. Қабақты босатып жіберіп, қабақтарын жайлап, қабыстырыңызда, ақырындап қалақшаны шығарып алыңыз.
Мұрын қуысын күту
Мақсаты: Мұрын демалысының бұзылуының алдын алу.
Қажетті заттар: мұрынға тамызатын дәрі, мақтадан жасалған турунда, тамызғыш, вазелин майы, салфетка.
Іс - әрекеттер:
1. Пациентті ыңғайлы етіп отырғызыңыз.
2. Турунданы вазелин майына батырып алыңыз.
3. Пациенттің басын артқа қарай шалқайтыңыз
4. Сол қолдың төрт саусағын маңдайға қойып, бірінші саусақпен мұрынның ұшын жоғары қарай тартып, оң жақтағы мұрын қуысына 2-3 см тереңдікте турунданы айналдыра отырып, мұрын қуысын тазалаңыз. Ал сол жағына басқа турунданы салып, тазалаңыз.
5 Таза тамызғышқа қажетті мөлшердегі дәріні сорып алып, басын шалқайтып, әрбір мұрын қуысына 2-3 тамшыдан дәріні тамызыңыз.
6. Мұрынға аз уақытқа мақта тампонын салыңыз.