
- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Антигипертензивтік емнің тәсілдері
Дәрі қолданып емдеудің басты көрсетпесі науқас адамның белгілі бір қатерлі топқа жататыны (классификацияны қараңыз). Бұл жағдайда төменгі және орташа топ науқастарына дәрі қолданбас бұрын оларға медикаментозды емес тәсілдердің әсер ету тиімділігін анықтау қажет. Орташа қатерлі топ адамдарын дәрісіз емдеу мерзімі 6 ай, төменгі қатерлі топ науқастарын дәрісіз емдеу мерзімі – 12 ай құрайды. Егер осы мерзімдер ішінде АҚҚ с.б. 140/90 мм төменгі жағдайда болса, онда науқас адамды дәрісіз бақылау жалғастырыла береді. Егер қан қысымы бұл мөлшерден төмен түспесе, онда дәрілік ем қолданылады.
Жоғары қатерлі және өте жоғары қауіпті топ науқастарына медикаментозы емес емдеу бағдарламасымен қатар дереу дәрімен емдеу қолданылады. Дәрімен емдеу қан қысымы деңгейі жоғарғы қалыпты күйдегі (с.б. 130-139/85-89 мм), бірақ қант диабетімен, бүйрек жетіспеушілігімен және/немесе жүрек әлсіздігімен ауыратын адамдарға да тағайындалады.
Қолданылатын дәрі антигипертензивтік дәрілердің 6 тобының ішінен (-адреноблокаторлар, диуретиктер, кальций антагонистері, ААФ ингибиторлары, АТ1 – рецепторларының блокаторлары, альфа-1-адреноблокаторлар) таңдап алынады.
Бастапқы ем үшін дәріні таңдағанда барлық қатерлі факторлар, нысана-органдардың зақымдануы және қосалқы аурулардың бар-жоқтығы ескерілуі керек (18-кесте).
Асқынбаған АГ-да емді жүрек-тамыр ауруларын және олардан болатын өлімді азайтатын әсерлері дәлелденген, бета-адреноблокаторлар мен диуретиктерден бастаған жөн. АҚҚ төмендетуге белгілі бір топ препараттарының артықшылығы анықталмаған.
Сонымен қатар, дәрі таңдағанда пациенттің белгіленген дәріні қолдану мүмкіндігін анықтайтын әлеуметтік – экономикалық факторларды да ескеру керек.
18-кесте
Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
Дәрілер топтары |
Көрсетпелер |
Мүмкін көрсетпелер |
Қарсы көрсетпелер |
Шартты қарсы көрсетпелер |
Диуретиктер |
Жүрек әлсіздігі; Егде жастағы науқастар; Систолалық АГ |
Диабет |
Подагра |
Дислипидемия; Жыныс қатынасын сақтаған еркектер |
Бета-блокаторлар |
Стенокардия; Миокард инфарк-тісі; Тахиаритмиялар |
Жүрек әлсіздігі; Екі қабаттылық; Диабет |
Тыныс тұншық-пасы; Өкпенің созылм.обструкциялы аурулары; АВ-блокаданың ІІ-ІІІ дәреж. |
Дислипидемия; Спортсмендер; Дене қызметі-мен шұғылда-натын аурулар; Шеткі тамырлардың зақым-дануы |
ААФ ингибиторлары |
Жүрек әлсіздігі, Сол жақ қарынша дисфункциясы; Бұрын болған миокард инфарктісі; Диабеттік нефропатия |
|
Екіқабаттылық; Гиперкалиемия; Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы |
|
Кальций антагонистері |
Стенокардия; Егде жастағы аурулар; Систола-лық АГ |
Шеткі тамырлардың зақым-дануы |
АВ-блокадасының ІІ-ІІІ дәрежелері (верапамил, дилтиазем) |
Қан іркілмелі жүрек әлсіздігі |
Альфа-адреноблокаторлар |
Қуық асты без гипертрофиясы |
Глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы; Дислипидемия |
|
Ортостатикалық гипотония |
Ангиотензин-ІІ антагонистері |
ААФ ингибиторларымен емдегенде болатын жөтел |
Жүрек әлсіздігі, Гиперкалиемия |
Екіқабаттылық, Бүйрек артерияларының екі жақты стенозы |
|
Науқас адамның жартысынан көбінде АГ-ң монотерапиясы тиімді болмайды, сондықтан құрама ем қолдану қажет болады. Онымен қатар, құрама ем нысана-органдарды, ең алдымен, жүрек пен миды, қорғау үшін де қолданылады.
Құрама ем қолдану принциптері:
1) дәрілердің тиімді құрамына емге әсер ету механизмі әр түрлі препараттарды қолданып қол жеткізуге болады, мұндай тәсіл қосымша антигипертензивтік әсер алуға және дәрілердің жағымсыз әсерін азайтуға мүмкіндік береді;
2) препараттардың тиімді емес құрамы әсер механизмі мен жағымсыз әсерлері бірдей препараттарды қолданғанда қалыптасады.