
- •Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы) арналады.
- •Ішкі аурулар Оқулық жоғарғы медициналық оқу орындарындағы студенттерге арналады.
- •Ажту – активтенген жартылай тромбопластин уақыты
- •Га – гипертония ауруы
- •Гкмп – гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Гн – гломерулонефрит
- •Тт – тыныс тұншықпасы
- •Т ы н ы с м ү ш е л е р і н і ң а у р у л а р ы Жедел бронхит және бронхиолит
- •Созылмалы бронхит
- •Тыныс тұншықпасы (тт)
- •Бронхоэктазия ауруы
- •Пневмония
- •Ауруханадан тыс пневмония
- •Ауруханаішілік пневмония
- •Атипиялық пневмониялар
- •Аспирациялық пневмонияны емдеу
- •Созылмалы пневмония
- •Өкпенің инфекциялық деструкциялары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесі)
- •Өкпе эмфиземасы
- •Өкпенің созылмалы себінді аурулары (өсса)
- •Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
- •Созылмалы өкпе-текті жүрек
- •Плевриттер
- •Транссудат пен экссудаттың белгілері
- •Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
- •Тыныс жетіспеушілігі
- •Спонтандық пневмоторакс
- •Ересектердің респираторлық дистресс – синдромы (ердс)
- •Өкпе артериясындағы гипертензия
- •Бірінші ретті өкпе артериясының гипертензиясы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары Артериялық гипертензиялар
- •Гипертония ауруы (эссенциальдық аг)
- •Қалыпты артериялық қан қысымы
- •Аққ көтерілуінің дәрежелері
- •Аг сатылары, ддұ классификациясы, 1993
- •Қатерлі артериялық гипертензия
- •Гипертензиялық криздердің салыстырмалы сипаттамасы
- •Артериялық гипертензияда қолданылатын негізгі дәрілер
- •Антигипертензивтік емнің тәсілдері
- •Алғашқы антигипертензивтік емді таңдау
- •Антигипертензивті дәрілердің құрамалары
- •Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын дәрілер
- •Симптоматикалық (екінші ретті) артериялық гипертензиялар
- •Ренальдық аг.
- •Эндокриндік аг.
- •Иценко-Кушинг ауруы және синдромы
- •Гемодинамикалық аг
- •Нейрогендік гипертензиялар.
- •Дәріден болатын аг.
- •Атеросклероз
- •Жүректің ишемия ауруы
- •Кенеттен болатын коронарлық өлім
- •Стенокардия (жүрек қыспасы)
- •Тұрақсыз стенокардия классификациясы
- •Фармакологиялық сынамалар
- •Стенокардияны емдеуде қолданылатын антиангинальдық препараттар
- •Миокард инфарктісі
- •Ми-дағы резорбциялы – некроз синдромы мен биохимиялық маркерлер көрсеткіші
- •Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері.
- •Q тісшесі жоқ миокард инфарктісі
- •Кардиогендік шоктың ауырлық дәрежелері
- •Ауырғандықты тию алгоритмі.
- •Жедел ревматизм қызбасы және жүректің ревматизм ауруы
- •Ревматизм қызбасының классификациясы
- •Жрқ диагнозын қоюда қолданылатын Киссель-Джонс критерийлері
- •Инфекциялық эндокардит
- •Инфекциялық эндокардиттің классификациясы
- •Иэ емдеуде қолданылатын антибиотиктер
- •Миокардтың коронарогенді емес аурулары
- •Миокардиттер
- •Миокардиодистрофиялар
- •Кардиомиопатиялар
- •Дилатациялық кардиомиопатия
- •Гипертрофиялық кардиомиопатия
- •Рестрикциялы кардиомиопатия
- •Жүрек ақаулары
- •Жүре пайда болатын жүрек ақаулары
- •Митральдық қақпақ кемістігі
- •Өкпе артериясы сағасының стенозы
- •Антиаритмиялық дәрілердің “Сицилиан гамбиті” классификациясы
- •Жүрек аритмиялары Экстрасистолия
- •Пароксизмальды тахикардия
- •Суправентрикулярлық және қарыншалық тахикардиялардың айырықша белгілері
- •Қарыншаішілік блокада
- •Қарыншалардың мезгілінен бұрын қозу синдромы
- •Сжә-де дәрілерді таңдау
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Асқорыту мүшелерінің аурулары Өңеш аурулары Гастроэзофагальды рефлюкстік ауру
- •Гэра мен жиа екшеу-іріктеу диагнозы
- •Асқазан аурулары Созылмалы гастрит
- •Қалыпты асқазан секрециясы
- •Гастриттің ерекше түрлері
- •Гастриттің екі түрінің екшеу критерийлері
- •В гастритінің екі сатысының басты критерийлері
- •Нр байланысты созылмалы гастритті емдеу. Емнің мақсаты – асқазан мен он екі елі ішек кілегей қабығындағы нр жою.
