Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПРОТОКОЛ.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
34.92 Кб
Скачать

Салмағы жетілмей туған нəрестелердің күтімі

1. Салмағы жетілмей туған нəрестелердің күтімі

2. Хаттама коды: h-p-038

3. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):

Р05 Баяу өсу жəне ұрықтың жеткіліксіз тамақтануы

Р05.0 Гестациялық жас үшін салмағы аз

Р07.0 Туған кездегі дене массасының тым шағын болуы (999 г нан төмен )

Р07.1 Туған кездегі дене массасының аз болуының басқада кездейсоқтығы- туылу

кезіндегі дене салмағы 1000 – 2499 г.

4. Анықтамасы:

Нəрестенің аз салмақты болуына жатады:

1)Шала туған нәрестелер (гетация уақытымен 37 аптаға дейін) олардың арасынан іріктеуге болады:

а)шала туылғандар, салмағы дүниеге келгенде гестация уақытына сәйкес;

б)шала туылғандар, дене салмағы төмен ал бойы ұзындығы 10 перцентиль гестационды жасына (есептелген гестационды жасынан төмен салмақ)

2)Мерзіміне жетіп туылғандар, алғашқы салмағы 2500 г (гестация мерзімінен төмен, құрсақ ішілік өсудің тежелуімен)

5. Салмағы аз нəрестелер жіктемесі:

I. Туғанда нəресте дене салмағының аз болуы-2500гр дейін (2499 қосымша)

II. Туғанда нəресте дене салмағының өте аз болуы-1500г-(1499г қосымша)

III. Туғанда нəресте дене салмағының тым аз болуы-1000-(999 г қосымша)

Салмағы аз туылған нәрестелер ерекшеліктері

  1. Биологиялық жетілмеу (әсіресе мерзімінен ерте туғандар)

Салмағы аз нәресте дүниеге келуіне арнайы дайындық :

  1. Салмағы аз нәресте дүниеге келуін күткеде:

  • Туу залында ауа темпеатурасы 28°С болу керек, қосымша (электр жылытқыштар, жылы жайлық, бас киім, шұлық және т.б. балалар киімі)

  • Реанимация шараларына дайын болу

  • Реанимация шараларын жетік меңгерген неонатологтар командасы, себебі салмағы аз нәрестелер жиі реанимация шараларын қажет етеді

Босану палатасында салмағы аз туылғн нәрестелер күтімі

  1. Универсалды қорғаныс шараларын қамтамасыз ету (аурухана ішілік инфекция профилактикасы) дұрыс және ұқыпты қолды жуу, стерильді инструменттерді пайдалану, қажеті аз инвазивті шараларды қолданбау.

  2. Гипотермия профилактикас:

  1. туу палатасында ауа температурасы 28°С

  2. нәрестені жылы жамылғымен сүртіп, құрғатып, жылдам алып кету

  3. жылдам нәрестені анасының ішіе жатқызып, тынысы мен жүрек соғысынын анықтау

  4. нәрестеге жылы бас киім, шұлық, анасымен бірге жылы жапқышпен жабу.

  5. Дүниеге келгеннен кейін әр 30 минут сайын 2 сағат бойы дене температурасын өлшеп тұру.

  1. Нәрестедегі Гипогликемияны алдын алу

  1. Дүниеге келгеннен кейін 1 сағат ішінде емшек сүтімен емізу қажет, адекватты калориямен қамтамасыз ету үшін.

  1. Нәрестені бақылау әр 30 мин сайын 2 сағат ішінде туылғаннан кейін

  1. қысылған тыныс жоқпа тыңдау

  2. 1 минут бойы тынысын санау, егер тынысы минутына 30 дан төмен немесе 60 көп болса қайта санау.

  3. Кеудесінің төменгі бөлігі тыныс алғанда ішке кіруі немесе мұрын қанаттарының толуы жоқтығын тексеру.

Ана мен нәрестені қараусыз қалдыруға болмайды!!!

Босанудан кейінгі бөлімшеде салмағы аз туылған нәрестелер күтімі

  1. Жылыту және босанудан кейінгі палатада бірге жатқызу

  1. жылы палата, ауа температурасы 25-28°С, жел болмауы керек, нәресте керуеті қабырға немесе терезе жанында тұрмауы керек.

  2. анасын бала температурасын бақылауды үйрету керек. Әр 4 сағат сайын теріге-тері арқылы егер нәресте температурасы 36,5°С болса немесе аяғы салқын болса.

  3. нәресте әрқашан құрғақ және бір рет пайдаланатын жөргек қажет.

  4. нәресте жылы киіндіру керек (бас киім, шұлық, жылы киім) орамау керек. Себебі тар етіп ораса тез тоңуы мүмкін.

  5. шомылдыруға болмайды

  1. Ерте және жиі емізу арқылы адекватты калория қабылдау мен гипогликимияны алдын алу шаралары:

• анасына нәрестені әр 2-3 сағат сайын емізу қажеттігін айту керек

• емізудің дұрыстығын күнделікті бақылап отыру (дұрыс жатқызу, ему ыңғайлылығы, емізу ұзақтығы және жиілігі, нәресте қанағаттануы)

• күнделікті нәресте салмағын өлшеу, салмақ динамикасын бақылау

• қосымша қоректіндірсе, сүт мөлшерін бақылау.

  1. Салмағы аз туылғн нәрестелер мониторингі:

• температура мен салмағын жазып отыру

• тынысын тексеру (нәресте тыныш, жыламаған кезде)

• ыңырсыған дыбыс жоқтығын бақылау

• 1 минут бойы тынысын санау, егер тынысы минутына 30 дан төмен немесе 60 көп болса қайта санау.

• Кеудесінің төменгі бөлігі тыныс алғанда ішке кіруі немесе мұрын қанаттарының толуы жоқтығын тексеру.

• сарғаюдың жоқтығын тексеру

  1. Гигиенаның универсалды әдістерін қолдану және қауіпсіздік шаралары:

• анасын нәресте гигиенасына және жалпы қарауын тікелей ат салысуын талап ету (жуындыру, киіндіру, температуасын өлшеу)

• анасы мен мед персоналды қолды жуу техникасымен таныстырып орындалуын бақылап отыру.

• кіндікті құрғақ ұстау

• инвазивті шараларды максималды азайту, асептика антисептика шараларын қатаң сақтау

• нәрестеге ұқыпты қарау

  1. Гипотермиялы нәрестелерді жылыту оларды қалыпты температурада ұстап тұруданда қиын

Жеңіл гипотермия кезінде (32°С - 36°С) қажет:

• «Теріге – тері жанастыру»

  1. жылы бөлме, жылы төсек

  2. кувезде жылыту

Қалыпты температураға дейін жылыту. Әр 15-30 мин сайын өлшеп тұру.

Ауыр гипотермия кезінде (32°С)

• Тез жылыту, сағатына 1°С дейін көтеру

• Термостат контроль матрасқа жатқызу 37-38°С

• Ерте емізу, адекватты су мен энергиялық қажеттілігін өтеу үшін

• Оттегі қажеттілігі көтерілгендіктен құрамда оттегі болу қажет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]