- •Жара ауруы
- •Жара ауруының асқынулары.
- •Ішек аурулары Созылмалы энтерит
- •Созылмалы колит
- •Бейспецификалық жаралы колит
- •Крон ауруы
- •46-Кесте ка мен бжк екшеу-іріктеу диагнозы
- •Тітіркенген (қозған) ішек синдромы
- •Ұйқы безінің аурулары Созылмалы панкреатит
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Созылмалы гепатит
- •Классификациясы (Гастроэнтерологтардың Дүниежүзілік конгресі, Лос-Анджелес, 1994).
- •Бауыр жетіспеушілігі
- •49-Кесте Жедел гепатит пен бауыр циррозы фонында дамыған
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Созылмалы тассыз холецистит
- •Бауыр циррозы
- •Бадд – Киари синдромында болатын цирроз
- •Бауыр циррозының ауырлық дәрежелерін анықтау
- •Бауыр циррозының ең жиі кездесетін түрлері.
- •Бауыр циррозының сирек түрлері.
- •Бауыр циррозындағы және тубперитониттегі асцит сұйықтығы
- •Бауыр циррозымен ауыратын науқасты емдеу әдісі.
- •Асқынуларды емдеу.
- •Бауыр циррозының сирек түрлерінің емі.
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Дәнекер тінінің жайылмалы аурулары
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Жқж клиникалық варианттарының жұмыс классификациясы
- •Жқж активтілік дәрежелері
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы. Жқж диагнозын қоюда Американың ревматологиялық ассоциациясы ұсынған критерийлер (1982) кең қолданылып жүр:
- •Жүйелі склеродермия
- •Дерматомиозит
- •Буын аурулары Ревматоидтық артрит
- •Ра жұмыс классификациясы
- •Жүйелі өзгерістер жоқ ра.
- •Жүйелі зақымданулар болатын ра.
- •Ерекше синдромдар
- •Ра синовиальды сұйықтықтың көрсеткіштері
- •Ра түрлеріне қарап емдеу
- •Негізгі клиникалық түрлері
- •Подагра
- •Жүйелі васкулиттер
- •Түйінді периартериит
- •Түйінді периартерииттің диагноз қою критерийлері
- •Бейспецификалық аортоартериит
- •Такаясу ауруының критерийлері
- •Вегенер гранулематозы
- •Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері
- •Жедел гломерулонефрит
- •Бүйрек амилоидозы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Анемиялар
- •Теміржетіспеушілік анемия
- •Витамин в12-жетіспеушілік анемия
- •Гемолитикалық анемиялар
- •Тұқым қуалайтын гемолитикалық анемиялар Тұқым қуалайтын микросфероцитоз (Минковский-Шоффар ауруы)
- •Г-6-фдг жетіспейтін анемия
- •Талассемия
- •Қолорақ клеткалы анемия
- •Жүре пайда болатын гемолитикалық анемиялар Аутоиммунды гемолитикалық анемия
- •Пароксизмальды түнгі гемоглобинурия
- •Гипопластикалық (апластикалық) анемиялар
- •Гемобластоздар
- •Лейкоздар
- •Жедел лейкоздар
- •Классификациясы. А) Лимфобласттық лейкоздар:
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Полицитемия
- •Геморрагиялық диатез
- •Гемофилия
- •Виллебранд ауруы
- •Диагнозын қою және екшеу-іріктеу диагнозы.
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (итп)
- •Геморрагиялық васкулит (Шенлейн-Генох ауруы)
- •Геморрагиялық диатездердің негізгі түрлерінің екшеу диагнозының белгілері
- •Тамыріші себінді қан ұю синдромы
- •Бір дұрыс жауабын беріңіз
- •Тестілер жауаптарының эталондары
- •Б) жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бойынша
- •Қолданылған әдебиет тізімі жалпы әдебиет
- •Несеп бөлу жүйесінің аурулары бойынша
- •М а з м ұ н ы
Бір дұрыс жауабын беріңіз
1. Теміржетіспеушілік қаназдыққа тән белгі:
а) ретикулоцитоз
б) эритроциттердің макроцитозы
в) қанның темірмен байланысу қабілетінің күшеюі
г) темірдің тіндерде жиналуы
д) ЭТЖ өсуі
2. В12 витаминінің сіңуі үшін қажет факторлар:
а) тұз қышқылы
б) гастрин
в) пепсин
г) гастромукопротеин
д) фолий қышқылы
3. В12-жетіспеушілік қаназдыққа тән сүйек миындағы өзгерістер:
а) гемопоэз гипоплазиясы
б) миелобласттардың көбеюі
в) мегалобласттық эритропоэз
г) лимфоциттердің көбеюі
д) эритропоэз гиперплазиясы
4. В12-жетіспеушілік қаназдықты емдеу әдісі:
а) темір препаратын ұзақ қолдану
б) пиродоксиннің курсін белгілеу
в) глюкокортикостероидтарды тағайындау
г) цианкобаламин қолдану
д) плазма құю
5. Келтірілген белгілердің біреуінен басқасының бәрі талассемияда кездеседі:
а) гемолиз эритроцит қабығының кемістігімен байланысты
б) қалыпты Нв А азайған
в) түс көрсеткіші азайған
г) нысана тәрізді эритроциттер ауруға тән белгі
д) сарысу темірінің деңгейі көбейген
6. Тамыріші гемолизға тән:
а) ауыр гемолизде гемоглобинурия
б) сүйек миында сидеробласттар азайған
в) бүйрек гемосидерозының болмауы
г) плазманың бос гемоглобинінің көбеюінің болмауы
д) келтірілгеннің бәрі
7. Клеткаішілік гемолизға тән:
а) гемосидеринурияның болмауы
б) талақта макрофагтардың көбеюі
в) гипербилирубинемия
г) ретикулоцитоз
д) келтірілгеннің бәрі
8. Аутоиммундық гемолитикалық анемияға тән:
а) дәнекер тінінің жайылмалы ауруында болуы мүмкін
б) гемолиз клеткаішілік болады
в) кортикостероидтар тиімсіз болған жағдайда цитостатиктер қолдануға болады
г) салқынды көтере алмаушылық байқалады
д) келтірілгеннің бәрі дұрыс
9. Миньковский-Шоффар ауруына тән емес белгі:
а) микросфероцитоз
б) эритроциттердің осмостық төзімділігінің азаюы
в) сарғыштық
г) спленомегалия
д) оң мәнді Кумбс сынамасы
10. Аутоиммундық гемолитикалық анемияның басты айырмашылық белгісі:
а) гемоглобин деңгейі
б) эритроциттер морфологиясы
в) Кумбс сынамасының көрсеткіштері
г) ауру адамның жасы
11. Гипопластикалық анемияға тән:
а) спленомегалия
б) панцитопения
в) ген синтезінің бұзылуы
г) түс көрсеткіші 1,0 жоғары
д) лимфоцитопения
12. Апластикалық анемияны тромбоцитопениядан ажыратудың басты екшеу-іріктеу тәсілі:
а) қанның жалпы анализі
б) трепанобиопсия
в) коагулограмма
г) УДЗ
д) сүйектер рентгенографиясы
13. Жедел лейкоздың диагнозы қойылады ? болған жағдайда:
а) тез шаршау мен дене массасының азаюына шағым
б) клиникалық синдромдар: геморрагиялық, анемиялық, сепсисті – некроздық
в) сүйек миының бласттық трансформациясы (бласттар саны 30% көп)
г) лимфа түйіндерінде Березовский-Штернберг клеткалары
д) Гумпрехт көлеңкелері
14. Созылмалы лимфолейкозға тән:
а) анемияның ең жиі себебі – темір жетіспеушілігі
б) бастапқы кезде тұрақты түрде эозинофильді – базофильді ассоциация анықталады
в) дамуында маңызды рольді тұқым қуалау бейімділігі атқарады
г) таңдамалы дәріге миелосан жатады
д) шеткі қанда эритроциттер көбейеді
15. Боткин-Гумпрехт көлеңкелері деген не?
а) талқандалған монобласттар
б) ядролық субстанцияны фагоцитоздаушы нейтрофильдер
в) талқандалған эритроциттер
г) лимфобласттар
д) лимфоциттердің талқандалған ядролары
16. Бір белгіден басқасының бәрі созылмалы миелолейкозда кездеседі:
а) лейкоциттер санының 20х109/л жоғары көтерілуі
б) тромбоцитоз
в) шеткі қанда Боткин-Гумпрехт көлеңкелерінің болуы
г) спленомегалия
д) Рһ – хромосома
17. Миелофиброзға тән белгі:
а) лимфоаденопатия
б) геморрагиялық синдром
в) гепатомегалия
г) ауқымды спленомегалия
д) қызба мен қалтырап тоңу
18. Келтірілген аурулардың біреуінен басқасы симптоматикалық эритроцитоздың себебі бола алады:
а) өкпе эмфиземасы
б) жүректің туа болған ақаулары
в) гипернефрома
г) бүйрек артериясының стенозы
д) жедел пневмония
19. Келтірілген тексеру әдістерінің біреуінен басқасы эритремия диагнозын дәлдеу үшін қолданылады:
а) қанның оттегімен қанығуы
б) гематокрит
в) эритропоэтиндер өндіру
г) гемокоагуляция көрсеткіштері
д) мықын сүйегінің трепанобиопсиясы
20. Вальденстрем ауруының миелома ауруынан өзгешелігі:
а) В-лимфоциттердің бастама клеткаларының зақымдануы
б) қан тұтқырлығының күшею синдромы
в) нормохромды анемия
г) ісік клеткаларының JgM (макроглобулиндердің) синтездеуі
д) лейкоцитоз
21. Лимфогранулематозға тән белгі:
а) лейкопения
б) солға ығысу
в) Боткин-Гумпрехт клеткалары
г) Березовский-Штернберг клеткалары
д) тромбоцитоз
22. Бір белгіден басқасы агранулоцитозда байқалады:
а) қызба
б) жұтқыншақтың жаралы – некрозды зақымдануы
в) тромбоцитопения
г) жайылмалы геморрагиялық бөртпе
д) септицемия
23. Гемофилияға тән белгі:
а) фибриногеннің азаюы
б) қан ағу уақытының ұзаруы
в) қан ұю уақытының ұзаруы
г) протромбин көрсеткішінің төмендеуі
д) қан ұйығы ретракциясының бұзылуы
24. Урокиназаның фибринолиздік әсерінің механизмі:
а) плазминогенді белсендіреді
б) фибриноген өндірісін тежейді
в) протромбин комплексі белоктарын өндіруді тежейді
г) фибриноген ыдырауын күшейтеді
д) тромбоцит санын азайтады
25. А типті гемофилиядағы қансырағыштың механизмі:
а) гипофибриногенемия
б) тромбоцитопатия
в) қан ұюдың VIII факторының жетіспеушілігі
г) антитромбин – ІІІ мөлшерінің көбеюі
д) плазминогеннің көбеюі
26. Гиперкоагуляция сатысында ТСҚҰ – синдромын емдеудің таңдамалы препараты:
а) антибиотик
б) аспирин
в) гепарин
г) БҚҚП
д) антигистаминдік препарат
27. ТСҚҰ – синдромын емдеуде қолданылатын трансфузиялық ем:
а) жаңа қатырылған плазманы құю
б) жас қан
в) эритроциттер массасы
г) антигемофильдік немесе нативті плазма
д) консервіленген қан
28. Гемофилияның ең басты екшеу-іріктеу белгісі:
а) гемоглобин деңгейі
б) гематокрит деңгейі
в) тромбоциттер саны
г) қан ұюдың VIII, ІХ, ХІ, ХІІ плазмалық факторларының деңгейі
д) эритроциттер морфологиясы
29. В12-жетіспеушілік қаназдық диагнозын қою үшін анықтау керек:
а) гиперхромды, гипорегенерациялы, макроцитарлық анемияны
б) гиперхромды, гипорегенерациялы, макроцитарлы анемия мен атрофиялық гастритті
в) гиперхромды, гипорегенерациялы, макроцитарлы анемия мен эритроциттерде Жолли денешіктері мен Кебот сақиналарын
г) гиперхромды, гипорегенерациялы, макроцитарлы анемия мен қан түзудің мегало-бласттық типін
30. Нысана тәрізді эритроциттер кездеседі:
а) теміржетіспеушілік қаназдықта
б) сидероахрестиялық қаназдықта
в) талассемияда
г) қолорақ клеткалы қаназдықта
д) тұқым қуалайтын сфероцитозда
31. Талассемияны емдеуде қолданады:
а) десферал
б) гемотрансфузия емі
в) темір препараттарымен емдеу
г) фолий қышқылы
32. Сүйек миы пунктатының қандай клеткалары миелома ауруына тән:
а) миелобласттар
б) жетілген алып лейкоциттер
в) плазматикалық клеткалар
г) лимфоциттер
д) плазмобласттар
33. Жедел лейкоз туралы күдік туғанда орындау керек:
а) лимфа түйіндерінің биопсиясын
б) төс пункциясын
в) талақ пункциясын
г) ретикулоциттерді санау
д) лейкоформуланы есептеу
34. Лейкоздарды жедел және созылмалы лейкозға бөлу негізін құрайды:
а) аурудың даму барысы
б) ауру адамның жасы
в) қалыпты қан түзілу өркіндерінің тежелу дәрежесі
г) қан түзу тіні элементтерінің анаплазия дәрежесі
д) ЭТЖ өсу дәрежесі
35. Геморрагиялық васкулитке (Шенлейн-Генох ауруына) тән:
а) аурудың болған стрептококктік немесе вирустық инфекциядан кейін дамитыны
б) антитромбоцитарлық антиденелердің болуы
в) аралас криоглобулинемиялы даму, ревматоидтық фактордың, салқындық есекжемесінің және Квинке ісігінің, Рейно синдромының қоса дамуы
г) артериялық және веналық тромбоздардың дамуы, тромбоцитопения, жалған оң мәнді Вассерман реакциясы, ДНҚ-ка антиденелердің түзілуі
д) А және В дұрыс
36. Жедел лейкоздың емінің құрамына кіреді:
а) ремиссияны индукциялау шаралары
б) қол жеткен ремиссияны консолидациялау шаралары
в) үздіксіз сүйемел ем
г) реиндукциялық ем курстары
д) келтірілгеннің бәрі
37. Лейкоздар классификациясы негізделген:
а) аурудың клиникалық көрінісіне
б) анамнез мәліметтеріне
в) аурудың клеткалық субстратының жетілу дәрежесіне
г) науқастың өмірінің ұзақтығына
д) емнің тиімділігіне
38. Біреуінен басқасы сепсис симптомдарына жатады:
а) диарея
б) қызба
в) қалтырап тоңу
г) гепатолиенальді синдром
д) бөртпелер
39. Гемотрансфузияның қауіптілігі:
а) ТСҚҰ – синдромының дамуы
б) В гепатитінің вирусын жұқтыру
в) С гепатитінің вирусын жұқтыру
г) ЖИТС ауыру
д) келтірілгеннің бәрі
40. Жедел постгеморрагиялық анемия белгісі:
а) анемияның гиперхромды сипаты
б) эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы
в) гипербилирубинемия
г) макроцитоз
д) ретикулоцитоз
41. Қансырағыштықтың гематомалық түрі кездеседі:
а) тромбоцитопенияда
б) тромбоцитопатияда
в) геморрагиялық васкулитте (Шенлейн-Генох ауруында)
г) Рандью-Ослер ауруында (телеангиэктазияда)
д) гемофилияда
42. Ауқымды жедел қан кетудің тудыратын қаупінің негізі неде?
а) мидың гипоксиясында
б) көп сұйықтық жоғалтуда
в) артериялық қан қысымының түсіп кетуінде
г) анемиялық комада
д) келтірілгеннің бәрі
43. Қансырағыштықтың васкулярлы-пурпуралы типі кездеседі:
а) гемофилияда
б) Виллебранд ауруында
в) аутоиммунды тромбоцитопенияда
г) геморрагиялық васкулитте (Шенлейн-Генох ауруында)
Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:
А – 1, 2, 3 дұрыс болса
Б – 1, 3 дұрыс болса
В – 2, 4 дұрыс болса
Г – 4 дұрыс болса
Д - бәрі дұрыс болса
44. Теміржетіспеушілік қаназдықтың клиникалық белгілері:
1. дәмнің бұрмалануы
2. дисфагия
3. тырнақтардың көлденең жолақтануы және сынғыштығы
4. фуникулярлық миелоз
45. Сидеропениялық синдром белгілері:
1. ангулярлық стоматит (ауыздық)
2. дәмнің бұрмалануы
3. глоссит
4. гепатомегалия
46. В12-жетіспеушілік анемия емінің тиімділігінің критерийлері:
1. емнің 5-6 күні ретикулоциттік криздің болуы
2. трансферриннің темірмен қанығу пайызының көбеюі
3. мегалобласттық қан түзілудің нормобласттық қан түзілуіне көшуі
4. түс көрсеткішінің көбеюі
47. Панцитопения кездеседі:
1. апластикалық анемияда
2. бауырдың портальдық циррозында
3. В12-жетіспеушілік анемияда
4. теміржетіспеушілік анемияда
48. Созылмалы лимфолейкозда қолданылатын ем шараларының комплексі:
1. цитостатикалық ем
2. аутоиммундық асқынуларды емдеу
3. инфекциялық асқынуларды емдеу
4. иммунитетті түзеу емі
49. Эритремияда болатын плетора синдромына тән:
1. бас айналуы, құлақтың шулауы
2. қан қысымының көтерілуі
3. лейкоцитоз, тромбоцитоз
4. саусақ ұштарының күйдіріп ауыруы, эритроцитоз, гематокриттің өсуі
50. Эритремияның асқынулары:
1. ишемиялық инсульт
2. асқазан қабырғасының эрозиясы
3. башпайлардың гангренасы
4. ортан жілік басының некрозы
51. Миелома ауруында белок алмасуының бұзылуына тән:
1. миеломды нефропатия
2. қанда парапротеиндер болуы
3. геморрагиялық диатез
4. сүйек миының миелоклеткалық метаплазиясы
52. Гемофилияда байқалады:
1. қан ұйығы ретракциясының бұзылуы
2. қан ағу уақытының ұзаруы
3. гипопротромбинемия
4. ЖАТУ көбеюі
53. Апластикалық анемияны емдеу әдістері:
1. сүйек миының трансплантациясы
2. спленэктомия
3. иммунодепрессанттар
4. анаболикалық стероидтар
54. Апластикалық анемияда болатын қан өзгерістері:
1. төс пунктатында миелокариоциттер мен мегакариоциттер санының күрт төмендеуі
2. панцитопения
3. лимфоцитоз, төс пунктатында плазматикалық және мес клеткаларының көбеюі
4. мықын сүйегінің трепанобиоптатында қан түзу тінінің май тінімен алмасуы
55. Темір препараттары тағайындалады:
1. ұзақ, 2-3 ай бойы
2. аскорбин қышқылымен қосып беріледі
3. ауыз арқылы қабылдауға көңіл аудару керек
4. парентеральды егуге көңіл аудару керек
56. Филадельфиялық хромосома:
1. хромосомның 22-ші жұбының ұзын иығының жоғалуы
2. тек гранулоциттер қатарына жататын клеткаларда анықталады
3. мегакариоцитарлық өркіннің ізашар клеткаларында анықталады
4. аурудың міндетті белгісі
57. Созылмалы лимфолейкоз:
1. әр уақытта қатерсіз дамуымен сипатталады
2. шеткі қанда лейкоцитоз бен лимфоцитоз анықталады
3. бала жаста кездеседі
4. төс пунктатында лимфоциттер 30% көп
58. Несептің қара түсі қай аурудың белгісі:
1. Маркиафава-Микели ауруы
2. аутоиммундық гемолитикалық анемияның гемолизиндік түрі
3. марш гемоглобинуриясы
4. тұқым қуатын сфероцитоз